Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
Мазмұны
Кіріспе 3
І тарау. Құқық туралы түсінік 6
1.1 Құқық ұғымы, белгілері 6
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны 11
ІІ тарау. Құқықтық норма 19
2.1 Құқықтың қайнар көздері 19
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы 26
ІІІ тарау. Құқықтық қатынас 36
3.1 Құқықтық қатынас ұғымы 36
3.2 Заңды айғақ 38
Қорытынды 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 45
Кіріспе
Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде «неге?» деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
І тарау. Құқық туралы түсінік
1.1 Құқық ұғымы, белгілері
Республикамыз өз тәуелсіздігін алып, небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі күнде экономикасы дамыған мемлекетке айналған тұста да елімізде ақсап жатқан кейбір келесі мәселелер бар екендігі да жасырын емес.
Ел болған соң, соңғы кездері жалпы халықтық құқық бұзушылық теріс әрекеттерінің қоғамда өршіп, оның алдын алудағы құқықтық тәрбие берудің кемшін тартып отырғаны қоғамдағы өзекті мәселеге айналуда. Қазақта «ел боламын десең-бесігіңді түзе» деген нақыл сөз бар. Осы сөз арқылы айтылған бабалар аманатындағы жауапкершілікті ата-анаға ғана тиісті деп емес, қоғамдағы әрбір адамзат баласының саналы ұрпақты тәрбиелеудегі, білім берудегі қағидалы мақсаты деп түсінгеніміз жөн шығар.
Сондықтан да қоғам болашағы құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда ұлттық дәстүрлі ерекшелігімізді негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жалпы білім беру мазмұнында қарастырудың маңыздылығы бүгінгі күні өз қажеттілігін танытып отыр.
1.2 Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны
Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды. Осы қатынастарды реттеу, тәртіптеу ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері, үлгісі, эталоны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік) нормалары, әдет-ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа.
Әлеуметтік-техникалық нормалар – техникалық құралдарды пайдалану, қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар және тағы басқа.
2.2 Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, торшасы.
Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма – заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза және санкция (жаза, шара).
ІІІ тарау. Құқықтық қатынас
3.1 Құқықтық қатынас ұғымы
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты белгілі тәртіпті, құқықтық жүйені және тәрбиені талап етеді. Мұның өзі заңды сыйлау әрі құрметтеуді бірінші кезекке қояды.Келешегіміздің бағдарлы өрістерін кеңейту үшін саналы да сауатты рухани-психологиялық мәдениеттің қалыптасуымен жетілуіне жол ашу- қоғамның биік мақсаты. Бұл жағдайлар жаңа әлеуметтік дамудың ондағы формалық мазмұнның бағытына қарай бейімделуіне мүмкіндік береді.
3.2 Заңды айғақ
Заңды айғақтар (фактілер) – нақтылы өмірлік мән-жайлар. Сол айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет; жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардың мұндай жиынтығы айғақтық деп аталады.
Қорытынды
Сонымен, «Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы», атты дипломдық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:
Қандай да болмасын ғылымның алғашқы ірге тасын сол ғылымға қатысты негізгі ұғым қалайтын болса, заң ғылымының алғашқы баспалдағын құқық түсінігі, оның мән-мағынасын қалыптастыратыны бізге жоғарыдағы тараулардан белгілі болды.
Неге менің бұл жұмысымда «құқық» түсінігі төңірегінде осыншама ой қозғалды деген сұрақ туындаса, оған мен былай жауап берейін: «Құқықтық норма» ұғымы, оның мән-жайы, белгілері өздігінен туындаған жоқ. Құқықтық норманың туындауына арқау да негіз де болған – «құқық» термині. Егер мемлекет (немесе қоғам) болмаса, сол мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құқық болмаса, онда заңды жауап – құқықтың жазбаша нысаны – құқықтық норманың да болмайтындығы айдан анық.
Демек, менің айтар ойым мынада: жоғарыдағы тарауларда белгілі болғандай құқықтық норма ұғымы құқық түсінігімен, құқықтың қайнар көздерімен тығыз байланыста.