Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өнертану

Тип: Реферат

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Бибігүл Төлегенова

ТАЛАНТ
Сол бір әннен
Мен ғажап күйді ұғындым,
Ұмыттым да күйбеңін қилы күннің.
Қайталанбас әрлі әуен, асыл әуен –
“Бұлбұлы” Бибігүлдің!
Бибігүл – ән!
Оятқанда ол бұралып тымық таңды,
Кеуделерде көз ілген үміт жанды.
Нұр дидары – жүректе,
Құлақтарда
Сазды әуен тұрып қалды.
Мектепте оқып жүрген кезімде біздің үйде “Родина” деп аталатын радиоқабыл¬дағыш болып еді. Оны қаладан ағам әкел¬ген. Үлкен жәшік. Өзі әдемі, кәдімгі сан¬дық секілді. Кеңес одағының түкпір-түк¬пірінен хабар тыңдаймыз. Әсіресе сол кездегі Қазақ елінің астанасы Алматыдан берілетін хабарларды тыңдағанда радиоқа¬былдағыштың дауысын қаттырақ шығарып қоямын. Онда жиі-жиі ән-күйлер беріледі. Астанадан ғана емес, тіпті облыс орталы¬ғынан жырақта жатқан біздің шағын ауылда бұл ғажайып “сандықша” сол за¬ман¬ның үлкен жаңалығындай еді. Мұндай радиоқабылдағыш тек біздің үйде ғана болғаны ауылдағы құрбы-құрдастарымның алдында менің беделімді едәуір көтеріп тастады. Көрші үйлердің балалары кешке қарай жасқана басып біздің босағадан аттап, радио тыңдау үшін қатарласа оты¬рады. Ән тыңдаймыз. Көптеген әншілер¬дің арасында ерекше сыңғырлаған үн естілсе, ана жақта, қазан-ошақ маңында, жүрген анам:

Бибігүлдің әндерін радиодан, теледи¬дардан естіген сайын альбомымдағы фотосуретіне сүйсіне қарап қоятынмын және оны да біздің ауылдан шыққан атақты әнші деп іштей мақтанатынмын.
Бертін келе “Бибігүл-ән” деген арнау-топтама жырымды да өзімен танысып дидарласпай тұрып жазғанмын.
Кейін Алматыда өтіп жататын әдебиет, өнер жайлы жиындарда көріп, кездесіп, жай сәлемдесіп жүрдік. Бибігүл туралы жазылған мақалалар көзіме түссе, жібер¬мей оқимын.

Қазақ сахнасында қатар келе жатқан ән әлемінің сардары Ермек Серкебаев: “Консерваторияның екінші курсында оқып жүрген Бибігүл Қазақ радиосының солисі болуға шақырылды. Бұл 1950 жыл болатын. Содан бері оның ғажайып дауы¬сы өзінің тазалығымен, нәзіктігімен мил¬лион¬дарды тамсандырып келеді. Бибігүл – өте еңбекқор адам. Қарапайым. Ашық-жарқын. Адамгершілігі мол”, – деп ағы¬нан жарыла сөйледі.
Жалпы, талант деген құдірет әйел затына қонса, ол оған әрі бақыт, әрі қасірет. Бақыт болатын себебі, талантты әйел өзінің өнерімен, шығармасымен, еңбегімен елді сүйсіндіреді, халықтың сүйіктісіне айналады. Жұрттың ықыласы оған рухани қуат береді, қуаныш, қанағат сезімдеріне бөлейді.
Бірақ талантты әйелдің қасіреті де жетерлік болады. Еркектің қабырғасынан жаралған әйел затын қандай дарынды, қандай ғұлама болса да, екінші сатыға қойып, көңіл қалмас, көйлек жыртпас, әйтеуір жетім қыздың жасауындай сый-сияпат көрсеткен болатыны қай дәуірдің де көсемдеріне тән екені тарихтан мәлім.

Бибігүлдің талантын біздің еліміз өз деңгейінде бағалай білді. Кеңестер одағы¬ның халық әртісі, Кеңестер одағының және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлық¬¬тарының лауреаты, Құрманғазы атындағы консер¬ваторияның профессоры. Кеңестер одағы¬ның Социалистік Еңбек Ері атағын ең соңғы рет алған да – Бибігүл Төле¬генова.
Бибігүл Ахметқызы қаншама биік мәртебеге, атақ-даңққа бөленсе де, мінез-құлқы, болмысы бір қалыпта: қарапайым, кішіпейіл, әділеттілік пен адалдықтың жанашыры, біреудің ыңғайына жығыла кетіп, өз қағидатынан тайғанамай келеді. Қарапайымдылығы сол – халық кез келген ортада қолқа салып, өтініш жасаса, Бибігүл қостайтын пианино, ансамбль, оркестрдің жоқтығына қарамай, бәлсініп-бәлденбей, ортаға шығып ән салып береді.
Қазақстанның әр аймағында Бибігүл¬ден дәріс алған шәкірттері де жетерлік. Әр өңірге барған сайын олардың жай-күйін, тұрмыс-тіршілігін сұрап біліп, пәтері жоқтарға облыс басшыларына беделін салып өтініш айтып, үй алып береді. Әркім қара басының, бала-шағасының қамынан аса алмай жүрген заманда бұл да – сиректерде ғана қалған қасиет.