Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Аудит

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Өндіріс кезеңінің аудиті

2007 жылғы 28 ақпаны № 234-3 Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заң негізінде, табыс - бұл есепті кезенде активтің өсуі (артуы) немесе міндеттеменің төленуі, ал міндеттеме - бұл есепті кезеңде активтің төмендеп немесе міндеттеменің өсуі (артуы) деп көрсетілген. Әдетте, шығын шығармай көздеген табысты алу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс алмай, шаруашылықтың дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді табысты шешу мүмкін емес.
Шығынның анықтамасы меншікті, өндірісті және тауарлы-материалдық қорларды сатуға, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге және зиянды басқаруға байланысты шығындарды қамтиды. Әдетте, ол ақша қаражаттары, материалды қорлар, қозғалмайтын мүліктер, құрылғылар және жабдықтар сияқты активтердің тұрақтамау немесе пайдалану нысанында болады.

Өндіріс шығындарының есебін аудиторлық тексеруге кіріспей түрып, алдымен аудитордың қабылданған есеп саясатымен, шаруашылықтың ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктерімен, өндіріс тұрпатымен, шығарылған өнімдердің түрлері мен пайдаланылған ресурстарымен танысуы қажет.
Есеп саясатының сақталуына байланысты аудитор мынадай мәселелерді анықтауға міндетті:

Өнім (жұмыс қызмет) өндіруге жұмсалған өндірістік шығындардың есебінің дұрыстығын тексерген кезде, аудитор жылдың басында белгіленген өндіріс шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерінің тұрақтылығын және оның шаруашылықтың салалық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне сәйкестігін анықтауға міндетті.
Арнайы әдебиеттерде өндіріс шығындарының есебінің әдістері мынандай топтарға сыныпталатыны белгілі:

Өнімнің өзіндік құнына шығындарының дұрыс жатқызылуын тексеру әдістері көпшілігінде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға қолданылған жолдарына байланысты. Яғни, толық немесе қысқартылған өзіндік құн есептеуге, сондай-ақ шығындарының топтарына да.
Қаржылық есептің «Қорлар» халықаралық стандартына әдістемелік нұсқауда, жоспарлау және талдау кезінде өнімнің өзіндік құнының өндірістік шығынын құрайтын мынадай топтау түрлері қолданылады:

Бұл аталған топтаулармен шектеліп қалмай, жалпы әдебиеттеріндегі өндіріс шығындарының топталу тәртіптерін басшылыққа ала отырып, өндіріс шығындарын жіктеуді мынандай топтар бойынша кеңейте түсудің маңызы зор.
Жалпы әдебиеттерде өндіріс шығындарын:

Өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік өзіндік құнын шығындар олардың экономикалық мағынасына сәйкес мынадай элементтер бойынша топталады:

Әдебиеттер
1. ҚР Конституциясы - Алматы: Әділет-пресс, 1997.
2. ҚР 2007 жылғы 28.02. № 234-ІІІ заңы «Бухгалтерлiк есеп пен к,аржылық есептілік туралы»
3. ҚР «Аудиторлык. кызмет туралы Заңы» енгізілген өзгертулер және толықгырулармен қоса № 139-11.
4. К,Р Азаматтык, кодексi - Алматы: Борки, 1999
5. К,Р К,ылмыстык. Кодексi Заңы - 16.06.1997 ж. № 167-1 Алматы: Дәyiр, 1998