Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Полный просмотр работы

Бюджеттен тыс қорлар және олардың қызметі

Жоспар


Кіріспе 3
1 Бюджеттен тыс қорлар және олардың қызметі 5
1.1Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны 5
1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары 8
1.3Ресейдің мемлекеттік емес жинақтаушы қорларының дамуы мен перспективалары 9
2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау 12
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары – халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау кепілі 12
2.2 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде 16
2.3 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инновацилық даму жағдайына талдау 18
3 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының дамуында туындайтын мәселелерді шешу және оларды жетілдіру шаралары 21
3.1Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларында қалыптасқан мәселелер 21
3.2Бюджеттен тыс қорлардың қызметін жетілдіру 22
Қорытынды 24
Қосымша А 26

Кіріспе

Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан-жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.
Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, Қазақстан қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам басты. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, нарықтық экономика жағдайында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық бюджеттен тыс қорлардың жай-күйіне қаржылық-экономикалық талдау, дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар – бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Бюджеттен тыс қорларға жинақтаушы зейнетақы қорлары, міндетті әлеуметтік сақтандыру қорлары, инновациялық қорлар тағы басқа қорлар жатқызылады.
Бүгінгі күні Республикадағы зейнетақының қызмет көрсету рыногын 14 Жинақтаушы Зейнетақы Қоры құрайды, олардың республиканың түрлі аудандарында 72 филиалы және 73 өкілдіктері бар.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін кез-келген тұлғалардың жұмысын жоғалтуы, асыраушысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылған сияқты әлеуметтілік жағдайы бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларын әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша түрі болып табылады.
Ұлттық инновациялық қордың негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды, технологияларды дамыту, коммерциялық өнімдерді шығару және оларды іске асыру.
Сондықтан да, бюджеттен тыс қорлар бүгінгі күннің, экономикадағы, қаржы саласындағы маңызды, ағымдағы, актуальді тақырыптарының бірі.
Қурстық жұмыстың негізгі мақсаты: бюджеттен тыс қорлардың мәнін, ұғымын, мазмұнын ашып көрсету.
Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттерді алға қойып отырмын:
- бюджеттен тыс қорлардың мазмұнын, мәнін аша отырып, оның түрлерін ажырату және шетелдегі бюджеттен тыс қорлардың қызметтерінің ерекшелігін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қызмет жүргізу ерекшеліктерін, олардың экономикалық-қаржылық жағдайына талдау;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының жүргізілу мәселелері және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.

1 Бюджеттен тыс қорлар және олардың қызметі

1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны

Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.

1.2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары

Қаржы институттарының - бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір қорлардың мысалында қарауға болады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалды. Жасалу көздері:

1.3 Ресейдің мемлекеттік емес жинақтаушы қорларының дамуы мен перспективалары

Ресейде мемлекеттік емес зейнетақы жүйесімен қамтамасыз ету 1992 жылғы президенттің «Мемлекеттік Зейнетақы Қоры» туралы жарлығынан кейін іске аса бастады. Ресейде алғашқы Мемлекеттік Зейнетақы Қоры пайда болды.
Ресейдегі Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының жұмыс істеуі зейнетақы жүйесін реформалаудың басы болды, Ресейде мемлекетке тәуелсіз зейнетақы төленіп іске асыратын алғашқы Мемлекеттік Емес Зейнетақы жүйесі пайда болды. 1998 жылы Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының жұмысын реттейтін заң қабылданған кезде, Мемлекеттік Емес Зейнетақы жүйесі жағдайы қиындады және мәнді сандық өзгерістер болған жоқ. Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қорының қалыптасуы заңды реттеудің қатысуынсыз өтті, ал кейінгі дамуы Ресейлік зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде Мемлекеттік Емес Зейнетақы Қоры орны мен рөліне байланысты мемлекеттік саясатқа қатыссыз болды.

2 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары және олардың қызмет ету ерекшеліктерін талдау

2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорлары – халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау кепілі

Қазақстанда 1990 жылдары тіпті өзгеше жағдай орын алды. Бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық пайда болды, оның деңгейі күн санап өсе бастады, жалақы мөлшері біршама төмендеді, қызметкерлерге жалақы айлап төленбейтін болды.
Бүгінгі күні Республикадағы зейнетақының қызмет көрсету рыногын 14 Жинақтаушы Зейнетақы Қоры құрайды, олардың республиканың түрлі аудандарында 72 филиалы және 73 өкілдіктері бар. Олардың әрекет ету мерзімі ішінде, оларда зейнетақы қорларының 648580 млрд. теңге жинақталған. Зейнеткерлік жасы тұрақты болып келнді және ерлер үшін 63 жас, ал әйелдер үшін 58 жасты құрайды. Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесіне қатысушылармен жүргізілген зейнетақы реформасын жүргізу мерзімінде сандық және сапалық сияқты белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілген. [17, 13 б.]

2.2 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы ретінде

Адам өзінің бүкіл өмірінде әртүрлі жағдайларды басынан өткеруі мүмкін. Осы жағдайлар адамның денсаулығына зиян келтіріп, еңбекке қабілеттілігін төмендетіп, нәтижесінде адам зардап шегуі мүмкін. Көбінесе адам өзі кездейсоқ жағдайларды басқара алмайды:
Біріншіден, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты. Екіншіден, адамның еркіне тәуелсіз. 2005 жылдың 1 қаңтарындағы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекетпен іске асырылатын азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін кез-келген тұлғалардың жұмысын жоғалтуы, асыраушысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылған сияқты әлеуметтілік жағдайы бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларын әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша түрі болып табылады.

