Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 44 стр.

Полный просмотр работы

Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы (Ы.Е.Маманов еңбектері негізінде)

МАЗМҰНЫ
К І Р І С П Е 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 11
1.1 Сөздің морфологиялық құрылымы 11
1.2 Қос қызметті аффикстер 13
1.3 Профессор Ы.Маманов қазақ тіліндегі шырай категориясы туралы 14
1.4 Қазақ тіліндегі көптік форма туралы 16
1.5 Ы.Маманов қазақ грамматикасындағы нөлдік форма туралы 17
2.1 Түбір етістіктердің мағыналық ерекшеліктері 20
2.2 Етістік түбірі және оның семантикалық, грамматикалық өзгеруі туралы 22
2.3 Ы.Е.Маманов еңбектерінде күрделі етістік мәселесінің зерттелуі 25
2.4 Ы.Маманов еңбектеріндегі көмекші етістік мәселесі және олардың амалдың өту сипаты категориясына қатысы 26
2.5 Етіс категориясының Ы.Маманов еңбектерінде зерттелуі 30
2.6 Етістіктің болымсыздық түрлері 33
2.7 Қимыл есімі 34
2.8 Рай категориясы 35
2.9 Есімше 37
2.10 Етістіктің көсемше түрінің зерттелуіне Ы.Е.Мамановтың қосқан үлесі 38
2.11 Қазақ тіліндегі шақ категориясы және оны зерттеудегі Ы.Е.Мамановтың үлесі 39
2.12 Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 44

К І Р І С П Е
Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі заман тіл білімі – дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп тармақты ілім. Оның құрамында әртүрлі лингвистикалық бағыттар, мектептер, зерттеудің әртүрлі әдіс-тәсілдері бар. Оның сипатын, бүгінгі күйін басқаларынан бөлініп алынған жеке бір мектеп, я зерттеудің жеке бір әдіс-тәсілі көрсете алмайды, оған өресі жетпейді. Сол бағыттарды, мектептерді, әдіс-тәсілдерді бірлікте алып қараған жағдайда ғана тіл білімінің қазіргі күйін, сипатын толық түсінуге болады.

Зерттеудің өзектілігі. Ы.Е.Маманов жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар бойы дәріс берген тілші-ғалым. Бүгінгі таңда ғалымның көзін көрген, дәріс алған шәкірттерінің дені - тіл мамандары, көпшілігі ғылым докторлары. Олар Ы.Мамановты өз мамандығын терең меңгерген білгір ғалым болғандығын үлкен құрметпен еске алып, морфология саласы бойынша ғалымның сол кезде айтатын құнды пікірлері мен ғылыми тұжырымдарының қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарымен, өзекті мәселелерімен сабақтас келетініне ерекше назар аударады. Алайда, қазақ морфологиясы бойынша кейінгі жас зерттеушілер еңбектерінде ғалым еңбектерінің мүлде аталмайтындығын да атап айту керек. Бұл ғалымның зерттеу еңбектерінің жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы ретінде жазылмауынан болса керек. Морфология бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы А.Ысқақовтың авторлығымен шығып, ол бірнеше рет қайта өңделіп, күні бүгінге дейін осы оқулықпен оқытылуда. Ы.Мамановтың ғылыми зерттеулерін осы сала бойынша арнайы ізденгендер болмаса, көпшілік біле бермейді.

Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – Ы.Е.Мамановтың ғылыми танымы мен өзіндік көзқарастарын ғалымға дейінгі және қазіргі таңдағы ғылыми ой-пікірлермен салыстыра отырып, түркітану іліміндегі, оның ішіндегі қазақ тіл біліміндегі орнын анықтау, ғылыми мұрасына лайықты бағасын беру. Бұл мақсатқа жету үшін ғалым мұрасындағы төмендегі мәселелердің шешімін бағалау міндеттері қойылды:
- ғалым зерттеулеріндегі етістік тұлғаларының лексика-грамматикалық қызметтеріне сәйкес жіктелуі (негізгі және функциялық етістіктер);
- қосымшалардың қызметіне орай топтастырылуы;
- қазақ тіліндегі негізгі және қосымшалы түбір етістіктердің қызметі, функционалдық деңгейде түбір және модификациялы етістіктерге ажыратылуы;
- Ы.Е.Маманов еңбектеріндегі етістіктің грамматикалық сипатына қатысты тұжырымдарының ғылыми-теориялық деңгейін қазіргі тіл білімі тұрғысынан анықтау;
- әдеби тіл мен оның нормалары туралы, қазақ тілінің терминдері жөніндегі пікірлерінің мәнін ашу.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
- қазақ морфологиясы жөніндегі ілімдердің Кеңестік кезеңіндегі қалыптасуы мен даму жолдары сараланады;
- Ы.Е.Маманов зерттеулеріндегі концептуалды тұжырымдар өзге де морфолог-зерттеушілердің ой-пікірлерімен салыстырылып, ғалымның ұстанған бағыты, концепциясының ғылыми негіздері ашылып көрсетіледі;
- қазақ тіл білімінде қазақ тілі морфологиясының күрделі проблемаларының зерттелу барысына ғылыми шолу жасалып, Ы.Мамановта ол мәселелердің қандай шешім тапқаны анықталады;
- Ы.Мамановтың қазақ тілі морфологиясын ғылыми пән ретінде дамытудағы қосқан үлесі, жаңалығы, орны, мақсаты анықталып, соның нәтижесінде ғалымның ғылыми лингвистикалық мұраларының құндылығы айқындалады.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Жалпы тіл білімі жекелеген тілдерді зерттеудің негізінде дамиды. Сондықтан жекелеген тіл білімі өкілдерінің зерттеулері ұлттық тіл ғылымының тарихындағы теориялық бағыттар мен мектептердің, оның көрнекті өкілдерінің алатын орны мен рөлін анықтауда ерекше маңызды болып табылады. Қазақ тіл білімінде Ы.Е.Маманов сынды жекелеген ғалымдардың теориялық көзқарастарын, ой-тұжырымдарын, ұстанған бағыттарын арнайы зерттеу сол ғылым саласының қалыптасу, даму тарихын қазіргі тіл білімінің жетістіктері және жаңа салаларымен сабақтастығын теориялық тұрғыдан пайымдауға жол ашады.
Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, морфология пәні, функционалды грамматика бойынша лекциялар курсында кеңінен қолданылады. Жұмыстың кейбір деректері ғалымның еңбектері туралы энциклопедияларда, қазақ тілі бойынша анықтағыштарда қолданылады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
- көрнекті, айтулы ғалымдардың лингвистикалық мұрасын зерттеу, бағалау, қазіргі тіл білімінің дамуындағы орнын көрсету ғылымның тарихы үшін аса маңызды мәселе болып табылады;
- қазақ тіл білімін дамытуға үлес қосқан айтулы ғалымның ой-пікірін саралап, олардың теориялық негіздерін көрсету тілді зерттеуді жетілдіру үшін аса қажет;
- қандай лингвистикалық мектеппен байланысын, қандай ғылыми-теориялық бағыттарға сүйенгенін, қандай тәсілдер қолданғанын анықтаудың тілдің өзіндік табиғатына байланысты ерекшеліктерін зерттеуде маңызы зор;
- тіл ғылымы жетістіктерін қаншалықты пайдалана алғанын көрсету;
- қандай ғылыми әдістерді қолданғанын, тілдің дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың өзара байланысын көрсете алғанын саралаудың мәні аса зор. Туыстас тілдердің, жүйесі туыс емес тілдердің деректерін салыстыру арқылы ғалымның қол жеткен нәтижелерін көрсету аса қажет.

1.1 Сөздің морфологиялық құрылымы
Адам санасында түйінделген ұғымдар сөзбен белгіленгенімен, органикалық бірлікте емес. Сол себептен әр халықтың тілі әр басқа. Әр тіл өзінің ішкі дамуына сәйкес әр алуан өзгеріске түсіп, тілдің грамматикалық құрылысы қалыптасады. Сөз және сөздің грамматикалық құрылымы туралы анықтама беру үшін, басқа тілдерде қолданылатын кейбір грамматикалық терминдерді қолданбас бұрын, тілдік материал негізінде анықтап алу қажет.

