Уланбатар мен моңғолияның басқа аймақтарын мекендейтін қазақтардың рухани жағдайы, тіл, мәдениет жайлы ойтолғам
Армысыздар, құрметті ағалар, апалар, тіл мен ұлт жанашыры болған ардақты қандас бауырластар!
«Ата жұрт», «Атамекен» деген аяулы атауларды қаршадайымнан жадыма сіңіріп өссем де, дәл мағынасын енді ғана толық сезіне бастағандаймын. Әр қазақтың жүрегіне ұялаған, ата жұртқа деген сағынышы, сол бір қасиетті мекенге алғаш ат басын тіреген әр қазақтың ой толқуы мен тебіренісін, қуанышы мен мұңын мен де басымнан кешіріп келемін! Біз Атамекенге жақын болсақ та алыстамыз. Жақын болуымыз, әрине ұлттық рухымызға байланысты ғой. Ал алыс болуымыз еларалық шекара бізді бөліп тұр. Алайда ұлт жанды адам үшін шекара бөгет емес. Кітаптан ғана оқып, теледидардан ғана көріп жүрген Ата жұртқа ақыры жеттім-ау, әйтеуір! Халықаралық конференцияға Моңғолия қазақ әйелдері атынан қатысып сөз алғаныма көңілім дән риза.
Осы бір бимәлім тарихты әкем Асқанбайұлы Сарай марқұм бұдан жарты ғасыр бұрын зерттеп «Баян Өлгий аймағы қазақ қауымының тарихынан» атты туынды жазып, ұрпаққа мұра қалдырып кетті. Өз төркінім уақ. Керей мен уақ аса бауырмал ру. Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама – жоңғар шапқыншылығы заманында Алтай мен Арқадан Сырға, Сырдан Орға, Ордан Шыңғысқа, Шыңғыстан Шыңжаңға, ақыры Алтайдың Бес әулие шыңының
Сонымен қазақтар жоғары мәртебелі лауазымға тағайындалып, оқуға ілесіп, соңында көмір, алтын, вольфрам-шпат кеніші, ағаш дайындау, шикізат өңдеу, егіншілік орнында кәсіп етумен шұғылдана келіп «үлкен жер, ішкері жақ» Улаанбаатар, Налайх, Сэлэнгэ, Дархан, Өндөрхаан, Шарынгол,
Моңғолиялық қазақтардың орталығы атанған шалғай батыстағы Баян Өлгий аймағында тұратын қазақтар жайлы әңгіме өзінше бір төбе. Ондағы қазақтар тілі мен салт-дәстүрін біршама таза сақтаған, рухы биік екенін мақтанышпен айта аламын. Сіздер де мұны жақсы білесіздер. Сол Баян
Моңғолиядан ішкері жақта ұмыт болып бара жатқан тіліміз, мәдениет, салт-дәстүрімізді жандандырып, кейінгі ұрпаққа мирас ету үшін өзім бірнеше зиялы әйелмен бірігіп осыдан екі жыл бұрын Уланбатарда қазақ әйелдерінің «Арулар» одағын құрдым. Әзірше қазақ ағайындар ішінде әртүрлі жұмыстар ұйымдастырған болып жатырмыз. Халықтың рухани байлығына себі тие ме деген ниетпен мезгіл сайын нендей бір жұмыс ұйымдастырып, «Үлкеннің