Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 20 стр.

Полный просмотр работы

Дәріс Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқару

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларға : қамау мен бас бостандығынан айыру жатады.
Қамау – бір айдан алты айға дейін, жазаның бүкіл мерзімінде сотталғанды қоғамның қатаң оқшаулар түрінде атқарылады. Қамау жазасы он алты жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды. Әскери қызметшілер қамау жазасын гаупвахталарда өтейді. Сотталған адамдар жазаны сотталған жеріндегі қамау үйлерінде өтейді. Басқа жаза түрлеріндегідей, қамау жазасына да сотталушы бір қамау үйінде өтеп шығуы керек. Бір қамау үйінен екінші қамау үйіне ауыстыру, сотталғанның денсаулығына, оның жеке басы қауіпсіздігіне қауіп туындауында және сотталушының сол қамау үйінде болуына кедергі жасайтын басқа да ерекше мән – жайлар болғанда жол беріледі.

Қамау жазасына тартылғандарға адвокаттарымен кездесулерді қоспағанда, кездесу берілмейді, посылка, сәлемдеме, бандерольдар алуға рұқсат етілмейді. Посылка, бандероль қатарына сотталушының туыстарынан бірінші кезектегі қажетті заттар мен ауысымдық киімдерді алу жатпайды. Қамау жазасында бұл заттарды алуға рұқсат етіледі. Сотталғандарды орта білімге және кәсіптік оқыту жүргізілмейді.
Сотталғандар тек жеке есеп – шотындағы қаражатан, ай сайын бір айлық есеп көрсеткіші мөлшеріндегі сомаға тамақ өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады.

Заң әйелдер колониясын жалпы және қатаң режимдерге бөле отырып, оның негізіне, қылмыскер әйелдердің жасаған қылмыстарының қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын, бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтегендігін алады. Әйелдердің әлсіз жыныс екендігін ескере отырып, оларға жаза өтек кезінде ерлер жұмысына қарағанда жеңіл жұмыстар беріледі. Сондықтан да қылмыстың аса қауіпті рецидивіндегі әйелдер жазасын ерекше режимде емес, қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, қылмыстық – атқару заңы жүкті және өзімен бірге баласы бар әйелдерге жеңілдікті жағдайлар белгілеген. Мысалы: жүкті кезінде сапасы жоғары тамақта беру, баласын емізуге босату, т.б.

Түзеу мекемесіне келіп түскен сотталғандар медициналық тексеруден өткізіледі, ал қажет болған жағдайда, оларға санитарлық тазалау жүргізіледі. Мұнан кейін жаңадан келіп түскен сотталғандар 15 күнге карантинге жатқызылады. Карантин кезінде сотталғандарға жазаны өтеудің тәртібі мен олар сақтауға міндетті талаптар, түзеу мекемесіндегі тәртіп, қауіпсіздікті сақтау үшін арнайы электрондық, дыбыстық – бейналык заттардың қолданылатындығы, т.б. олар білуге тиісті жағдайлар түсіндіріледі. Сонымен бірге бұл кезеңде олардың жеке басы мінез – құлықтаы, мамандықтары ескеріле отырып, отрядқа бөлінеді. Сотталған түзеу колониясына кеіп түскеннен кейін, 10күннің ішінде түзеу мекемесі әкімшілігі, оның отбасына немесе ең жақын туыстарының біріне хабар беруі тиіс. Бұл хабарламада сотталғанның қай жердегі колонияға келгендігі, қандай заттарды посылка, бандерль, сәлемдеме ретінде жіберуге болатындығы, кездесу саны көрсетіледі.