2.3 Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының инновацилық даму жағдайына талдау

Ел басының тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жылға дейін арналған инновациялық-өнеркәсіптік даму бағдарламасын әзірледі. Оның негізгі қатысушылары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Сауда және өнеркәсіп министрлігі болды. Бағдарламаның мақсаты өнімді өндіру және экспорттау, өнеркәсіпте бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы мемлекеттің ұзақ мерзімді тұрақты дамуы. Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде қарастырылады. Бірінші кезең 2005 жылға дейін. Бұнда бағдарламаның салалық дамуында және заңдылықтарында өзгерістер енгізу жоспарланды; ғылымды, білімді қаржыландыру көлемі анықталды, жоғары білімді мамандар дайындауға, бәсекелес өнімді өндіретін тұтас өндірістік жүйені құруға бағытталған жобаларға мемлекеттің қатысуын іске асыратын даму институттарын құру белгіленді.

3 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының дамуында туындайтын мәселелерді шешу және оларды жетілдіру шаралары

3.1 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларында қалыптасқан мәселелер

Қазақстан республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы зейнетақымен қамтамасыз етудің сферасында негізгі субъектісі ретінде мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларын, зейнетақы активтерін басқару компаниялары және кастодиан-банктердің пайда болуына, дамуына жағдай жасады.
Зейнетақы реформасын жүргізілген 1-2 жыл ішінде, жинақтаушы зейнетақы қорларының, қажетті талаптары мен мемлекеттік реттеудің деңгейіне байланысты экономикаға қажетті инвестициямен қамтамасыз етуіне мүмкіншілігі бар екенін көрсетті. Зейнетақы реформасының мақсаты біреу-ақ қарттарды әлеуметтік қорғау және экономикалық дамуға әсер ету. Осы уақытқа дейінгі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қарттарды, жұмыс істемейтін халықты қамтамасыз етуге мүмкіншілігі болмады. Қазақстан Республикасында зейнетақы реформасының Үкімет қабылдаған концепциясы үш деңгейлі зейнетақы жүйесінің даму қажеттігін айқындайды. Оның ішінде мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі де бар: ол банк және сақтандыру жүйесінің қызметтері арқылы, - мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы жүзеге асырылады.

3.2 Бюджеттен тыс қорлардың қызметін жетілдіру

Зейнетақы қорларының әрі қарай дамуы үшін осы жүйеге қатысушылардың жұмысын қадағалап, зейнетақы көлемі мен оған түскен ақшаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын бекітті. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеуші комисия қорлардың әрбір түріне жарғылық қордың төменгі мөлшерін, лицензия беру, реттеу және бақылау қызметі арқылы зейнетақы жинақтарының мүлтіксіз сақталуын және қайтарылуын қорғайды.

Қорытынды

Курстық жұмысты қорытындылай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болды.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай–ақ қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерді қамтып отыр.
Бірінші бөлімде, бюджеттен тыс қорлардың экономикалық негізделуі, яғни экономикалық мазмұны ашыла отырып, оның түрлері жан-жақты қарастырылған. Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысының негізгі буыны болып табылады.
Екінші бөлім, негізгі бөлім ретінде Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының даму жағдайына экономикалық - қаржылық талдау жасалған. Қазақстан Республикасының тәуелсіз алған жылдардан бері бюджеттен тыс қорлардың жүргізіліп келе жатқан даму бағыттары қарастырыла отырып, олардың қызметтеріне талдау жасалынып отыр.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың дамуындағы мәселелер қарастырылып, сол мәселелердің болашақтағы одан әрі жетілдіру жолдары қарастырылды.
Енді курстық жұмыстың мазмұнын ашуда қарастырылып отырған сұрақтар негізінде қысқаша қорытындыламалар жасасақ.:
Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің сапалық нәтижесі болып мыналар табылады: салымшыларға қызмет көрсетуді жақсарту, салымшыларды Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі жөнінде хабардар етіп отыру, аймақтық бағдарламаларды дамыту.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылары материалдық қамтамасыз етілмеу тәуекелінен қорғалынған. Қор қатысушының есебіндегі аударымдарды, егер асыраушысынан айырылған жағдайда отбасы мүшелеріне төлемдерді беруге кепіл береді. Егер адамдарға қолайсыз жағдайлар кездессе, оның өміріне әлеуметтік сақтандыру көмек береді. Қор баршаға үміт пен сенімділік ұялатады.
Ұлттық инновациялық қордың негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды, технологияларды дамыту, коммерциялық өнімдерді шығару және оларды іске асыру.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырайды: біраз уақыт олар өзін-өзі билейді, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.
Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің сапалық нәтижесі болып мыналар табылады: салымшыларға қызмет көрсетуді жақсарту, салымшыларды Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі жөнінде хабардар етіп отыру, аймақтық бағдарламаларды дамыту, жарнама қызметкер және осылардың нәтижесінде зейнетақылық қызмет көрсету рыногында Жинақтаушы Зейнетақы Қорының арасында бәсекелестік сайыстың өршуі.
Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасында халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату және экономикалық өсуде қиын әрі күрделі жол белгіленген. Осы жолды Қазақстан да дамытуы керек. Сонда ғана мемлекетіміз тек әлемдік нарықта бәсекелесу ғана, сонымен қатар экономикалық және саяси тәуелсіздігімізді мықтап күшейте аламыз.
Арнайы экономикалық аймақтарда инновациялық технологияны дамыту бойынша қызметті іске асыратын ұйымдарда салық мөлшерін төмендету бойынша заңдарға өзгерістер енгізілді. Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасында халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату және экономикалық өсу жол белгіленген.
Курстық жұмыстың жазылуы барысында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығының және арнайы статистикалық мәліметтері пайдаланылды. Сондай-ақ курстық жұмыстың жазылуы барысында белгілі авторлардың оқулықтары, газет-журналдар беттерінен алынған мақалалар, деректер пайдаланылып отыр.