Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Полный просмотр работы

Бухгалтерлік есеп принциптері

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді.

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады.

Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
- қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет;
- ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
- ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті мәлімет;
- басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.

Түсініктілік принципі
Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет. Дегенмен де түсініктілік принципі ақпараттық мәліметтерді жәй қарапайым адамдардың, кәсіпқой емес тұлғалардың пайдалануы үшін сапасын төмендету деген түсінікке сай емес. Сонымен қатар осы мақсат үшін оны қаржылық есептен алып тастауға болмайды. Ақпаратты пайдаланушы тұлғалар бұл мәліметтерді түсіну үшін алдын ала кеңес алулары қажет.
Маңыздылық принципі
Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуы мен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
- алдағы уақыттағы экономикалық жағдайды болжау үшін;
- бұрын жасалынған болжамдардың барысында алынған нәтиженің дұрыстығын анықтау үшін.

Дәйектілік принципі
Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңін басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.

Қолданылған әдебиеттер
1. ҚР-ның “Бухгалтерлік есеп және қаржы есебі” туралы заңы. 24. 06. 2002.
2. ҚР-ның Қаржы министрлігінің 18. 09. 2002 жылғы №438 бұйрығымен (ҚР Қаржы министрлігінің өзгертулер енгізілген 21.10.2003 жылғы № 372 бұйрығымен) бекітілген Бухгалтерлік есеп типтік шот жоспары.
3. Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003г.). – А. : Ержанов и К, 2003.
4. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии.- А. : Центраудит- Казахстан 2002.
5. Международные стандарты финансовой отчетности КМСФО/Пер. В.И. Тарусина/Ред. коллегия: А.С. Бакаев, Л.В. Горбатова, Т.Б. Крылов и др. – М., 1998.
6. Баймұханова С. Б., Балапанова Ә. Ж. Бухгалтерлік есеп.-А. : Қазақ университеті, 2002.
7. Баймұханова С.Б. Бухгалтерский учет хозяйствующих субьектов. – А. : Ценные бумаги, 2002.