Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Инвестициялық саясат.


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ 4
2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЛЫҚ САЯСАТЫ 7
3 ТІКЕЛЕЙ ШЕТ ЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ 12
4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БӨЛІНУІ 14
ҚОРЫТЫНДЫ 19
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20

КІРІСПЕ

Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатымен кәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ

Бүгіндері дүние осыдан жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда, танымастай өзгерген. Жетпісінші жылдырдың бас кезінде компьюторлық жүйе орталықтан пайдаланылатын ірі көлемді есептеу машинасының бір түрі ғана болып көрінетін. Онда электромагнитті бобиналар, факсмашиналар, оптикалық талшықтар, балауызды телефондар, видеомагнитафондар мен қолға ұстап жүретін шағын стереожүйелердің ешқайсысы да болмайтын.
Бұрын шет елдің қаржы салушыларын инвестор қабылдай қоймайтындар, енді оларды құшақ жая қарсы алатынды шығарды. Басқаны қойғанда, өзін өзгелерден бөлектеу ұстайтын Солтүстік Кореяның Оңтүстік Корея мен Жапония сияқты шетелдік көршілеріне есік аша бастауы осыған дәлел. Оңтүстік Африка республикасындағы Африка Ұлттық Конгрессі жұрт алдына елдегі шет ел қаржы салушыларының маңызды рөлін мойындаған саяси мәлімдемемен шықты. Бұл мәлімдемеде жеке қор жинау «ішкі қаржы сақтауды көбейтудің» қажетті шарты деп бағаланады. Сондай-ақ ең соңғы технология мен соған сәйкес басқару әдістерін енгізу, оны бәсеке жағдайында үлкен тиімділік құралы есебінде пайдалану және сыртқы базарларға кіруді жеңілдету – осы қажеттіліктерді тудыратынын айқын көрсеткен. Шет ел қаржысын мұнда келтірушілерді жұмыспен қамтуды арттырып, жергілікті өндіріс мүмкіндіктерін өсіретін жерлерде аса қолайлы жағдайлар күтіледі.

2 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЛЫҚ САЯСАТЫ

Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:
• үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).
Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:
• тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
• донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;
• елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
• тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.

3 ТІКЕЛЕЙ ШЕТ ЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ

Шет ел компаниялары мен мемлекеттер басқа елдермен тікелей инвестициялар жүргізе отырып, инвесторлар базарды тез қалдырып кету мүмкіндігінен айрылады. Бірақ, соған қарамастан олар бұрынғыдан да гөрі қауіп-қатері көп ұзақ мерзімдік қаражат салуға әзір, өйткені мұндай жағдайда кіріс тәуекелмен салған ақша мөлшерінен асып түседі. Тікелей шетелдік инвестиция «ел қоры» секілді жанамалы инвестицияның күрделі қаржы мөлшерінен әлдеқайда артық. Осыдан барып дамушы елдер инвестицияның бұл түрлеріне көбірек қызығады деген қорытынды жасауға болады. Тікелей шетелдік инвестициялар әрқилы жүзеге асуы мүмкін.

4 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ БӨЛІНУІ

Инвестициялық қорлар – жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизм. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорға салған салымдары бір портфель ретінде басқарылып, әр инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорционалды үлестері болады. Бұл келесідей артықшылықтар береді:

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда, біздің жұмысымыз бен демалуымызға қажетті қатынас құралдарының төңкерісі болды деуге әбден сияды. Шет ел қаржысын пайдалануда да дәл осыған ұқсас төңкеріс болғаны анық. Тоқсаныншы жылдары дүние жүзінің көптеген елдерінде әлемдік экономиканы еріктендіру және кіріктіруге негізделген экономикалық өсу және даму мәселелеріне мүлдем жаңа тәсіл енгізілді, Мемлекеттің басқарушылық рөлі дамушы елдердегі сияқты экономикалық жағынан жетілген елдерде де экономистер халықаралық корпорацияны бақылауға және ішкі экономикалық мақсаттарды қорғауға негізделген.