«Алаш» идеясы және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ сахарасында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез қазақ халқы тарихындағы ең бір талмау тұстардың бірі болатын.
Біздіңше, бұл жазудың ең басты екі маңызын айта кеткен жөн сияқты: біріншіден, бүкіл қазақтың басын ұйыстырып, ұлттық жазу жүйесі бойынша жаппай сауат ашу шарасы жүргізілді. Осы арқылы ұлттық сана мен ұлттық мәдениетіміз арналы даму жолына түсті деп айта аламыз. Екіншіден, дендеп еніп бара жатқан орыстану саясатына кедергі қойылды. Осыдан былай қарай орыс тілінде, орыс әрпімен оқытылып келген мектептердің бәрінде өзіміздің ұлттық төл жазуымыз бел ала бастайды. Алайда Кеңес үкіметінің орнауы, Алаш ардагерлерінің шетінен қуғын-сүргінге ұшырап, атылып, айдалуы – Алаш идеясының толық іске асуына мүмкіндік бермеді. Дегенмен, Ахаң негізін қалап, қалыптастырған қазақ жазуы, қазақ тілінің ғылыми жүйесі сол арнамен өсіп, өрістеді.
Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.