1.2 Қос қызметті аффикстер
Қазақ тілі аглютинативті тілдер тобына жатады. Сонымен байланысты сөзжасам және сөзтүрленім қызметін көбінесе қосымшалар атқарады. Қосымша термині алғашқы грамматикаларда «приставка», «послелог», «частица» делініп түрліше аталды. «Қосымша» терминін алғаш қазақ тіліне енгізген белгілі ғалым А.Байтұрсынұлы жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейтіндерді – жұрнақ деп атаған. Қ.Жұбанов болса, жұрнақ терминінің орнына «үстеу» терминін қолдануды ұсынған.
Ал Ы.Е.Маманов қосымшаларды, ең алдымен, не сөз жасайтын қосымшалар не форма ғана жасайтын қосымшалар деп жіктеу қажет деген концептуалды пікір ұсынады. Кейін Ы.Мамановтың осы концепциясын дамытқан ғалым С.Исаев қосымшаларды осы негізде бөліп көрсеткен. Ғалым еңбегінде қосымшаларды осы үлгіде жіктеуде өзгешелік кездеседі. Ол сөзжасам қосымшаларының бір тармағы етіп – функциялық қосымшалар деген бөлікті қосады. Бұл қосымшалар - -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -ғы, -гі қосымшалары. Ғалым бұл қосымшаларды жаңа сөз де тудырмайтын, форма да тудырмайтын, контексте ғана өмір сүретін сөзжасам қосымшаларының ерекше қолданысы деп атайды [5, 226 б.].

1.3 Профессор Ы.Маманов қазақ тіліндегі шырай категориясы туралы
Қазақ тілінде сын есімнің шырай категориясының зерттелуіне біраз ғалымдарымыздың үлес қосқандығы белгілі. Алайда шырайдың грамматикалық топтарына қарай бөлуде бірізділіктің жоқтығы байқалады. Мәселен, кейбір оқулықтарда –қыл, -ғыл, -қылт, -тым, -шыл, -шіл, -ғыш, -гіш жұрнақтары салыстырмалы шырай құрамында беріледі. Яғни шырай түрлерін анықтауда қандай принципке сүйенеміз деген мәселенің басы ашық емес екендігін алғаш байқаған Ы.Маманов шырай мәселесінде екі түрлі жағдайға баса назар аударған. Оның бірі – жоғарыда аталған сынның белгісін білдіретін жұрнақтарды сөзжасам жұрнақтарына жатқызу керек пе, әлде шырай категориясында қарала ма деген сұрақ болса, екіншісі – жай шырайдың шырай парадигмасының құрамына ене ме, яғни шырайдың бір түрі ретінде грамматикалық қатарға (граммема) жата ма деген мәселе.

1.4 Қазақ тіліндегі көптік форма туралы
Көптік категориясы жайлы тіл білімі жөніндегі оқулықтарда арнайы баяндалады. Түркі тілдерін зерттеген ірі ғалымдарымыз Малов, А.В.Баскаков, А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев еңбектерінде көптік категориясы жайлы пікірлер айтылған. Ал қазақ тілінде бұл мәселеге алғашқылардың бірі болып арнайы тоқталған ғалым – профессор М.Балақаев (1940). Сондай-ақ Н.Оралбаева (1959), А.Д.Данияров (1965), А.Ысқақов (1965) еңбектерінде жалғасын табады. ...С.Исаевтың қазақ тіліндегі көптік жалғаудың негізінен жұрнақтық функциясы жайлы айтқан пікірі шын мәнінде тілдік жүйеге, оның тілдік заңдылықтарына сүйеніліп жасалғандығы анық. Көптік жалғаудың жалғаудың басқа түрлерінен ерекшеленетін осы белгісі – қосымшаларды жіктеу мәселесінде ескерілуі қажет.
Ы.Маманов көптік формаға байланысты мынадай тұжырым жасаған: «Қазақ тілінде грамматикалық көптік форма біреу-ақ. Ол –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер қосымшалары арқылы жасалады. Әрбір грамматикалық форманың өзіне тән грамматикалық мағынасы болады. Кейбір грамматикалық форманың өзіне тән грамматикалық мағынасы болады.

