Меншік
Жоспар
КІРІСПЕ 3
I МЕНШІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Меншіктің мәні және элементтері 4
1.2 Меншік қатынастарының даму заңдылықтары 10
1.3 Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама 12
ІІ Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесінің негізгі бағыттары мен нәтижелері 16
2.1 Экономикадағы жекешелендіру процесінің шетелдік тәжірибелері 16
2.2 Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері 19
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32
КІРІСПЕ
ХХІ ғасыр табалдырығында Жаңа Тәуелсіз мемлекеттердің қоғамдық дамуындағы аса маңызды мәселелердің бірі – меншік қатынастарын жан-жақты қарастырып, шаруашылықтардың даму жолдарын объективті зерттеу. Бүгінгі таңда негізгі мәселе.
I МЕНШІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Меншіктің мәні және элементтері
Меншік ұғымының мәнін анықтауда негізгі қағида «қандай да болмасын өндіріс жеке адамдардың қоғамдық форма (түр) шеңберінде және де сол арқылы табиғат заттарын иемденуі. Осы тұрғыдан, меншік ( иемдену) - өндіріс шарты қағидасы тавтологиялык (күрғак қайталау) пайымдау болып көрінеді.
Меншіктің бұл анықтау облысы, оны кез - келген политэкономиялық ұғымдарға тән заңдылық - мән , мазмұн, форма тәуелділігі шеңберінде талдауды қажет етеді.
Мән дегеніміз - құбылыстың ішкі құрамдас элементтерінің өзара бірлігін, ал мазмұн — ішкі, сыртқы факторлар әрекеттерінің ерекше формадағы көрінісі, байланыс заңдылықтары.
1.2 Меншік қатынастарының даму заңдылықтары
Ғылыми талдаудың ерекшелігі нәтижесінде меншік қатынастарының пайда болуы және қазіргі өмір сүру жағдайлары мен іс-қызмет ету шарттарын(жағдайларын) айқындау кез-келген қоғамдық құрылысқа қатысты нәрсе. Буржуазиялық жеке меншік немесе социалистік мемлекеттік меншік қатынастарының пайда болу, даму заңдарына сәйкес келуі тиіс. Бұл кез-келген реформаларды тұрпайы(анайы)қорғаудан да анағұрлым күрделі міндет.
1.3 Меншіктің ұйымдық-құқықтық түрлері мен формаларына сипаттама
Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына тапталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің адамзат даму процесінде алатын орны ерекше.
«Меншік» ұғымын 2 мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтар мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар . Меншік - қоғам өмірінің негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік, құқығы - қондырманың элементі болып саналғанымен, қоғамның белгілі бір даму кезеңінде санатқа(базис) кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.
2.2 Қазақстан Республикасында жекешелендіру процесіне талдау және оның нәтижелері
Еліміз егемен болып, дербес даму жолына түскен алғашқы айларында - ақ мемлекеттік басқару органдары қайта құрылды. Олардың қатарында өкілеттілігі Президенттің 1991жылғы 22-сәуі-рінде №318 жарлығымен бекітілген Қазақ КСР Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі: мемлекеттік комитеті де болды.
«Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» заңды іске асыру мақсатында елімізді әзірленген және Президент қаулысымен бекітілген 1-шІ бағдарлама — Қазақстанда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған бағдарламасы болатын.
Жекешелендіру - 1-ші кезенде ынталы сипатта болды. Мемлекеттік органдар жекешелендіру туралы шешімді кәсіпорын ұжымы жекешелендіруге өтінім бергеннен кейін ғана қабылдады. Кәсіпорынды мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің нысанын таңдау еңбек ұжымына берілгені, осы кезеңдегі жекешелендірудің ерекшелігі болып табылады.