Экология және табиғат
МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
1. Экология және табиғи ресурстардың қоғамда пайдалануы 5
2 Үздіксіз экологиялық білім берудің тиімділігі 12
3 Қоршаған орта тазалығы – денсаулық кепілі 18
4 Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселенің шешілу жолдары 24
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы 25
ӘДЕБИЕТТЕР 26
К І Р І С П Е
Еліміздің экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгінгі күннің қажеттілігінен туындамайды, ол ертеңгі күннің проблемаларынада жауап береді. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамуына арналған бағдарламада басым міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қоршаған ортаның қазіргідей ауыр жағдайында еліміздің келешек иелерінің экологиялық сауатын көтеру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі болып отыр.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Экология және табиғи ресурстардың қоғамда пайдалануы
Экология организмге әсер ететін сыртқы ортаның абиотикалық, биотикалық, антропогендік, т.б. факторларын зерттейді. Ал табиғат қорғау болса адамның сыртқы ортаға әсерін қарастырады. Басқа ғылым саласы сияқты экологияның екі аспектісі бар. Оның бірі – таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру қойылады. Екіншісі – жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолайлы.
2 Үздіксіз экологиялық білім берудің тиімділігі
Табиғат компоненттері өзара үйлесіммен құралған, оның даму жолының өзіндік заңдылығы бар. Қазіргі экологиялық дағдырыстың түпкі себебі осы заңдылықты білмеуде, түсінбеуге, оған жөнсіз араласуда жатыр.Осыдан табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары негізімен аздап болса да таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықты жою – үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі бір жұмысына айналуы тиіс.Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекеттік деңгейде кең көтерудің қажеттігі осыдан туындап отыр.
3 Қоршаған орта тазалығы – денсаулық кепілі
Арал апат аймағы мен Байқоңыр ғарыш аймағы орналасқан облыс тұрғындары үшін экологиялық зардаптармен күресудің маңызы ерекше. Осы бағытта бұдан былай осынау апаттан не құтқарып қоймады деген сұраққа: тек саналы әрекет қана арашашы болуы мүмкін деген пікір айтылды. Өйткені ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады. Сол әрекеттерді бірі туған өлкемізді бау-бақшаға, жасыл желекке бөлеу керек. Жалпы жер бетінің жасыл-желекке, өсімдіктер дүниесі бүкіл адамзат, тіршілік үшін тым қажет табиғи ресурстар көзі болып есептеледі. Онымен қоса олар планетамыздың көркі.
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы бұл жұрт жүрегін көптеп күйзелтіп келе жатқан мәселе. Осы шегіне жеткен жайды шешу шаралары бағытында былай қарағанда қолға алынған істер біршама секілді көрінгенмен, әзірге нәтижесі байқала қоймай отыр.
4 Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселенің шешілу жолдары
Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие берудің мәселесін мемлекеттік деңгейде кең көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз адамзат қауымының қоғамның, табиғаттың және қ қоршаған ортаның қажеттігін, үйлесімділігін және оны тиімді пайдалану жолдарын халыққа түсіндіру. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми негіздері қазақ халқының табиғат пен қарым- қатынас үстінде туған тарихи көз –қарасымен, дәстүрінен бастау алады.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Бұл салада ең маңызды мәселе экология пәнінің мұғалімдерімен табиғатты қорғоу мамандарын дайындау. Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып, оны сақтау үшін, келеңсіз әрекеттерді жасамау, осы кездегі ең басты бағыт болуы тиіс. Экологиялық жағдайдың нашарлауына жаңа жобалар мен бағдарламаларды экологиялық сараптау мен модельдердің сапасының төмен болуы үлкен әсерін тигізуде. Қажатті зерттеулердің жүзеге асуына жетікті мамандардың аз болуы өз зардабын тигізуде.
Қорыта келгенде қазіргі эколгиялың дамуы тоқырауының түпкі тапсырысы адам баласының табиғаттың қарым- қатынасының дамуын, зат және энергия алмасу заңдылықтарын, оның теориялық негіздерін білмеуі.
Сондықтан елбасының Қазақстан республикасының дамуының сара жолын көрсеткен 2030 бағдарламасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру еліміздегі қалыптасқан сауатсыздықты жою болашағы жарқын елдің экологиялық санасымен, ойлау қабілеті жоғары мәдениетті ұрпақты тәрбиелеуді талап етуі, осының айғағы болып табылады.