Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қылмыстық құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 42 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қылмысқа қатысудың түсінігі, түрлері және нысандары


Жоспар
Кіріспе 3
1. Қылмыс істеу сатылары 5
2. Қылмыс істеуге дайындалу 9
3. Қылмыс істеуге оқталу 12
4. Аяқталған қылмыс 17
5. Қылмысқа қатысу 19
6. Қылмысқа қатысушыларының түрлері 24
6.1 Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы 31
6.2 Қылмыстың жіктелуі 32
6.3 Қылмыстық жауапкершілік туралы түсіні 32
7. Қылмысқа қатысудың нысандары 34
7.1 Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері 37
7.2 Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы 37
7.3 Іске аспаған айдап салушылық және көмектесушілік 38
7.4 Арнаулы субъектінің қылмысқа бірге қатысу 39
Қорытынды 40
Әдебиеттер 42

Кіріспе
Менің курстық жобам бойынша тақырыбым ауқымды және де жан-жақты, өте қызықты болып келеді. Менің курстық жобамның тақырыбы - Қылмысқа қатысудың түсінігі, түрлері және нысандары. Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.

1. Қылмыс істеу сатылары
Қылмыс істеу сатылары тек қылмысты қасақана жасағанда ғана орын алады. Қылмыс істеу сатылары деп қылмысқа дайындалудан басталып, оқталудан – қалудан аяқталғанға дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз. Олар қылмыстың объективтік жағы мен кінәлінің қасақаналық пиғылын жүзеге асыру дәрежесіне байланысты бір-бірінен ерекшеленіп, ажыратылады. Көрсетілген сатыларды аңықтау, аяқталған қылмыс құрамын қасақана қылмыстық іс-әрекет жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін және оған жаза тағайындау үшін өте қажет. Қылмыс істеу сатыларын құрайтын іс-әрекеттер қоғамға қауіптіліктің түрлі дәрежерімен сипатталады. Тұлғаның жасаған қоғамға қауіптірек болып табылады және ол жаза тағайындау кезінде ескерілуге жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің істеу сатыларын үшке бөледі:

2. Қылмыс істеуге дайындалу
Қылмыстық Кодекстің 24-бабының бірінші бөлігінде «Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркіне байланысты мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады» - деп көрсетілген.
Осы іс-әрекетке дайындалу – жеке жағдайларды нақты әзірлеу түрінде, қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, сонымен бірге қылмыс жасауға сөз байласу түрінде анықталып, қылмысты жасау үшін қасақана жағдай жасағандығымен түсіндіріледі. Осыған байланысты кез - келген дайындық әрекеттерінің нақты түрлері әр кезде де қылмыс жасауға алдын ала, қасақана жағдайлар жасау болып табылады.

3. Қылмыс істеуге оқталу
Қылмыстық Кодекстің 24-бабының үшінші бөлігінде « Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) , егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады » - деп көрсетілген.
Ал осы баптың төртінші бөлігінде « Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін ғана басталады »- делінген.
Сот тәжірибесінде қылмыс жасауға оқталудың әртүрлі жағдайларын кездестіруге болады. Мысалы, қылмыскерлердің ұрлық жасау мақсатымен үй иелері жоқ екен деп ойлап, пәтерге енген кезінде үйде жүрген үй иелеріне ұсталып қалуы; әйел зорлау барысында жәбірленушінің тарапынан қатты қарсылыққа тап болу салдарынан жыныстық қатынас жасай алмауы. Қылмыскердің кісі өлтіру мақсатымен жәбірленушіні атуы, бірақ жәбірленуші өлмей жеңіл дене жарақатын алуы т.б. Аталған жағдайлардың барлығы қылмыс жасауға оқталуды білдіреді.

4. Аяқталған қылмыс
Қылмыстық Кодексің 25-бабында «Егер адам жасалған әрекетте осы Кодексте көзделген құрамының барлық белгілері болса , қылмыс аяқталған қылмыс деп танылады» делінген.

5. Қылмысқа қатысу
Қылмысқа қатысудың түсінігі.
Қылмыс, бір тұлғаның жалғыз өзі ғана жасауымен қатар, бірнеше тұлғалардың бірлескен әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы да жасалуы мүмкін. Бірнеше тұлғалардың бірлесіп күш салуы нәтижесінде жасалған қылмыстар, жасалып жүрген қылмыстардың негізгі бөлігін құрайды және мұндай жағдайлар бірлесіп қатысу деп аталады.
Қылмыстық Кодекстің 27-бабына сәйкес екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп аталады.
Қылмысқа қатысушылардың қатарына: тұлғаның әрекетінің сипатына және оның қылмысқа қатысу дәрежесіне қарай, осы қылмысты орындаушымен бірге қылмысты ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен көмектесушілер жатады.

