Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 23 стр.

Полный просмотр работы

Қаржы нарығы

Жоспар:
Кіріспе 3
І бөлім. Қаржы нарығы туралы ұғым 4
1.1. Қаржы нарығы туралы ұғымы. Экономикалық жүйедегі нарықтың өзара байланысы 4
1.2. Қаржы нарығының құрылымы 8
ІІ бөлім. Бағалы қағаздар нарығы 13
2.1. Бағалы қағаздар нарығы мен түрлері 13
2.2. Бағалы қағаздардың эмиссиясы 17
2.3. Қор биржасы 20
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер 23

Кіріспе
Мен осы курстық жұмысымда қаржы нарығының құрылымын, түрлерін, сонымен қатар, қаржы нарығының жұмыс істеуінің алғы шарттарын, ақша, валюта, несие, капитал, бағалы қағаздар нарығын, қор биржасының құрылымына, түрлеріне, анықтамасына кеңінен тоқталамын.
Қаржы нарығы – дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырып, кәсіп орындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, мемлекетің және халықтың ауқытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтың қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтың қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер алтын және т.б. нарықтармен) етене тығыз байланысты.

І бөлім. Қаржы нарығы туралы ұғым
1.1. Қаржы нарығы туралы ұғымы. Экономикалық жүйедегі нарықтың өзара байланысы
Берілген курстық жұмыста қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып жүрген қаржының нарығы сипатталады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын – соңды болған емес.
Қаржы нарығы – бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің жәнге халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады жіне тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа рыноктармен (капитал,жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және тағы басқа нарықтармен) етене байланысты.

Қаржы – арнаулы пән және қаржы нарығының теориясын зерделейтін бұл куртың мақсаты – студенттердің қаржы категорияларын – ұғымдарын – терминдерін ұғып алудағы, олардың әлеуметтік – экономикалық дамуының нақты жағдайларында қолданудың әістерін түсінуге қол жеткіз пәнінің міндеті болып табылады.

Экономикалық жүйедегі нарықтың өзара байланысы.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды . Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвесторлар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, тауарларға, неғұрлым тартымда болып табылады.
Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салу екіталай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның нәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – несие операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

ІІ бөлім. Бағалы қағаздар нарығы
2.1. Бағалы қағаздар нарығы мен түрлері
Бағалы қағаздар нарығы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың саналуан түрлері сатылатын және сатып алатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвистициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін артыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың сан алуандылығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Ол әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвистициялау процесіне қатысты.

2.2. Бағалы қағаздардың эмиссиясы
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия – бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне – инвесторларға, яғни заңды тұғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:

2.3. Қор биржасы
Бағалы қағаздармен сауданы “қор биржасы” биржадан тыс нарықтың баға кесуі ұйымы, заңдарға сәйкес өзгеде ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уәкілетті орган лицензиялауға тиіс.
Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін өзі өтеу қағидатына негізделеді, және оның қызметіне түскен кірістер биржаны материалдық техникалық дамытуға пайдаланады.

Қорытынды
Жоғарыда айтылғандай қаржы нарығының дамуына бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой ассоциациалармн бірлестіктердің ұйымдары мүмкіндік туғызады.
Қаржы нарығының жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар нарығының субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттармен міндеттерді эмитеттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар нарығының кәсіпқөой қатысушылары және олардың өзін - өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және тағы сол сияқты жолымен жүзеге асырады.

Қолданылған әдебиеттер
1. “Қаржы және несие ақша айналымы” Друбозина Л.А. – М. Юнити 2000 ж.
2. “Кәсіпорын қаражаты” Василевская Т.Н.
3. “Ақша, несие, банктер” Саниев Н.С.
4. “Қаржы” Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Алматы: Мерей, 2000 ж.
5. “Қаржы теориясы” Оқу құралы. Құлпыбаев С. Баязитова Ш. Баязитова С. Алматы: Мерей, 2001 ж.
6. “Қаржы, ақша,несие” О.В. Соколова, М. Юрист, 2001
7. “Қазақстан Республикасының Конституциясы” Алматы, Қазақстан 2001
8. “Қазақстан Республикасының Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы”
9. “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндтті төлемдер туралы” – (Салық кодексі) – Алматы Юрист, 2002 ж.
10. “Бюджет жүйесі туралы”. Қазақстан Республикасының Заңы Астана, 2001 ж.
11. “Қаржы теориясы” оқу құралы Берлин С.И. М. Приор 2000 ж.
12. “Қаржы” Жоғары оқу орнына – Друбозина Л.А. М. Юнити 2000 ж.
13. “Қаржы теориясы” оқу құралы – Заяц Н.Е. Фисенко М.К., Бондарь Т.Е. – т.б. халықаралық жоғарғы мектеп 1998 ж.