Ақсу-Жабағылы қорығы
Кең-байтақ Қазақ жерінде он қорық бар. Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғал¬жын, Марқакөл, Науырзым, Үстірт. Қайран Қазақстаныңызда он ұлттық парк бар. Алтынемел, Баянауыл, Бурабай, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Көк¬шетау, Шарын, Сайрам-Өгем, Көлсай көл¬дері. Бұларға қоса үш табиғи резерв (қор) құ¬рылған. Олар Ертіс орманы, Семей орма¬ны және Ырғыз-Торғай орманы
Сәуіріңіз тәуірлеу тұрпат танытса, қызғалдақ мұнда тоғызына таман гүлдейді. Иә-иә, тұп-тура тоғызыншы сәуіріңізде қызғалдақтың шанақтары қақ-қақ жарылар. Сепкілденген жапырақтарынан мөлдір моншақ мәнзелдес тұп-тұнық, тап-таза тамшылар сәулелене сырғанар. Қызғалдақ¬ты Тәңіртаудың қазақтары Ақсу-Жабағы¬лының алқызылы деп те атаған. Атам
Қызғалдақ пен сарғалдақ десе, алпауыт, алып мемлекеттер, шат-шадыман шаһарлар тұрғындарының, бүгінгі өркениетті, мәдениетті есептелер адамдардың ойларына бірден Еуропа елдері, оның ішінде Голландия оралары аян. Ондайларға оян дей алмайсыз. Ақсу-Жабағылыны
Қорық қызметкерлерінің арасында атқарар жұмыстарына қарай ағылшын тілін меңгергендер баршылық. Экологиялық он бағыт бойынша үш соқпақпен саяхат жасалады. Көбінесе жаяу. Атпен жүретін арнайы бағдарлар белгіленген. Темір көлік бағыттары да тәптіштелген. Туристік бағытпен келген қанша адам болсын, тіпті жалғыз жетсе де, жанына экскурсиялық жетекші-нұсқаушы ілеседі. Шетелдік туристер, әсіресе, Ақсу каньонына көбірек қызығады. Табиғи күйінде сақталған тауды, Ақсудың арналарын, Жабағылы жықпылда¬рын, көбелектер мен құстарды, арша мен қызғалдақты, гүлдер мен өзге де ағаштарды таңырқай тамашалап: “Фантастиш!” деп