1.5 Ы.Маманов қазақ грамматикасындағы нөлдік форма туралы
Тіл білімінде кейбір грамматикалық формадағы сөздер грамматикалық көрсеткішсіз-ақ нөлдік формада қолданылады. Нөлдік форма термині ғылымда нөлдік жалғау, нөлдік морфема, нөлдік форма, нөлдік қосымша, нөлдік таңба т.б. терминдермен белгілі болды. Нөлдік форма теориясының пайда болуына Фердинанд де Соссюрдің тілдік таңба теориясы негіз болды. Ф.Соссюр грамматикалық мағына білдіруші көрсеткіші жоқ сөз формасы басқа сөз формаларымен салыстыру арқылы, солардан өзгешелігі арқылы танылады дейді.

2.1 Түбір етістіктердің мағыналық ерекшеліктері
Тілдің сөздік қорының баюы, молаюы түрлі тәсілдер арқылы болса, солардың көне түріне семантикалық даму жатады. Семантикалық даму бойынша сөз дыбыстық, морфемдік құрамын өзгертпей-ақ бірте-бірте өзіне жаңа мағыналарды қосып отырады. Соның нәтижесінде тілде бір сөз бірнеше лексикалық мағына білдіреді, тілдегі қызметі артады. Семантикалық даму арқылы сөз саны көбеймегенімен, сөздердің мағыналық мүмкіндігі әлдеқайда өседі.

2.2 Етістік түбірі және оның семантикалық, грамматикалық өзгеруі туралы
Етістік Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаевтардың авторлығымен жарыққа шыққан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында, сонымен қатар бұл еңбектерге дейін жарық көрген Қ.Жұбанов (1936), С.Аманжолов (1938), І.Кеңесбаев пен С.Жиенбаевтың «Грамматикаларында» (1942) етістік бөлімі сабақты етістік пен салт етістік, болымды және болымсыз етістік, етіс категориясы, рай, шақ, жақ категориялары, есімше мен көсемше формалары үзілмей берілумен бірге, кейбір толықтырулар мен лингвистикалық атаулар тиянақталып, өзгерістер енгізіліп отырса да, белгілі бір дәстүрлі жүйе берік сақталып келеді деуге әбден болады.

2.3 Ы.Е.Маманов еңбектерінде күрделі етістік мәселесінің зерттелуі
Туынды сөздердің ішіндегі күрделісі де, қиыны да – күрделі сөз мәселесі. Басқа түркі тілдеріндегідей қазақ тіл білімінде күрделі сөз бен күрделі тұлғалар мәселесі XIX-XX ғ.ғ. аралығында қолға алына бастады.

2.4 Ы.Маманов еңбектеріндегі көмекші етістік мәселесі және олардың амалдың өту сипаты категориясына қатысы
Көмекші етістіктер көне жазба ескерткіштерден бастап қазіргі түркі тілдерінің барлығында да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі зерттелу тарихы Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерден басталады.
Қазақ тіліндегі көмекші етістіктердің нақтылы саны анықталып, зерттелмеген деуге болады. Себебі, тілші-ғалымдар еңбегіндегі көмекші етістіктерге берілген сипаттамаларда олардың саны нақты көрсетілмейді. Ы.Маманов пікірінде кішігірім қайшылықтар бола тұрғанмен, толымды (мәнді) көмекші етістіктерге қатысты есім сыңарлы күрделі етістікті тіркесті түбір етістік деп атап, олардың сөзжасамдық қызметін анықтады, күрделі етістіктер мен аналитикалық етістіктердің семантикалық айырмашылықтарын көрсетті т.б.

