Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогиув

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2015

Предварительный просмотр

Кіші мектеп оқушыларының ата -аналармен қарым – қатынасы


МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ 4
1 КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ 8
1.1 Қарым-қатынас психологиясының мәні 10
1.2 Қарым қатынастың тәрбиелік ықпалы 13
1.3 Кіші мектеп оқушыларының қоршаған ортамен қарым-қатынасы 14
2 БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУДАҒЫ ЖАНҰЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 19
2.1 Отбасылық тәрбие оның тарихи негіздері 21
2.2 Кіші мектеп оқушыларын ата-ананы құрметтеуге, оларға қамқор болуға тәрбиелеу 27
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

КІРІСПЕ
Егемен еліміздің ертендігі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіріп тәрбиелеу ең маңызды да негізгі мәселе. Жанұя- адамзат өміріндегі өз жалғасын табатын, болашақ ұрпақ өсіп - өрбіп шығатын ұя десек, сол ыстық ұяда баланың сөйлеу тілі, қиялы мен ақыл- ойы, талабы мен көзқарасы қалыптасады. Бала дамуының кезекті баспалдағы тілінің шығып, қоршаған ортаға деген қөзқарасын білдіруі болып табылалады. Баланың жеке басының, сөйлеу тілінің дамуына баламен араласу, сөйлесу, қарым - қатынас жасау үлкен орын алады. Сөйлеу тілі қарым - қатынас жасау барысында дамиды. Баланы жеке тұлғасыны дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуымен мақсат - мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестір – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.

1 КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез - құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

1.1 Қарым-қатынас психологиясының мәні
Әрбір тірі пәндеге өзінің тіршілік етуіне ауа, су, жылу қаншалықты қажет болса, қарым – қатынасқа түсу, бір – бірімен тіл табысу соншалықты маңызды. Қарым – қатынасқа түсу арқылы адам өзінің ойндағысын жеткізе алады. Өзіне қажеттінің бәрін сөйлеу арқылы, ымдау арқылы білдіреді. Осылайша тіл табысып, қарым – қатынасқа түсуі ежелгі кезден ерте кездегі адамдардың бірігіп тобыр болып, тіршілік ете бастағанынан – ақ бастау ала бастаған. Алғашында олар ымдасу арқылы, қимыл – қозғалыс арқылы іштегі айтайын дегенін білдіретін. Кейін келе әр түрлі дыбыстар шығара бастаған.
Тірлік құру барысында қажеттіліктердің арқасында әр түрлі сөздер жарыққа шығып, кейін сөйлесу процесіне әкеліп соқты. Сөйлеу – ол күрделі психологиялық процесс, адамдардың қарым - қатынас жасау құралы қарым - қатынас жасаудың қуатты құралы – тіл. Тіл табысу арқылы, сөйлеу арқылы адам баласы бір – бірі түсіне алады, ішіндегі ойын жарыққа шығара алады. Қарым – қатынас психологиясының мәні өте зор. Қарым – қатынас адам баласының жас және жеке ерекшелігіне қарай әр түрлі болып келеді. Жеке ерекшелік дейтініміз – адамның мінезін, темпераментіне байланысты. Ал жас ерекшеліктері адам баласының жас мөлшеріне байланысты қарым – қатынас әр түрлі, мысалы, атап айтатын балсақ.

1.2 Қарым қатынастың тәрбиелік ықпалы
Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым - қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым -қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп - гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар - намыс, білім, әдеп, салт -дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді. Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым - қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым - катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым -қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір - бірімен қарым -қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым –қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады. Туыстық қарым - қатынасқа қатысты дана халқымыз: «Өле жегенше, ағайынмен бөле же», «Бауыр шырын, бас тәтті. Ағайынмен ішкен ас тәтті», «Туысы бірдің қонысы бір. Туысы бірдің уысы бір» деп ұл - қыздарына ақыл айтып отырған. Бабаларымыздың: «Ағайынмен жауласпа – басың азаяды, көршіңмен дауласпа – асың азаяды», – деген өсиетін естен шығармайық![17]

1.3 Кіші мектеп оқушыларының қоршаған ортамен қарым-қатынасы
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмайқиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық.Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Рухани өсімнің үздіксіздігі, кіші мектептер жасындағы оқушының бір қалыпты жетілуден бастап, тез секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің қалыптасуы, мұғалімге оқушымен көріп жүрген қатынасудың өзінде өзін тыныш сезіну мүмкіндігін бермейді. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынастың жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Педагог кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Педагог тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.[14]

2 БАЛАНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУДАҒЫ ЖАНҰЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Халқымыз «Баланы бес жасқа дейін патшадай қара» деп бекер айтпаса керек. Жанұя – бала тәрбиесінің басты институты, өйткені жанұялық тәрбие баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Тәрбиенің басты мақсаты – баланың жан дүниесін түсіну,яғни, эмоционалды, интеллектуалды, эстетикалық дамуындағы бастауы, сонымен қатар, ана тілінде сөйлеуге үйрететін алғашқы баспалдақ Ол баланы жеке тұлға ретінде дамытушы.
Олардың бойындағы батырлық, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін бойына қабылдайды. Ертегін іоқып қана қоймай, мазмұнын баяндау кезіндегі сұрақ - жауап әдісі баламен тікелей қарым – қатынас жасауға көмегін тигізеді және сөйлеу тілін арттырады.

2.1 Отбасылық тәрбие оның тарихи негіздері
Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты
Нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.[21]
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.
Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады.
Әлеуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру [5].

2.2 Кіші мектеп оқушыларын ата-ананы құрметтеуге, оларға қамқор болуға тәрбиелеу
Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата – аналармен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір – біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет болып отыр. Сондықтан да ата – аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу – тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата - аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балалар тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі.