Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Қылмыстық заңда бөтенің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке- нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдарі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мүлікті басқа біреудің иелігіне өткізу дегеніміз - қылмыстық жолмен табылған мүліктіжеке және занды тұлғаларға қайтарыммен немесе қайтарымсыз беру, кез келген тәсілмен мүлікті иесінен ажырату.
Бұл қылмыс соңдай мүлікті иеленіп алған не иесінен ажы ратқан кезден бастап аяқталған болып танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады, яғни адам өзінің қылмыстық жолмен табылған мүлікті озіне иелікке алып немесе басқа біреудін иелігіне өткізіп тұрғаның ұғынады, оның соңдай әрекетінің нәтижесінде қоғамға қауіпті зардап болатының алдын ала біледі. Алып тұрған затының қылмыстық жолмен табылғандығына адамкүдіктенсе немесе күмән келтірсе, онда бұл мән-жай осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыкка тарту үшін толыктай негіз бола алмайды. Адам мүліктің сипатын міңдетті түрде білуге тиіс. Сонымен қатар, өзінің алып тұрған мүлкінін нақты қандай тәсілмен табылғанын (ұрлық, тонау, қарақшылық, бандитизм жасап, т.б.) оның білуі міндетті емес.
Субъект — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам. Бұл ісәрекеттін сараланған құрамы деп заң шығарушы мыналарды атайды:
а) қылмыстық жолмен табылған автомобильді сатып алу
немесе сату, немесе қылмыстық жолмен табылған мүлікті ірі
мөлшерде сатып алу немесе сату;
Осы іс-әрекетті қызмет бабын пайдаланып жасау дегеніміз — көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алуды немесе сатуды коммерциялык немесе өзге ұйымда жетекшілік функция атқаратын адамнын, не тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің функциясың жүзеге асыратын, не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару оргаңдарында, сондай-ақ республиканың карулы Күштерінде, басқа-әскерлері мен әскери кұрамаларыңда ұйымдық-билік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларында атқарушы адамньщ жасауы. Бұл жағдайда адам көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату үшін өзіне қызмет бабы бойынша берілген екілеттікті пайдаланады.