Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Кәсiпорынның экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Полный просмотр работы

Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу

Мазмұны
Кіріспе 3
Бөлім 1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері 4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні 7
Бөлім 2. Өнімнің өзіндік құнын талдау
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
Классификациясы 12
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау 16
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі 21
Бөлім 3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру 23
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту 25
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 30

Кіріспе
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері

Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар

Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

2. Өнімнің өзіндік құнын талдау
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының классификациясы
Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп және калькуляциялау мақсатында оларды келесі түрде классификацияланады:
• өндіріс түрі бойынша-негізгі және көмекші;

2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау
Үш өндірістік фактор-еңбек құралы, еңбек заты, еңбектің өзі-өнімнің өндірісі және өзінді құнды анықтайды.
Өзіндік құнды азайтуды талдауда осы негізгі экономикалық элементтер арасындағы шығындар арқылы енгізуге болады. Бірақ тәжірибеде мұндай талдауды енгізу қиын, себебі шығын мен өзіндік құнның калькуляциясының есебі экономикалық элементтер арқылы емес, ол элементтер кешенді түрде көрсетілетін шығындар абында көрсетіледі (мысалы, жалпы цехтық шығындар).

Инфляция кезінде тікелей және жанама шығындарды инфляция пайызына көбейту қажет. Егер инфляция жылына 15 % болса, онда:
өнім бірлігіне тікелей шығындар 17,1 х 115% =19,67 тенгені құрайды
жанама шығындар 119 000 х 115% = 219 650 тенге
Шығындар соммасы өнімді өткізу бағасына қосылу жолымен өткерлуі тиіс. Өнімнің бір түрлі өндірісі жағдайында өткерілу өте оңай жүреді, бұл кезде мүмкін болатын шығын сомасы мүмкін болатын өнім өндірісіне бөлінеді. Жоспарланған кезеңдегі өнім өндірісі құрал-жабдықтың еңбек өнімділігі, жеткізілетін шикізат көлемі, өткізу нарығы және т.б. сияқты көптеген көрсеткіштердің есебін бағалаумен жүзеге асырылады.

2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі
Кәсіпорынның өндіріетін әрбір өнімнің толық өзіндік құнын біле отырып, сатып алушыға осы өнімнің өткізілу бағасын немесе құнын анықтауға болады.
Әрине, өткізу бағасын орнатқан кезде төмендегідей басқада элементтерді ескеру қажет:

3. Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру
Жоғарыда аталғандай еркін бәсекелестік жағдайында кәсіпорын (фирма) өндірген өнімге баға автоматты түрде орнатылады. Оған нарықтық баға қалыптастыру заңдары әсер етеді. Сонымен қатар әрбір кәсіпкер максимальді мүмкін пайда алуға тырысады. Осы жерде Өнім өндірісі көлемін өсіретін, оның толықтырылмаған нарықтағы қозғалысына әсер ететін факторлардан басқа, осы өнімді өткізу және оның өндірісіне шығындарды төмендету, өндіріс шығындарын төмендету мәселесі туындайды.

3.2 Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту
Өндіріс процесінде қолданылатын шығындардың мөлшерін азайту үшін үнемі экономикалық талдау жасау қажеттілігі туындайды.
Өндіріс процесінде өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар дайындалған өнімнің өзіндік құнының мөлшеріне тікелей әсер ететіндіктен шығындардардың қандай да статьясынан үнемдеу мүмкін болса, өнімнің өзіндік құны да азда болса төмендейді.
Өнімнің өзіндік құнын азатуды қамтамасыз ететін жалпы факторларға мыналар жатады:

Қорытынды
Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірісіне шығындар тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар- ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Пайдаланылған әдебиттер
1. Абдильдина Л.И. , Абдильдин С.С. Экономика предприятия. Алматы: Каз Нау ГРУ, 2004, 452стр.
2. Грибов В.Д., Грузинов В.П. . Экономика предприятии:Учебн. Практикум. -3-е изд.-М.: Финансы и статистика,2004.
3. Жалпы экономикалық теория Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Комягин./ Жалпы ред басқарған Ө.Қ. Шеденов- Ақтөбе 2004
4. Калдыбаев О., Темирбаев А. Экономика предприятия (фирмы).-Учебн. Пособие.-Алматы, «Санат», 1997.-208стр.
5. Кендирбаев А., Омаров Г., Хагай В., Тасибеков, Ауганбаев А. Бизнес: составляющие успеха/ В помощъ предпренемателю. –Алматы ПРООН/ЮНИДО ,2000
6. Сабырбаев Б. Экономикалық орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.-Алматы: Қазақстан, 1995
7. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов/ И.Э Берзинь С.А., Н. Н. Савченко, С.Г Фалько-М.: Дрофа,2003.
8. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред А.Е.Карменко М.Л. Шухгальтера. –М.: ИНФРА-М, 2004.
9. Экономика предприятия: Пер с нем-М: ИНФРА -М, 1999.
10. Экономика предприятия: Учебник/ Под ред. Проф О.И. Волкова. 2-е изд., перераб и доп.М.: ИНФРА-М 1999
11. Экономика предприятия: Учеб. Для вузов / Под ред. Проф В.Я Горфикеля, проф В.А. Швандара. -3-е изд, перераб и доп.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000