Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының бюджеті


Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.

Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету
Бюджет жүйесінің қызмет ету заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдардың бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады.

Осы тақырыпты қорытындылай келгенде Қазақстан Республикасының басқару жөнінде заңында бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру және реттеу жөніндегі арнайы ережелерде анықталады. Мемлекет және оның аумақтық бөлімдерінің бюджетті – құқықтық мәртебесі негізі – ол осы құқықты іске асыруға пайдаланатын кең таралған бюджеттік уәкіліктікті құрайтын дебестік бюджет жөніндегі құқық. Биліктің әрбір деңгейіндегі уәкіліктікте өз ерекшеліктері бар, бірақ бюджетті қалыптастыру, оны атқару және бөлінген бюджеттік ақша беруді пайдалануын бақылау процестері биліктің атқарушы органдарының уәкіліктігінде болады.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2004.
2. Салық кодексі – «Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде» ҚР Заңы. – Алматы: Юрист, 2003
3. Қазақстан Республикасының заңдары.
4. Б.С. Өтебаев. Мемлекеттік бюджет. – Алматы: Экономика, 2006.
5. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005.
6. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: Қаржы қаражат, 2001.
7. Ильясов К.К., Саткалиева А.Ж. и др. Государственный бюджет: Учебник. – Алматы: РИК, 1994.
8. Қазақстан Республикасының Үкәметінің Қаулылары.
9. Утибаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетная система: Учебное пособие. – Ақмолa: 1997.