«THE BEST» акционерлік қоғамның шаруашылық қызметін талдау
Жоспар
Кіріспе 3
1 Акционерлік қоңдардың дамуы мен тиімділігін артырудың теориялық аспектілері 5
1.1 Акционерлік қоғамдардың ұғымы және қызмет ету негіздері 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамның даму кезендері 9
2 «THE BEST» акционерлік қоғамның шаруашылық қызметін талдау 11
2.1 «THE ВЕST» Акционер қоғамның жұмыс істеу жолы мен қысқаша технико-экономикалық мінездемесі 11
2.2 «THE BEST» кәсіпорынның өз өнімдеріне қойған салыстырмалы бағасы 15
3 Қазақстан республикасының Акционерлік қоғамның тиімділігін артыру жолдары 20
3.1 «THE BEST» кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға арналған іс-шара 20
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24
Кіріспе
Қазақстан өзінің нысаналы дамуын «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімдік Стратегиясына сәйкес іске асырып келеді.
Ендігі жерде күн тәртібіне әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі туралы, біздің экономикамыздың бәсекеге қабілетті туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесшілердің, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабілетті туралы болып отыр.
Бұл міндетті шешу үшін біздің экономикалық ,сондай-ақ ,әлеуметтік салаларда да Еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісуміз керек.»
Енді курстық жұмысты бастаудың алдында мен сіздерді қысқаша таныстырамын Мен жалпы курстық жұмысым Акционерлік қоғам туралы.Бірінші тарауым АҚ-дың дамуы мен тиімділігін артырудың теориялық аспектілері жайында .Екінші бөлімінде ҚазақстанРеспубликасының акционерлік кәсіпорындарның жағдайы туралы. Ал үшіншісінде олардың тиімділігін артыру жолдары.
Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканың негіздерін құрудың маңызды шарттарының бірі акционерлік қатынастардың дамуы болып табылады. Олар шетел капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделеген шаруашылық құрылымдар мен бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып-сату мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қатынастар акционерлердің басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды демократияландырады. Акционерлік қатынастардың әлеуметтік бөлігі меншік иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру шарттарының бірі болып табылады.
1 Акционерлік қоңдардың дамуы мен тиімділігін артырудың теориялық аспектілері
1.1 Акционерлік қоғамдардың ұғымы және қызмет ету негіздері
Акционерлік қоғам ұғымы.
1. Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі-қоғам )болып танылады.
2. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді .Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиескелі барлық мүлікпен жауапты болады.
1.2 Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамның даму кезендері
Ең алғашқы акционерлік қоғамдар біздің елде 15.12.1990 жылы «Меншік туралы» және 13.02.1991 жылғы «Қазақ ССР-індегі кәсіпорындар туралы» Заңдарды жүзеге асырумен пайда болды. Ал одан кейінгі қабылданған 26.06.1991 жылғы «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» және 22.06.1991 жылғы «Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы» Қазақ ССР-інің Заңдарын ресми түрде бекітіп, акционерлік қоғамдар мен бағалы қағаздар түсініктеріне заңды түрде анықтама беріліп, мемлекеттік кәсіпорындарды республика үшін жаңа шаруашылық жүргізуші субъекті формасына түрлендіру реті мен мерзімі анықталды [13. 74 б.]. Яғни, акционерлік қоғамдар ең алғаш бізде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің бір түрі – акционерлендіру негізінде пайда болды. Жекешелендірудің негізгі мақсаттары:
Рентабельділігі төмен және тиімсіз мемлекеттік кәсіпорындарды субсидиялау мен дотациялау негізінде пайда болған бюджет дифицитін азайту;
Кәсіпорынның экономикалық тиімділігін көтеру және сол арқылы Ұлттық экономиканың тиімділігін өсіру болып табылады.
Бірақ, постсоциалистік елдердегі жекешелендіру ерекшелігіне оның, ең алдымен, экономикалық жүйенің сипатын өзгертуге бағытталуы және рыноктық қатынастарды қалыптастырудың алғышарты болып табылатындықтан, еліміздегі жекешелендірудің, соның ішінде, оның негізгі формаларының бірі – акционерлендіру процесін жүзеге асыруда бірқатар ерекшеліктер орын алды.
2 «THE BEST» акционерлік қоғамның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «THE ВЕST» Акционер қоғамның жұмыс істеу жолы мен қысқаша технико-экономикалық мінездемесі
Соғыс жылдары Алматы қаласына көшірілген Москва және Харьков кондитер мекемелері негізінде құрылған Алматы кондитер фабрикасы ең алғашқы өнімін 1942 жылы шығарды. Қазіргі уақытта «THE BEST» ААҚ-нда техникалық мүмкіншіліктері бүгінгі салалық ғылымдар мен техникалардың даму дәрежесіне сәйкес келетін тәтті тағам өндірісінің барлық дәстүрлік технологиялары бар.
Кәсіпорында 2200 адам өнімді еңбек етуде. Өндірістік күштердің жыл сайын 65000 тонна кондитер өнімдерін шығаратын мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта кәсіпорында: бисквит, карамель, ирис, шоколад, кәмпит, зефир шығаратын 6 цех жұмыс істеуде.
Фабриканың зертханасы шикізаттың және өндірудің барлық сатысында өнімнің сапасына бақылау жасап отырады.
3 Қазақстан республикасының Акционерлік қоғамның тиімділігін артыру жолдары
3.1 «THE BEST» кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға арналған іс-шара
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту іс-шара-матрица. Бұл қаржы жағынан бақылайтын стратегия.Соны сіздеріңіздің алдыңызға ұсынамын.
РХД=ПР+∆ЗЗ+∆ДЗ-∆КЗ-И+ПИ,
Мұнда:
Қорытынды
Алғашқыда АҚ-дар бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектісі ретінде бағалы қағаздар нарығының қызмет етуіне әсер етеді деп болжанған, бірақ шындығында бағалы қағаздар нарығына қатысуда акционерлік қоғамдардың көп бөлігі, ең жақсы дегеннің өзінде, тек қана акция эмиссиясын тіркеумен ғана шектеледі. Сонымен қатар, кейбір акционерлік қоғамдар тіптен акция эмиссиясының мемлекеттік тіркеу құжаттарын да көрсетпеген. Акцияны шығару мен орналастыру қорытындысы бойынша есеп беруін де жарияламаған.
Курс жұмысын жазу барысында тәжірибемде өткен «THE BEST» АҚ-ның мәліметтері қолданылған. Фабриканың зертханасы шикізаттың және өндірудің барлық сатысында өнімнің сапасына бақылау жасап отырады.
Салқын тасымалдауыштарды экологиялық қауіпсіз салқын тасымалдауыштарға ауыстыру арқылы салқындату жүйесі жетілдірілді. Өндірісті автоматандыру деңгейі де тұрақты дамуда. Қолданыстағы механизмдердің 100-ден астамы күрделі жөндеуден өткізілді. Осының бәрі цехтар бір қалыпты жұмыс істеуін, технологиялық процестердің параметрлерінің қатаң сақталуын, цехтардың бар қуатын күшейтуді, қазіргі заман технологияларын қолдануды қамтамасыз етеді.