Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу
Мазмұны
Кіріспе 3
І Бөлім. Еңбек нарығы 5
ІІ Бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепциялары 12
2.1 Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясындағы концептуалдық бағыттар 12
2.2 Икемді нарық концепциясы мен жұмыспен қамтудың контрактілік теориясы 15
3.3 Еңбек биржасы және оның қызметтері 16
3.4 Жұмыспен қамту саясаты 18
Қорытынды 23
Қолданылған әдебиеттер 24
Кіріспе
Менің жазып отырған жұмысымның тақырыбы «Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс,жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу».
Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі-жұмыспен қамту. Жұмысым негізінен еңбек нарығы туралы түсінік,ондағы сұраныс пен ұсыныс,халықты жұмыспен қамтамасыз ету концепцияларын,Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығының жағдайы туралы толық мағлұмат береді.
І Бөлім. Еңбек нарығы
Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе – теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстын бір – біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизімі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын (қалыптасатын) экономикалық орта немесе болмыс болып табылады.
Бәсекелік еңбек нарығында еңбекке сұраныстың қисық сызығының еңкеюі теріс брышты болады: жалақының жалпы дәрежесі өскен сайын еңбекке сұраныс төмендей түседі. Көлденең білік – еңбектің саны (Q), тік білік (P) – жалақының ставкасы ( 1.1 сурет )
Жекелеген аймақтардағы жұмысшы күшінің құрамымен есептесетін еңбек нарығыныңрегионалдық сигментациясы болады. Осы ерекшеліктердің негізінде халықтың әлеуметтік – демографиялық құрлымы, жұмысшы күшінің профессионалдық – квалификациялық құрлымы, ұлттық құрам жатады.
Еңбек нарығында еңбек ақы, баға миханизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің қимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы-бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.
Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшыкүші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер;жұмыс іздеуден бас тартқандар;жұмыс іздеуді бітіргендер;жұмыс тапқандаржәне т.б.Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.
Кейнстік концепция бойынша, жұмыспен қамтуға тек жиынтық сұраныс әсер етпей қоймайды, оған жалпы сұраныстың өсуінің әр түрлі салалар арасындағы бөлінуде, яғни жиынтық сұраныстың құрлымы әсер етеді. Жұмыспен қамтудың жеткілікті дәрежесінің тиімді құралына мемлекеттің инвестициялық іс - әрекеттерінің молаюы, экономикалық дамудың нақты жағдайларымен есептесе отырып, мемлекет тарапынан инвестициялардың оптималдық көлемі қамтамасыз етілуі жатады. Кейнстік үлгі мемлекеттің макроэкономикалық процестерді басқаруға кірісуіне негізделеді, ал оны жүзеге асыру механизмі психологиялық сипаты бар заңдылықтар мен құбылыстарға (тұтынуға бейімділік, жинақтауға бейімділік, инвестицияға ынталандыру) және басты экономикалық көрсеткіштердің арасындағы мультипликативтік байланыстарға негізделеді.
2.2 Икемді нарық концепциясы мен жұмыспен қамтудың контрактілік теориясы
Икемді ( жұмсақ ) нарық концепциясы - ( Р. Буае, Г.Стэндинг ). ХХ ғасырдың 70 – ші жылдардың аяғында батыстағы дамыған елдердің экономикасында құрылымдық қайта құру жүргенде пайда болып тараған. Бұл концепция бойынша, еңбек нарығын реттеудің қажеті жоқ, жұмыспен қамтудың әдеттегідей емес, функционалдық, индивидуалданған және стандартты емес, жекелей ( толық емес ) жұмыспен қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы, қысқа мерзімді контрактылар, жұмысты үйге берудің жұмсақтау ( икемділеу ) формаларына көшу қажет. Осындай шаралар экономиканың құрылымын қайта құруға жұмсалатын шығындарды төмендетуге тиісті.
Осыған жету жолдары:
3.3 Еңбек биржасы және оның қызметтері
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастардың дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызыметтері өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме.
3.4 Жұмыспен қамту саясаты
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілідікке жол береді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырады.
Қорытынды
Мен «Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс, жұмысбастылық және еңбекке ақы төлеу» атты курстық жұмысымды аяқтай келе, қысқаша қорытындылап отырмын. Жұмысым 3 бөлімнен құралады. Әр бөлімінде өзінің тақырыбына сәйкес жеке-жеке сипаттама бердім.
Жалпы, адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеу әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапатталу ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындайды. Еңбек нарығы ғылыми шешімдерді, жаңалықтарды, өнер табыстарын, материалдық және рухани игілікке айналдыру үшін ұдайы жұмыспен қамтамасыз етеді. Еңбек нарығының басты міндеті және сипаттамасы:
- кәсіпорындар саны көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны жалдау үшін өзара бәсекелеседі;
- жоғары дәрежелі мамандандырылған қажетті жалдаушылардың көптігі;
- еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті ықпалы жоқ.
Еңбек нарығының тиімді жұмыс істеуіне информациялық маңызы зор. Ғылыми-техникалық, экономикалық информациялар және болжауларды уақытты пайдалану және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодесі» 2007-2008жж
2. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С, Жанайдаров У.А. «Экономикалық теория» Астана – 2002 жыл.
3. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақыпова Ф.Н, Табаев Т.П. «Экономикалық теория». «Қазақ университеті» Алматы – 1999 жыл.
4. Жүнісов Б.А, Мәмбетов Ү. «Нарық экономикалық негіздері». Алматы – 1999 жыл.
5. Шеденов Ө.К, Байжомартов Ұ.С, Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық тоерия» Алматы – Ақтөбе, 2002 жыл.
6. Чепурин М.Н. «Курс экономической теории»
7. «Динамака рынка в Казахстане» // Труд в Казахстане, 2006, № 5, стр 112-115.
8. «Еңбек нарықтық категория». // Егемен Қазақстан, 2007, 4 қаңтар.
9. «Рынок в Республике Казахстан». // Труд в Казахстане. 2006, Декабрь, стр 29
10. « Батыс Қазақстан облысының статистикасы» 2006-2007жж
11. «Ситуация на рынке труда». // Приуралье, 2006, 21 апрель.