Turbo Pascal 7.0. программалау тілі
Жоспар
Кіріспе 2
1. Мәліметтер типтері 4
1.1 Стандарт қарапайым типтер 5
1.2 Символды тип 5
2. Жолдық типтер 7
2.1 PChar жолдық типі 8
3. Жолдық параметрлер 9
4. Жолдар типтерімен жұмыс 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 17
Кіріспе
Паскаль программалау тілінің алғашқы баламасы Швейцария ғалымы Никлаус Виртпен 1968 жылы құрастырылды. Алғашында, программалау тілі тек оқып-үйренуге арналды, себебі ол біршама детерминантты болған, яғни құрамыедағы барлық элементтері белгілі бір ережеге бағынған еді. Негізгі ерекшеліктері: программалауды бастауға болатын негізгі түсініктердің басқа тілдерге қарағанда онша көп еместігі, қарапайым синтаксис, берілген мәтінді компьютерлік кодке айналдыратын, жылдам жұмыс жасайтын компилятор.
Паскаль - программалауға арналған керемет тіл, ол оқып үйренуге жеңіл, дұрыс ойластырылған, анық, әрі логикалы түрде толығымен түсінікті болып келеді. Программалауды оқып-үйренудегі алғашқы тіл бола отырып, жақсы, әрі тиімді программалау стилін меңгертеді. Паскаль құрылымды түрде программалаудың және жалпы программалаудың тәртібін үйретеді. Жалпы айтқанда, оның мүмкіндіктері басқа тілдерге, мәселен Бейсикке қарағанда әлдеқайда көп.
Паскаль - иілімді дәне мәліметтер түрлері жағынан дамыған программалау тілі. Оның рекурсивті мүмкіндітері, , сонымен қатар обьектті-бағытталған программалауды қолдауы аса маңызға ие болады.
1. Мәліметтер типтері
Мәліметтер түрі түсінігі Паскаль программалау тілінде маңызы зор. Мәліметтер типі ішкі түсінігімен, осы мәліметтерге қоюға мүмкін болатын мәндер және олармен жүргізуге болатын операциялар жиынтығымен сипатталады. Мәліметтер түрлері құрамына қарай стандартты (прогрммалау тілі құрастырушылардың өнімі) және қолданушылық (программистпен өзінің программасында анықталатын) бөлінеді. Біз келесі стандарт түрлерін қарастырамыз: бүтін сандар, нақты сандар, логикалық түр, сималдық және жлдық түрлерді қарастырамсыз. Әрбір программист өзінің типін типтерді анықтау бөліміндегі негізгі ерекешеліктерге назар аудара отырып сипаттай алады. Ол Type сөзімен басталып, кейін мынадай түрдегі құрылым болады:
1.1 Стандарт қарапайым типтер
Turbo Pascal 7.0. программалау тілінің негізгі түрлеріне стандарт қарапайым және стандарт құрылымды типтер жатады.
Қарапайым түрлер скаляр және шектеулі болып екіге бөлінсе, скаляр түрлер стандарт және саналатын деген топтарға бөлінеді. Стандарт скаляр типтер бес түрге бөлінеді:
1.2 Символды тип
AnsiChar және WideChar типтері программалау тілінің көптеген бөлек символдарын сипаттайды. AnsiChar 256 ASCII кодтарының жиынын сипаттайды, бір байт жадты алса, WideChar Unicode (әмбебеп кодтар жиынтығы) жиынын сипаттайды, екі байт жад алады. AnsiChar типі программалау тілінің ескі баламаларындағы негіз болған Char типіне сәйкес қызмет атқарады.
Мысалы:
2. Жолдық типтер
Бұл тип көптеген жағынан Array of Char типімен, яғни символдар массивімен ұқсас болып келеді. Оның негізгі ерекшелігі мынада: осы типтің айнымалысы символдардың өспелі саны болуы мүмкін (нөлден жоғарғы шекке дейін), осы уақытта символдар массиві әрқашан есептелген және бірдей символдар санын иемденеді.
2.1 PChar жолдық типі
Windows функцияларымен байланыс құру үшін Pascal-да жаңа жолдар типі - аяқтаушы нөлімен PChar-жолдар құрылған. Паскаль программалау тілінің қарапайым және бұрыңғы баламаларында String-жолда жоғарыда аталып кеткендей, нөлдік байт осы жолдың символдарының санын сақтауға арналған, ал символдардың өздері алғашқы байттан бастап ретімен орналасады. Ал PChar-жолда керсінше, символдар нөлдік байттан бастап ретімен орналасады. Олардың реті аяқтаушы нөлмен бітеді.
3. Жолдық параметрлер
Жолдық типтің мәні болып оның ұзындығының динамикалық атрибутының символдардың реті (программаның орындалуы кезіндегі символдардың нақты санына тәуелді) және тұрақты 1-ден 255-ке дейінгі көлемі бар өлшем атрибуты болады. Ұзындық атрибуттың ағымдағы мәнін Length стандарт функциясы арқылы алуға болады.
4. Жолдар типтерімен жұмыс
Турбо Паскальда String (жол) түрі мәтіндерді өңдеуде кеңінен қолданылады. Бұл тип стандарты болып келеді және көп жағынан бірөлшемді символдар массиві Array [0..N] of Char ұқсас. N мәні жолдағы символдардың санына сәйкес болады, 0-ден 255-ке дейін өзгеруі мүмкін. Жолдың құрамына кіретін символдар 1-ден N-ге дейінгі позицияда орналасады. 0 индексімен жолдың алғашқы байты оның ұзындығы туралы мәлімет береді, яғни осы жол ұзындығына тең кодпен символ болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Блашкин И.И., Буров А.А. Жаңа мүмкіндіктер Turbo-Pascal 7.0. — М.: “Макет” баспасы, 1992 жыл.
2. Бородич Ю.С. Дербес компьютерлерге арналған Паскаль : Әдістемелік құрал/ Ю.С.Бородич, А.Н.Вальвачев, А.И.Кузьмич. — М.: 1991жыл.
3. ВасильевП.П. Турбо Паскаль — менің досым: М.: Компьютер, ЮНИТИ, 1995 жыл.
4. Джордейн Р. Справочник программиста персональных компьютеров типа IBM PC, XT, AT типті дербес компьютерлердің программистіне арналған әдістемелік құрал: ағылшын тілінен / — М.: 1991 жыл.
5. Зуев Е.А. Turbo Pascal 7.0. программалау тілі — М.: Унитех, 1992 жыл.
6. Мизрохи. Turbo Pascal және обьектті-бағытталған программалау. — М.: Қаржы және есесп, 1992 жыл.
7. Borland Pascal with Objects 7.0. процедуралары мен функцилары туралы әдістемелік құрал — Киев: “Диалектика”, 1993 жыл.
8. Фаронов В.В. Турбо Паскаль 7.0. ортасында дербес электронды есептеуіш машиналарда программалау — М.: МГТУ баспасы, 1990 жыл.
9. Фёдоров А. Вorland Pascal-да программалаудың ерекшеліктері. — Киев: “Диалектика”, 1994 жыл.
10. Хершель Р. Турбо Паскаль/ 2-ші өнделген басылым, өңделуі — Вологда: МП “МИК”, 1991 жыл.
11. POWER TOOLS PLUS. Turbo Pascal 7.0. қолдау процедуралары: Қолданушыға арналған әдістемелік құрал. Техникалық құжаттама.