Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Баяндама

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Несие және банк жүйесі. Несие мекемелерінің түрлері

Несие жүйесі – жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы. Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарғанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады, әр елдің өзіндік ерешелігіне қарай немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-ғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер). Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі үғым қалыптасқан: біріншісі - несие - есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы. Екіншісі - несие - қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы рөлі біраз көрсеткіштер мен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемі мен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үйлесімін, жиынтық төлем айналымы және т.б. сипатталады.