2.5 Етіс категориясының Ы.Маманов еңбектерінде зерттелуі
Қазақ тілінде етіс категориясы, негізінен, морфологиялық тәсіл арқылы жасалады. Әрбір етіс түрі арнайы аффикстермен сипатталады және барлық етістіктен етіс формасын жасауға болады. Алғашқы грамматикалардан бастап, 30 жылдарға дейінгі еңбектерде етіс түрліше бөлініп келді. Бұл категория 50-жылдардан бастап арнайы зерттеу нысанына алынып, ғылыми негізде қарастырыла бастады. Оған Н.А.Баскаковтың «Залоги каракалпакского языка» (1951), А.Қалыбаеваның «Қазақ тіліндегі етіс категориясы» (1951), өзбек тілінің етістері жөнінде С.А.Фердаустың, түркімен тілінің етіс категориясы туралы Б.Чарыяровтың, башқұрт тілінің етістері жөнінде А.Х.Фатыховтың диссертацияларын атауға болады.

2.6 Етістіктің болымсыздық түрлері
Болымсыздық мағына және оның берілу жолдары туралы қысқаша мағлұмат түркі тілдерінің грамматикаларында етістік бөлімінде, сын есім мен есімдікте, модаль сөздерде, синтаксисте «бар», «жоқ» сөздерінің қолданылуына қатысты болымсыз сөйлемдерге қатысты берілген.

2.7 Қимыл есімі
Ы.Маманов қимыл есімі туралы да пікір білдірген. Тіл білімінде іс-әрекеттің атауы ретінде берілетін сөздер «қимыл есімі», «қимыл атауы», «у тұлғалы қимыл есімі», «тұйық рай», «тұйық етістік» сияқты терминдермен беріліп жүрді. Соңғы кездерде «қимыл есімі» деген термин тұрақталып келеді. Қимыл есімі дегенде, әдетте, -у тұлғасы негізге алынады. Бұл қазіргі қазақ тілі тұрғысынан тілдік нормаға сай, әрі жиі қолданылатын формасы Түркі тілдерін салыстырып қарағанда, бұл тұлғаның бірнеше тұлғалық көрсеткіштері барын байқауға болады. Мәселен, А.М.Щербак монографиясында (1981) қимыл есімдердің 30-40 түрі бар деп көрсетеді. Біз қимыл есім формаларының зерттелу тарихына, тілдік табиғатына тереңдемей-ақ, Ы.Мамановтың қимыл есімі туралы айтқан пікірлерін берумен шектелеміз.

2.8 Рай категориясы
Тіл тарихында рай категориясы көне дәуірден бері қолданылып, дамып отырған. Түркі тілдерінің тарихын зерттеуші ғалымдар еңбегінде рай қосымшалары сандық жағынан да, мағыналық жағынан да бай болғандығы айтылады. Қазіргі түркі тілдері материалдары негізінде пікір айтқан авторлардың да рай қосымшаларының саны туралы пікірлері де бірізді бола бермейді. Бірақ қазақ тілін зерттеуші ғалымдар арасында мұндай пікір алалығы жоқ десе де болады. Дегенмен А.Байтұрсыновтың «Тіл құралында» райдың әдеттегі үш түрінен тыс бірнешеуі көрсетіледі. 1954 жылы жарияланған академиялық грамматикада райдың бес түрі (бұйрық, шартты, ашық, тұйық, қалау) берілсе, кейінгі кезде жарық көрген оқулықтарда тұйық рай деп аталатын «у» формалы етістіктерді қимыл атауы немесе қимыл есімі деп атап, жеке категория ретінде бөліп қарайды.

