Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі

Жоспар
1 Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі 3
2 Қоршаған ортаның сапасын басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау 13
3 Басқарманың ведомствоға қарасты мекемелерi 15
Пайдаланылған әдебиеттер 16

1 Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.

Жоғарыда аталған Бағдарламаны іске асыру ядролық және радиациялық қауіпті объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік берді, оның ішінде радиациялық ластануды таратпау режимін сақтау, ядролық қару-жарақтық қызметтің қалдықтарын жою және консервациялау жөніндегі, радиациялық ластанған аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың қатары өткізілген. Бұл аумақтағы радиациялық жағдайдың дұрыс карталарын жасау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Семей сынақ ядролық полигоны аумағының және ел аумағында ядролық жарылыстарды өткізудің басқа орындарының радиациялық ластануының ұзақ мерзімді сипатын ескере отырып, ядролық жарылыстар жүргізілген барлық жерлердің радиологиялық мониторингін және ремедиациясын іске асыру бойынша кешенді шараларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізу қажет.

1-сурет — Қазақстан Республикасының стационарлық және жылжымалы көздерінен жалпы шығарындылары санының динамикасы, мың тонна
Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның стационарлық көздерінен ластануының негізгі себептері мыналар болып табылады: көптеген өндірістердің ескірген технологиялары; тозаң және газ тазартқыш қондырғыларының жеткіліксіз саны; бар тазарту қондырғыларының тиімділігінің; жұмыстың технологиялық режимін бұзушылық; энергетикада төмен сапалы көмірлерді пайдалану.

2 Қоршаған ортаның сапасын басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау
Республиканың қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын реформалау үдерісі жалғастырылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2007 — 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы мақұлданды. Тұжырымдама елдің 2030 жылға дейін дамуының ұзақмерзімді стратегиясын және әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елдерінің қатарына кіру міндетін іске асырудың ең маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Орнықты дамуға көшудің негізгі функционалдық бағыттары болып мыналар табылады: жаһандық экологиялық проблемаларды шешу (шөлейттенумен күрес, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, климаттың өзгеруі және Жердің озон қабатын сақтау), жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану, радиациялық және химиялық қауіпсіздік және қалдықтарды басқару, ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету және трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу.

3 Басқарманың ведомствоға қарасты мекемелерi
Солтүстiк Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2009 жылғы ведомствоға қарасты мемлекеттiк орман мекемелерi:

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
2. «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап
3. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
4. Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы