Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының Үкіметі-мемлекеттің атқарушы билік тармағы

Жоспар
1 ҚР атқарушы билік институтының түсінігі 3
2 ҚР Үкіметінің құзыреті, жауапкершілігі және актілері 5
3 ҚР Үкіметінің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы 6
4 Үкіметтің қызметін ұйымдастыру 7
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 9

1 ҚР атқарушы билік институтының түсінігі
Биліктердің бөлу көзқарасынан атқарушы билік – бұл заңдарды орындау, заңдық шаралармен оларды жүзеге асыру бойынша билік. Бұл үшін ұйымдастырушылық шараллар, басқарушылық қызмет, жеке және нормативтік құқықтық актілерді шығару қажет. Қазіргі жағдайларда атқарушы билік атқарушы – бұйрықтық ретінде, мемлекеттің қызметін ұйымдастырушысы ретінде шығады. Осы барлық аспектілер мемлекеттің басқарушылық қызметін құрайды.
Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік аппарат келесілердіи иемден қажет, біріншіден, ерекше құрылымдарды иемдену, соның ішінде «материалды қосымшаларды». Атқарушы билік орталықтарда және орындарда мемлекеттік қызметкерлердің көптеген кадрлық құрамымен әртүрлі мемлекеттік органдардың тармақталған жүйесін иемденеді. Екіншіден, атқарушы вертикаль қажет. Заңдық және соттық органдарға қарағанда атқарушы билік органдары бағыныштылық принципіне сәйкес құрылады. Бағыныштылық бойынша иерархияға сәйкес атқарушы билікті бір лауазымды тұлға немесе бір орган басқарады. Парламаенттік монархияларда және парламенттік республикаларда атқарушы билік үкіметте тиесілі және премьер-министр қолында шоғырланады.