Ұлттық экономикадағы тұтыну және жинақтау
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
І ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ 4
1.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс 4
1.2 Тұтыну және жинақтау 8
ІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ 12
2.1 Инвестициялардың функционалдық ролі 12
2.2 Тұтынуға бейімділік 17
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 22
КІРІСПЕ
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты нарықтық қатынастар күрделеніп, олардың қызметтерінің сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Нарық экономикасының қызмет етуіндегі бірінші және өте маңызды элемент - өндірушілер мен тұтынушылар болып табылады.
Нарық механизмінің қызмет етуінің негізі сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын басты фактор тұтыну мен жинақтау іс-әрекеті болып табылады. Нарықтық экономиканың ерекшелігі де сол, онда сұраныс бірінші орында тұрады, ал ұсыныстың қызметі сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Кез келген тұтынушы нарықта ұтымдылығымен артық көруіне сүйену және өзінің табысы мен бағаға сүйенуі арқылы анық айқын тұтыну жоспарын жасайды. Осы жоспарды іске асырса ол тұтынушы өзінің қажетін ең жоғарғы деңгейде қанағаттандырады деп есептелінеді.
І ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТҰТЫНУ ЖИНАҚТАУ
1.1 Жиынтық сұраныс және ұсыныс
Нарықтық механизмнің қызмет етуі барлық тауарлар, қызметтер және өндіріс факторларының нарығындағы тепе-тендікті тек орнатумен бітпейді, ол сонымен қатар экономикалық жүйенің тұтас оптималды дамуын қамтамасыз етеді. Осыған дейін нарықтық тепе-тендікті жекелеген жергілікті нарықтарда, салыстырмалы қарағанда, бір-бірінен тәуелсіз және автономиялы түрде орнайтын тепе-тендік деп жеңіл түсінгенбіз. Шынында, бұл процесс өмірде дол осылай жүрмейді.
Ұлттық экономиканың қандайтында болмасын, барлық нарықтардың дамуы мен реттелуіне бағытталған әрекеттер мезгіл мен экономикалық кеңістікте тұрақты түрде бір-бірімен келісімді болуға тиісті. Осы мәселелерді дұрыс шешу үшін экономикалық жүйенің жекелей және жалпы тепе-тендік болмысын арнайы бөліп алып талдау керек. Тауарлар нарығы тепе-тендік жағдайда болу үшін, болып тұрған баға дәрежесінде болжам етілген өнімнің шығарылуы жиынтық сұранысқа немесе жоспарланған жиынтық шығындарға тең болуы керек.
Жиынтық сұраныстың екі нысаны болады: натуралдық - заттық және құндық.
1.2 Тұтыну және жинақтау
Жоғарыда айтылған болатын, тұтыну мен инвестициялар жиынтық сұраныстың маңызды кұрамы болып табылады. Ал инвестицияларға жинақтау манызды өсер етеді.
Мынадай орынды сұрақ туады: І мен S-тің тепе-тендігінің классикалық үлгісінін кейнстік үлгіден айырмашылығы неде?
Айырмашылықтары мынада:
Біріншіден, классикалық үлгі бойынша, соншама ұзақ мерзімді жұмыссыздық болуының мүмкіндігі аз деп есептеледі. Бағаның икемділігі бұзылған тепе-тендікті орнына келтірін отырушы еді.
ІІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА КӨЛЕМІНДЕ ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУ
2.1 Инвестициялардың функционалдық ролі
Макроэкономикалық пропорциялардың оптималды болуы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Фирмалар, капиталдың өкілі бола отырып, өнім өндіреді, оны сатып ақша алады және жұмысшы күшіне сұраныс білдіреді. Жұмыскерлер жұмысшы күшін ұсынады.
2.2 Тұтынуға бейімділік
Жиынтық тұтынуға талдау жасағанда қоғамдық тұтынуға жұмсалған жалпы ресурстардың санына ықпал ететін объективті және субъективті факторлардың рөлін зерттеу маңызды. Тұтынудың жалпы көлемі, әдетте табыстың жалпы көлеміне тәуелді болады. Тұтынуға ықпал ететін психологиялық фактордың рөлін Дж. М. Кейнс былайша сипаттайды: «Біздің негізгі психологиялық заңды басқаша алып, арқа сүйеуіміз жайдан-жай емес, адамзат жаратылысынан, сонымен қатар тәжірибені тәптіштеп үйрену негізінде, әдетте, ездерінің тұтынуын арттырады, алайда табыстың өсу мелшеріндей дәрежеге өспейді». Белгілі Итальян экономисі А. Пезенти «сонымен , анықталған» «негізгі психологиялық заңның» маңызы былайша: «егер табыс өзгерсе, тұтыну да сол бағытта өзгереді, алайда тұтынудың өзгерісі, табыс өзгерісіне қарағанда аз болады».
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, тұтынушылардың іс-әрекеті нарықтық экономикада бірінші орныда болып, ол сондай-ақ субъективті көзқараста болады. Яғни, нарықта әр тұтыну ұтымдылығы әр қалай. Оған біріншіден тұтынушының субъективті көзқарасы, екіншіден оның табысының деңгейі әсер етеді. Осы жоспарды тұтынушылар іске асырса олар өзінің қажетін ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыратын еді.
Тұтынушылар бірігіп сұранысты қалыптастырса, онда сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Сонымен, сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын және олардың сатып ала алатын тауар бағасы мен оның көлемі арасындағы тәуелділік.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.