Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
Жоспар
1 ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы 3
2 Қазақстанда қалыптасқан топырақ экологиясы 5
3 Өсімдік – жер шарының «өкпесі» 7
4 Қазақстанда қалыптасқан жануарлар экологиясы 9
5 Қазақстан аумағындағы полигондар 12
6 Арал теңізінің экологиялық ахуалы 15
7 Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі 18
8 Каспий теңізінің экологиялық ахуалы 21
9 Қалаларда кездесетін экологиялық жағдайлар 24
10 Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері 26
11 Қазақстанда экологиялық жағдайлардың туындау себептері 29
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер 32
1 ХХ ғасырда жаңа жағдайлардың қалыптасуы
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
2 Қазақстанда қалыптасқан топырақ экологиясы
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км². Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деграцияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60 проценті шөлге айналған.
3 Өсімдік – жер шарының «өкпесі»
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі таралмаған.
4 Қазақстанда қалыптасқан жануарлар экологиясы
Жануарлар – табиғат туындысы. Өсімдіктер тәрізді жануарлар дүниесінің де маңызы зор. Жануарлардың ерекшелігі – олар жер шарында қозғалып, кең таралады. Дүние жүзінде жан- жануалардың 1,5 млн түрі бар. Бірақ жыл сайын ғылымға жаңа түрлері белгілі болып отыр. Жануарлардың тіршілік үшін қызметі сан алуан. Оларды адам баласы қолға үйретіп, өзінің материалдық игілігі үшін пайдаланып келеді. Жануарлардың жүні, терісі, еті, сүті өте бағалы. Адам баласы ерте кезден бастап-ақ жабайы аң мен құстарды қолға үйреткен.
5 Қазақстан аумағындағы полигондар
Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн га жері 40 жыл бойы ядролық сынықтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді.
6 Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі-1066 км², тереңдігі-30-60 метр, тұзддылығы-10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы байлықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, таңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт, 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
7 Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі
Балқаш көлін кім және қай кезде ашқандығын анықтау өте қиын. Өйткені, оның аталуы ежелгі карталарда кездеседі. Балқаш көлі жөнінде Орта және Оңтүстік-Шығыс Азияда, сонымен бірге Монғолияда ерте заманда белгілі болған. Ал Ресейдің географиялық картасында тек 1697 жылы белгіленді. Ол Семен Ремезовтың «Чертеже земли всей безводной и малопроходимой каменной степи» атты еңбегінде құрастырылған. Құрастыру барысында ол орыс көпестері мен елшілерінің әңгімелеріне сүйенген.
8 Каспий теңізінің экологиялық ахуалы
Каспий теңізі – жер шарындағы бірден-бір тұйық су айдыны. Оның көлемі-380 мың км². Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік –шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Каспий теңізі Еуропа мен Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан.
9 Қалаларда кездесетін экологиялық жағдайлар
Ірі қалаларда халықтың саны еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабикалардың салыну қажеттілігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда.
10 Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері
Қазақстан Республикасы 2717 мың шаршы км аумақты иемденіп жатыр. Қазақстанда – 14 облыс, 84 қала және 210 қала типтес елді мекендер бар. Алдын ала болжамдар бойынша, алдымыздағы ғасыр соңына қарай халықтың ¾ бөлігі өнеркәсіп орындары шоғырландырылған қалалар мен қала типтес орталықтарда, ал дамып келе жатқан елдерде, олардың жартысына жуығы қалаларды мекендейтін болады.
11 Қазақстанда экологиялық жағдайлардың туындау себептері
Қазақстанда қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлардың туындау себептері:
• Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы – табиғи ресурстар қорының азаюымен қатар олардың тозуы, ластануы, экологиялық жағдайдың шиеленісуімен қатар жүруде. Дамудың жаңа сатысы: ҒТП негізіндегі жоғары технологияға ауысуы, табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Оның өзі өз кезегінде мемелекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты қалыптастырады.
Қорытынды
Экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған аса маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралмен қаруланған адамның жер шарын аз уақытта айналып өтуі де, құрта салуы да оп-оңай. Сондықтан әлем халықтары ел тағдырларын экологиямен байланыстырып, экологиялық апатқа қарсы тұруы қажет. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикада шешуін күтіп тұрған мәселе. Сырт қарағанда, оңай көрінгенмен бұл мәселені шешудің күрделілігін де түсінуге болады. Ол үшін адамның менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек. Табиғат пен адамның арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Бізде бүгінгі экологиялық дағдарысқа ғылыми-техникалық өрлеу кінәлі, қазіргі даму жағдайларында ол болмай тұрмайды деген бір жақты пікір қалыптасқан. Ғылым жетістіктері табиғатқа зиян келтіруге арналмаған ғой. Сонымен бірге ол қоршаған ортаны қорғаудың да, қалпына келтірудің де тәсілдерін ашты.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Авторы: Сағынбаев.Ғ.Қ. «Экология негіздері» Алматы 1995 жыл.
2. Авторы: Бейсенова.Ә; Самақанова.А.
«Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Алматы 2004 жыл.
3. Авторы: Жаттамбаев.Ж.Ж. «Экология негіздері» Алматы 2004 жыл.
4. Авторы: Асқарова.О.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау»
Алматы 2004 жыл.
5. Авторы: Хаскин.В.В. «Экология» Москва 1998 жыл.
6. «Экологическое оброзование в Казакстане» №6 ноябрь-декабрь 2005. Л.Т.Малаева.