Мақал – мәтелдері
Көп түкірсе - көл болар,
Көп біріксе – ел болар.
***
Көп тілесе алар,
Күн бұлттанса жауар.
***
Көп дауыс қосылса,
Бір дауысты жоқ қылады.
Ел көркі – мал,
Өзен көркі – тал.
***
Көш басшысы жоқ ел оңбайды,
Құралай бастаған киік оңбайды.
Есеп білмеген есек.
***
Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.