6. Қылмысқа қатысушыларының түрлері
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңдары қылмысқа қатысушылардың 4 түрін ажыратады: орындаушы, ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші. Қатысушыларды бұлайша жіктеудің негізінде қылмыстың жасалу барысындағы қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының қатысу дәрежесі мен сипаты сияқты объективті шарт жатыр. Қылмыстық Кодекстің 28-бабында екінші бөлігіне сәйкес, қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа тұлғалармен (бірлесіп орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан, сондай-ақ, жас ерекшелігіне, ақыл-есінің дұрыс еместігіне және де қылмыстық заңдарда қарастырылған басқа да жағдайларға байланыпты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын тұлғаларды пайдалану арқылы, сол сияқты, әрекетті абайсыздықтан жасаған тұлғаларды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады. Орындаушы – бұл нақты қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмыстық орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл – есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.

6.1 Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы
Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысуының сипатымен және дәрежесімен айқындалады.
Қоса орындаушылар өздерінің бірлесіп жасаған қылмысы үшін Қылмыстық Кодекстің 28-бабына сілтеме жасамай, Қылмыстық Кодекстің нақ бір бабы бойынша жауап береді.Ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушінің жауаптылығы олар бір мезгілде қылмысты қоса орындаушылар болып табылатын жағдайларды қоспағанда, жасалған қылмыс үшін жазаны көздейтін бап бойынша, Қылмыстық Кодекстің 28-бабына сілтеме жасай отырып басталады.

6.2 Қылмыстың жіктелуі
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.

6.3 Қылмыстық жауапкершілік туралы түсіні
Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің ініндегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.
Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.
Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.
Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:

7. Қылмысқа қатысудың нысандары
Топтық қылмыстарда бірлесіп қатысушылардың арысындағы өзара байланыс әр түрлі болады және оның өз ерекшеліктері бар. Қылмысты топқа бірлесіп қатысушылардың өзара қарым-қатынасының сипаты топтың қоғамдық қауіптілігінің және оның жасайтын қылмыстарының деңгейіне, бұл топтарға бірлесіп қатысушылардың жауаптылығының шектеріне әсер етеді.
Қылмысқа бірлесіп қатысушылардың өзара байланысы объективтік немесе субъективтік сипатта болуы мүмкін. Мұндай байланыстың дәрежесін түрліше бағалау қылмысқа қатысуды нысандарға бөлудің негізінде алады.

7.1 Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері
Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.
Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.

7.2 Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы
Қылмыс істеуден бас тартудың ережелері қылмысқа бірге қатысушыларға да қолданылады. Орындаушының қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы дегеніміз оның алдын ала келісілген қылмысты әрекеттерді мүлдем істемеуі оны орындаудан дайындық сатысында бастартуы. Орындаушының дайындық сатысында істеген іс-әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы бар болса, сол үшін ғана жауапты болады. Мысалы, кісі өлтіруге дайындық немесе оқталғандық үшін жауаптылық, ұрлыққа оқталғандық, т.б. әрекеттер.

7.3 Іске аспаған айдап салушылық және көмектесушілік
Іске аспаған айдап салушылық азғырушының қылмысты орындауға азғырылған адамның қылмысты істеуге көнбеуі немесе алғаш рет көнгенімен қылмысты нақты іске асыру кезінде оны істеуден бас тартуы болып табылады. Яғни, мұндай жағдайда айдап салушы қылмыс істеуге барынша жағдай жасағанымен, бірақ оның ойы өз ырқына байланысты емес себептермен жүзеге аспай қалады. Айдап салушының мұндай әрекетінде қылмыс құрамы болса, онда ол Қылмыстық Кодекстің 24-бабында көрсетілген қылмысқа дайындалғандық үшін жауапқа тартылады.

7.4 Арнаулы субъектінің қылмысқа бірге қатысу
Кейбір қылмыстардың орындаушысы болып тек арнаулы субъектілер танылады. Мысалы, лауазымды, әскери қылмыстарды алайық. Мұндай қылмыстардың тікелей орындаушысы жай субъект емес, арнаулы субъект – әскери қызметшілер, лауазымды адамдар ғана болады. Қылмыстың басқа қатысушылары – ұйымдастырушылар, айдап салушылар, немесе көмектесушілер арнаулы емес жай субъектілер болады. Қылмыстық заңда бұл туралы көрсетілген. Яғни, жай адамдар арнаулы субъектілердің орындайтын қылмысына қатысқанда олардың әрекеті әр уақытта да 29-бапқа сілтеме жасай отырып сараланады.

Қорытынды
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.
Қылмысқа қатысу барысында қылмыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.