Жалпы тепе-теңдік моделі
Жоспар
1. Тауарлар мен қызметтер көрсету нарығындағы тепе-теңдік 3
2. Қаржы нарығындағы тепе-теңдік 4
3. Бюджет-салық саясатының қаражат деңгейіне әсері 6
4. Инвестициялық сұраныстың өзгеруі 7
Қолданылатын әдебиеттер 8
1. Тауарлар мен қызметтер көрсету нарығындағы тепе-теңдік
Экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтерге сұраныс тұтыну, инвестициялар және мемлекеттік сатып алулар түрінде көрінеді:
Y = C + I + G
Тұтыну қолда бар табысқа, инвестиция нақты процент нарқына байланысты, ал мемлекеттік сатып алулар мен салықтар бюджет-салық саясатына байланысты.
C = C (Y - T)
Тауарлар мен қызметтерге ұсынысқа келсек, өндіріс факторлары мен өндірістік функция өнім шығару көлемін анықтайды.
2. Қаржы нарығындағы тепе-теңдік
Қаржы нарығын зерттеу үшін жоғарыдағы теңдеуді мынадай түрде жазамыз:
I = Y - C + G
Бұл теңдеу тұтынушылар мен үкіметтің сұранысы қанағаттандырылғаннан кейін қалған өндірілген өнімнің бір бөлігі. Ол ұлттық қаражат жинақтау деп аталады.
Ұлттық қаражат жинақтауды үй шаруашылығының қаражат жинақтауы мен үкіметтің қаражат жинақтауын бөліп көрсету үшін оны екіге бөлеміз:
(Y – Т - С) + ( Т – G) = I
Қаржы нарығындағы теңдестіктегі процент нарқының ролін ұғыну үшін тұтыну функциясы мен инвестиция функциясы амалдарын негізгі теңдеуге қоямыз:
3. Бюджет-салық саясатының қаражат деңгейіне әсері
Бюджет-салық саясаты экономикада өндірілетін тауарлар мен қызметтерге әсер етеді. Сонымен бірге ол ұлттық қаражат жинақтауға, инвестиция мен тепе-теңдік процент нақына әсер етеді. Мысалы, мемлекеттік сатып алулар ∆G өседі. Таурлар мен қызметтерге сұраныс ∆G мөлшерінде өседі. Қолда бар өндіріс факторлары деңгейінде өнім көлемі тұрақты болғандықтан, мемлекеттік сатып алулар көлемі сұраныстың қандай да бір элементінің өзгеруіне байланысты қалыптасады. Қолда бар табыс өзгермейтін болғандықтан, тұтыну да өзгеріссіз қалады. Мемлекеттік сатып алулар көлемі сондықтан инвестицияға байланысты өзгеруі мүмкін.
Мемлекеттік сатып алулар көлемінің өсуі инвестиция көлемін азайтады, сондықтан процент нарқы да өсуі қажет. Бұл жағдайда инвестиция мемлекеттік шығындарды ығыстырды (вытеснение) деп айтады.
4. Инвестициялық сұраныстың өзгеруі
Инвестициялық сұраныстың өсуіне әсер етуші фактордың бірі – технологиялық жаңашылдықтар. Инновациялық жаңалықтарды фирмалар сатып алу арқылы, инвестициялық сұранымын өсіреді.
Келесі әсер етуші фактор – мемлекет салық заңдылығы тетігін пайдалана отырып, инвестицияны жандандырады немесе тежейді.Мысалы жаңа технологиялар ендірумен айналысатын кәсіпорындарға салық жеңілдіктері беріледі, бұл сол кәсіпорындардың инвестициялық сұранысын өсіреді.
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Грегор Мэнкью. Макроэкономика. М. МГУ, 1994
2. Мамыров Н.К. Тлеужанова М.А. Макроэкономика. Алматы. Экономика, 2003
3. Долан Э.Дж., и др. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. М.,1994.
4. Долан Э.Дж., Линдсей Д.Е.Макроэкономика. С-Пб.,1994.
5. Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика. Дело, 1997