2.9 Есімше
Көне түркілік кезеңде, ортағасырлық дәуірде қазіргі тіл фактілерімен салыстырып қарағанда, есімше мәнінде қолданылған есімше формалары анағұрлым көп болған..
Қазақ тілінде есімше категориясын арнайы зерттеп, еңбек жазған Т.Ерғалиев (1958) қазіргі қазақ тілінде түпкілікті немесе толық адъективацияланған есімше формалары деп мына қосымшаларды көрсетеді: -аған/еген –қашаған, тебеген, алаған; -ғалақ/гелек – ұшқалақ, жаңғалақ, сасқалақ; -шақ/шек – еріншек, сүріншек, ұрыншақ; -ғыш/гіш – білгіш, сезгіш, сенгіш; -мыш/міш, -мыс/міс – алдамыш, әлеміш, жасамыс; -геш – күлегеш

2.10 Етістіктің көсемше түрінің зерттелуіне Ы.Е.Мамановтың қосқан үлесі
Көсемше туралы пікірлер түркі тілдерін зерттеген ғалымдар еңбектерінде-ақ айтыла бастаған. Ал Ы.Мамановтың көсемше туралы айтқан ой-пікірлері қазіргі қазақ тілін зерттеуші ғалымдар көзқарастарымен орайлас келеді. Атап айтар болсақ, -а, -п тұлғалы етістіктердің күрделі етістік жасауы; пысықтауыш және бірыңғай баяндауыш жасау қызметі; құрмалас сөйлем жасауға қатысы және шақ жасаушылық қызметі.
-Ғалы формалы мақсатты көсемшенің 2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасында» Ы.Маманов пікірінің негізінде шақ категориясын жасауға қатысы жоқ екендігі дәлелденеді.

2.11 Қазақ тіліндегі шақ категориясы және оны зерттеудегі Ы.Е.Мамановтың үлесі
Шақ (ағылшын тілінде tense, француз тілінде temps, неміс тілінде tempus, испан тілінде tiempo) – іс-әрекеттің сөйлеу сәтіне қатысты анықталатын етістіктің грамматикалық категориясы. Орыс тілінің құрылымдық грамматикасында шақ категориясы «категория времени», ал функционалдық грамматикада «темпоральность» терминімен аталады.

2.12 Тіл мәдениетінің кейбір мәселелері
Тіл адамзат дамуымен бірге жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ол түрлі ортада, түрліше өзгеріп жатады. Тілдің қатынаспайтын жері болмайды, тілсіз қоғам болуы да мүмкін емес. Сол қоғамда өмір сүріп отырған әр азамат сөздік қорымыз бен сөздік құрамымыздағы сөздерді барынша орынды пайдалана, сақтай білсе, ана тіліміз жаңарған қалпында көріктене түсетіні сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі. Лекциялардың текстері.- Алматы, 1973. – 89 б.
2 Маманов Ы.Е. Сөз, морфема, қосымша туралы түсінік // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1991, №7. -17-19 б.
3 Гвоздев А.Н. Современный русский язык. Часть 1, 1961. – 118.
4 Виноградов В.В. Русский язык. 1944. – стр. 25.
5 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы: Рауан, 1998. – 303 б.
6 Жаңабекова А.Ә. Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері. Канд. дисс. – Алматы, 2001.-160 б.
7 Маманов Ы. Қазақ тіліндегі көптік форма // Қазақ тілі мен әдебиеті. 2-шығуы. – Алматы, 1973.-31-36 б.
8 Омарова А. Қазақ тіліндегі нөлдік морфеманың функционалдық және семантикалық аспектісі. Ф.ғ.док.дисс. – Алматы, 2006.-281 б.
9 Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967. – 264 б.
10 Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің құрылымына статистико-лингвистикалық талдау. КД, 1973. – 242 б.
11 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 362 б.
12 Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.
13 Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. Етістік. – Алматы: Мектеп, 1966. – 156 б.
14 Бондарко А.В. Принципы функциональной грамматики и вопросы аспектологии. – Ленинград, 1983. – 208 с.
15 Түймебаев Ж. Өткен шақ формаларының транспозициясы // Қазіргі қазақ әдеби тілінің грамматикалық құрылымы. – Алматы, 1983.-94-101 б.

