Предмет: Тракторды сынау техникасы мен технологиясы
Тип: Бақылау жұмыс
Объем: 9 стр.
Год: 2012
Тракторды тартымдылыққа сынау
Жоспар
1 Тракторды тартымдылыққа сынау 3
1.1 Сынақ жүргізілуге арналған алаң 3
1.2 Тракторды сынаққа дайындау 5
1.3 Тракторды тартымдылыққа сынағанда жүргізілетін тәжірибе жұмыстары 8
1 Тракторды тартымдылыққа сынау
Тракторды тартымдылыққа сынау оның тартымдылық динамикалық және жанармай шығынын анықтауға және трактордың тәжрибелік тартымдылық сипаттамасын жасау үшін жүргізіледі. Тракторды тартымдылыққа сынау мемлекеттік үлгіде (ГОСТ 7057-88) көрсетілген талаптарға және әдістемеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Сынақ нәтижесі бойынша трактордың тартымдылық сипаттамасы жасалып, ол сипаттамадан трактордың максимальды тарту қуаты, пайдалы әсер коэффициенті және максимальды тарту қуатына сәйкес келетін ілмектегі тарту күшті, жылдамдықты, тайғанақтаудың мөлшерін және ілмектегі меншікті жанармай шығынын анықтайды.
1.1 Сынақ жүргізілуге арналған алаң
Трактордың тартымдылық, динамикалық және жанармай шығынның сипаттамасы трактордың көп пайдаланатын аймақта сыналып анықталуы тиіс. Трактордың тартымдылық сипаттамасына ең көп әсер ететін жағдай ол пайдаланатын аймақтың табиғат ерекшелігі және топырақтың физикало-химиялық қасиеттері. Соңғысы тұрақты емес. Бір тәуліктің ішінде ауа райының өзгеруіне байланысты топырақтың да физико-механикалық қасиеттерді өзгеруі мүмкін. Сондықтан бұл сынақты жүргізгенде топырақтың ылғалдығының, тығыздығының өзгеруін мұқият бақылап отыру қажет.
1.2 Тракторды сынаққа дайындау
Тракторды сынаққа дайындағанда келесі жұмыстар жүргізіледі:
- трактордың мемлекеттік үлгілердің (ГОСТ 7057-81, 23734-79) талабына сәйкестігі тексеріледі;
- қозғағыш ҚАБ арқылы тежеп сыналады;
- өлшеуіш аспаптар таңдап алынады, тексеріледі және бөлетексеріледі;
- өлшеуіш аспаптар тракторға орналастырып бекітіледі;
- тракторларды тежеп жүктелмейтін қондырғы таңдап алынады, жұмысқа дайындалады.
Сынақ жүргізілуге арналған тракторлар:
- жалпы техникалық жағдай жақсы, қажетті техникалық күтімді, жөндеуді өтуі қажет;
- салмағы және қажетті құрал саймандары, қосымша бөлшектері шығарушы зауыттың құжаттарда белгілеген деңгейінде болуы тиіс;
- пайдалану ұзақтығы 150 сағаттан кем болмауы тиіс;
- доңғалақтың жер тұтқысының биіктігінің тозуы 35% аспауы қажет, ал шынжыр тізбектің қадамының үлкейуі 3% аспауы керек.
Тракторды тартымдылыққа сынағанда сынақтың басында, соңында ал кейбір жағдайларда ортасында да оның қозғағышы сыналуы тиіс. Қозғағышты трактордан алмай, ҚАБ арқылы тежеп жүктеледі. Бұл сынақты жүргізу үшін арнайы жабдықталған лаборатория болуы қажет.
1.3 Тракторды тартымдылыққа сынағанда жүргізілетін тәжірибе жұмыстары
Сынақ алдында тракторды жарты-бір сағат жұмыс істетіп қыздырып алу қажет.
Тракторды топырақты жерлерді сынағанда тәжірибелік жұмыс барлық жұмыстық берілістерде жүргізілуі керек. Ал енді арнайы жолдарда сынағанда сынақты шектелген тайғанақтау басталатын берілістен бастап ең жоғарғы тарту қуаты пайда болатын беріліске дейін жүргізілуі тиіс. Сынақ жүргізілетін беріліс саны 6 кем болмауы керек. Доңғалақты тракторлардың шектелген тайғанақтауы 15%, ал шынжыр табан тракторлардыкі 7% тең.
Сынақ жүргізілген кезде қозғауыштың жанармай реттеуші тетігі жанармайдың ең көп беретін деңгейінде тұруы қажет. Сынақ жүргізген кезде максималды тарту күші шектелген тайғанақтаумен немесе қозғауыштың тұрақты жұмыс істеу қабілетімен шектеледі. Тракторды топырақты жерде сынағанда доңғалақты тракторлардың тайғанақтау 30%, ал шынжыр табан тракторлардікі 15% тең.