Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Коммерциялық және банктік несие


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫК БАНКТЕРДІҢ РОЛІ 5
1.1 Несиелік тәуекелді басқару 5
1.2 Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуы 8
ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУЫ 13
2.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді басқару және бағалау 13
2.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі 18
2.3 Қарыз алушының тәуекелге бел бууы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

КІРІСПЕ
Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады. Несие қызметін табысты реформалау барынша тұрақты несие жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Кейінгі жылдары несие банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде бұл көп жағдайда экономиканы несиелеу жөнінде қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі Ипотекалық несиелеу болды. Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруді қаражат қорларын көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады.
Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.
Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жағару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай.
Осы курс жұмысы «Коммерциялық және банктік несие» - атты тақырыбында мен мынадай негізгі аспектілеріне тоқталайын. Негізгі бөлім – несие нарығының қалыптасуы және дамуы, ал екінші бапта – Қазақстандағы несие нарығындағы коммерциялық банктердің рөлі – деген басты бөлімдеріне шолу жасаймын. Қорытындысында – осы жұмыстың негізгі нәтижесіне тоқталамын. Осыдан басқа осы курстық жұмысты жазуға қолданылған әдебиеттер қарастырылады. Бұл тақырыпта Қазақстан Республикасының несие нарығындағы коммерциялық банктердің қызметі, оның несиелік қызметі туралы егжей-тегжейлі мағлұмат бүкіл несие нарығын қамтиды. Бұл тақырыпта зерттелетіні - Қазақстан Республикасының несие нарығының мәні мен маңызы, ал зерттеу мақсаты – республикадағы несие нарығының қалыптасуы мен дамуын оқып білу.

І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ НАРЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫК БАНКТЕРДІҢ РОЛІ
1.1 Несиелік тәуекелді басқару
Банк тәуекелін басқаруда елеулі роль атқаратын басқару түрі - несиелік тәуекел болып табылады.
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел— қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

1.2 Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуы
Осы заманғы мемлекеттік тұрғын үй саясаты халықтың әлеуеттік көмекке мұқтаж бөлігінің қажеттіліктеріне бағдарланған бұрынғысымен қатар орташа табысы бар және тегін жекешелендірудің нәтижесінде өз меншігіне айналдарып алған бас панасы бар халықтың негізгі бөлігінің тұрғын үй мәселесін шешуге жаңа екпін түсіріп отыр.
Халықтың осы бөлігінің мәселелерін шешудің негізгі тәсіліне ұзақ мерзімді ипотекалық тұрғын үй несиесі жатады. Алайда, халық табысының аздығын, қаржы нарығында пайыздың мөлшерлемелердің жоғары болуын, тұрғын үй нарығының дамымағандығын және құрылыс бағасының жоғары деңгейден түспеуін ескермегенде ипотека механизімінің көмегімен шешілуі тиіс басқа да мәселелер көп.

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІ БАҒАЛАУЫ
2.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді басқару және бағалау
Жалпы банк табысты берген несиесіне байланысты: оның сапасы, қайтарылымдылық деңгейі, т.б. Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекелді неғұрлым төмендету несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.
Несиелік тәуекел – қарызгердің несиелік келісіміндегі мерзім мен жағдайларға сәйкес кредиторға деген өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы, яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Банк тәжірибесінде несиелендірумен байланысты несиелік тәуекелдің пайда болу себептері мен проблемаларына тоқталайық:

1- сурет Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері
Тәукелді басқару кезінде әрбір несиелік бөлім мына шараларды жүргізуі тиіс:
1. тәуекелді мөлшерлеу;
2. тәуекел мөлшерін анықтау;
3. Тәуекелді бақылау;
4. Мониторинг;
Тәуекелді мөлшерлеу – лимиттер белгілеу, яғни банк жетекшілігінің өз стратегиясына сәйкес қабылдайтын тәуекелдің шекті деңгейін анықтау. Бұл лимиттер көбіне банктің несиелік саясатында көрсетіледі. Несиелік саясат банктің барлық қызметін ашық көрсетеді. Сондықтан несиелік саясатта несиелік портфель несиені саралаудан, несиеге баға белгілеуден, тәуекелді ескере отырып проценттік ставкалардан қалыптасады.
Тәуекел мөлшерін анықтау нақты оепрцияның тәуекел мөлшерін есептеуге негізделеді ( бір қарыз алушының несиелік қабілеті ).

2.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі
Шет елде клиенттердердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма «Дан энд Брэд форд» 3 млн жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтықанықтамаларда жариялайды.
Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстсың банкирлеріне мынадай қарытынды жасауға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банктердің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне 67% - ішкі факторлар, ал 33%-ы сыртқы фаторлар үлесі тиеді.
(3-кесте)
Несиелеу барысындағы банктің зиян шегуіне әкелетін факторлар

2.3 Қарыз алушының тәуекелге бел бууы
Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және оларды алдағы уақыттардағы өзгеру переспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.
Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруының үш көзі болады:

ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда айтып кеткендейкез-келген елде несие жүйесін ұйымдастыру басты және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біздің еліміздің несие жүйесін дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып жасауда. Оған дәлел ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір шектеулі сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар. Терең экономикалық өзгерістер әлемдік қауымдастыққа ену мемлекеттің несие жүйесін сәйкес түрде өзгертті.