Р Е З Ю М Е
На автореферат диссертации «Становление и развитие учения о морфологии казахского языка» (на основе трудов Ы.Е.Маманова) на соискание ученой степени кандидата филологических наук по специальности 10.02.02 – казахский язык

Актуальность исследования. Диссертационная работа посвящена определению роли и вклада Ы.Е.Маманова в развитие теории и практики морфологии казахского языка. Известно, что научные положения и точка зрения ученого о грамматической форме, грамматическом значении, грамматической категории, его наследие по теории глагола, а также о языковой культуре вообще представляют собой огромный вклад в развитие языкознания. Актуальность диссертации заключается в сопоставлении научного наследия Ы.Маманова с другими языковыми школами,
в изучении тех связей, которые обнаруживает соискатель в трудах последующих ученых.
Предметом исследования являются основополагающие исследования и учение Ы.Е.Маманова по актуальным вопросам морфологии казахского языка.
Цели и задачи исследования. Цель исследования – на основе сравнительного анализа с учениями, существовавшими до него, и с современными научными точками зрения, определить место и роль научного наследия Ы.Е.Маманова в тюркологии, в частности, в казахском языкознании, а также достойно оценить труды ученого. Для достижения этой цели были поставлены задачи и критерии оценки решения ученым следующих проблем:
- классификация глаголов по лексико-грамматической функции (основные и функциональные глаголы);
- группировка окончаний по функциональному признаку;
- функции основ однокорневых и производных казахских глаголов, функциональное деление глаголов на корневые и модифицированные глаголы ;
- уточнение научно-теоретической ценности формулировки Ы.Е.Мамановым понятия ГЛАГОЛ на грамматической основе;
- раскрытие значения воззрений Ы.Е.Маманова на литературный язык и его нормы, а также по ключевым грамматическим терминам.
Методы исследования. В ходе исследования нашли применение такие научные методы, как наблюдение, анализ, историческое сравнение, систематизация, классификация.
Научная новизна и результаты исследования.
К результатам исследования следует отнести:
- проведена экспертиза становления и особенностей развития казахской морфологии в советский период существования;
- определены научные основы концептуальных положений трудов Ы.Е.Маманова в сравнении с учениями других исследователей морфологии, выявлена основная направленность его наследия;
- в ходе научного обзора состояния изучения сложных морфологических проблем в казахском языкознании обозначены пути решения данных вопросов Ы.Е.Мамановым;
- определен вклад Ы.Маманова в развитие казахской морфологии как предмета научного исследования, его новизна, занимаемое место в языкознании, дана оценка значимости научно-лингвистического наследия ученого.
Выводы диссертационного исследования, выдвигаемые на защиту:
- изучение лингвистического наследия известных ученых, их объективная оценка и определение места в развитии современного языкознания представляют собой важную проблему в истории науки;
- в совершенствовании современных методов исследования языка обязательным элементом является изучение и экспертиза научных воззрений видных ученых, внесших вклад в развитие науки, отражение теоретических основ их учений;
- особое внимание должно уделяться таким вопросам, как связи между отдельными лингвистическими школами, научно-теоретическая направленность конкретного учения, методы исследования особенностей, связанных с происхождением и природой языка;
- доказательная демонстрация применения достижений и результатов науки ученым;
- значение методов научного познания, применявшихся ученым, а также взаимосвязь между внешними и внутренними факторами развития языка, умение отразить это в оценке вклада ученого;
- особое место занимает отражение места научного наследия в общей системе родственных тюркских языков.
-
Теоретическая и практическая значимость исследования.
Общее языкознание развивается на базе исследования отдельных национальных языков. Поэтому особое место отводится исследованиям научных персоналий, отдельных теоретических направлений и научных школ.
В казахском языкознании изучение теоретических воззрений, научных положений и сфер научных интересов таких ученых как Ы.Е.Маманов дает возможность дальнейшего совершенствования данной отрасли знаний, теоретическому обоснованию связей со смежными науками.
Полученные результаты и материалы диссертации могут успешно использоваться в составлении учебников и учебных пособий, в работе над лекционными курсами по морфологии и функциональной грамматике. Отдельные факты найдут применение в энциклопедических данных об ученом, в справочниках по казахскому языку.