Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Полный просмотр работы

Абай мен Ыбырай шығармаларындағы үндестік

Абай мен Ыбырай мұралары осы кезге дейін біраз зерттелді десек те, бұл тарапта шеті бұзылмай «ақтаңдақ» күйінде беймәлім болып отырған мәселелер аз емес. Бұларды біртіндеп қолға алып, ғылыми айналымға, тексеріске, талқыға салу аса зәру мәселелер санатына жатады. Әрине, мұндай келелі міндеттерді атқарып шығу көп уақытты, дарын-қабілетті қажет етеді. Қандай бір күрделі жұмысты тиянақты орындау үшін оны орнымен, ыңғай жүйесімен бастай білу керек.

Бұл екеуінің өмір жолдары, еңбек майдандары екі алуан болуымен қатар,екеуін бір туғандай ететін ұқсастық та аса айқын. Ол ұқсастық – олардың нәр алған тамырынан, аналық топырағынан туған. Екеуі де қазақтың киіз үйінде туылып, өз елінің өкілі болып шығуымен қатар, қазақ халқының ғана тіл, өнер, тарихи мәдениет ерекшеліктерінің көлемінде қалған жоқ, туысы қазақ болса да бұлардың өрісі, өсуі басқаша. Олар өздерінен бұрынғы қазақ баласы бармаған ырыс өлкесіне жетті.

Дәл осындай өзара астасқан үндестікке көз жеткізу үшін, Ыбырайдың «Жазы» мен Абайдың «Жазғытұрымы» деген өлеңдерінен үзінді келтіруге болады. Мәселен, Ыбырайдың өлеңінде:
«Кеш болса күн қонады таудан асып,
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып.
Аһ ұрып шүкірлікпен құшақтасар
Рақатпен кеш уақытында неше асық...
Боз үйден таң алдында күйеу шықса,
Артынан қарар жары жүзін басып.
Адамзат сайран етер көңілі жай,
Секіріп ойын салар құлын мен тай.
Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат болады,
Тасиды күркіресіп өзен мен сай»,-
деп келетін өлең суреті Абайдың «Жазғытұры» өлеңінде:
«Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып мауқын басып.
Түйе боздап, қой қоздап-қорада шу,
Көбелек пен құстарда сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су»-
деп, ұқсас сарында сипатталатыны бар, алайда бұл әрине, бірінің шығармасын бірі білгендіктен емес, қайта көшпенді өмірдің қайталанатын көріністерінен туған үндестік, бірлік. Екеуінде де асыға келген алты ай жаз адам тіршілігіне қолайлы да шаруаға ыңғайлы кезең екендігін білдіреді. Бұл кезеңдегі өлең-селеңмен бос өткізбей, шаруаның пайдалы жақтарына жұмсап, дұрыс пайдаланып, оның қадіріне жет дегенді ескертеді.

Ыбырайдың «Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым» атты жыры күні бүгінге дейін діни аңызға құрылған деп өзге шығармаларының көлеңкесінде қалып келді.Бас аяғы он тоғыз шумақтан тұратын бұл көлемді жырда Дәуіт пайғамбар, Тақ-Сүлеймен, Қыдыр-Ілияс секілді дін өкілдерінің аты аталып, оқиға дамуына қатысқан болмаса, негізгі түйін адамгершілік, ынсап-қанағатшылдық мәселесіне барып тіріледі. Жырдың басты кейіпкері билік-мансапқа, байлық-дәулетке тоймайтын әйгілі Ескендір патша. Ол дүниежүзін түгелге жуық жеңіп жаулап алса да, мұның бәріне қанағат етпейді, ең ақырында Ескендір өзінің уәзірі Қыдыр-Ілиясты өлмейтін «мәңгі су» алып келуге жұмсайды. Қыдыр-Ілияс суды тауып, өзі бір кесесін ішіп көреді де, бір кесе суды Ескендірге арнап алады, алайда сол судың басында «мәңгі судан» ішіп, жалғыз қалып, қайғыдан жапа шеккен бір патшаға кез болады. Ол бастан кешкен оқиғаны айтып, құдайдан өмір сұраса да қаза келмейтінін айтады. Қыдыр-Ілиясқа ой түсіп, алып келген суды Ескендірге бермейді.

Алтынсарин Ы. Өнер - білім бар жұрттар. Алматы, 1989 ж.
2. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1985 ж.
3. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. Алматы, 1962 ж.
4. Құнанбаев А.Шығарманың бір томдық толық жинағы. Алматы, 1961 ж.
5. Құнанбаев А. Шығармалар (Екі томдық). Алматы, 1968 ж.
6. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. Алматы, 1962 ж.
7. Ыбырай Алтынсарин тағлымы. Құраст.: Жармұхамедов М. Алматы, 1991 ж.