Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі
Жоспар
1 Салық салу механизмі және қағидалары 3
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны 3
1.2. Салық салу механизмі және қағидалары 14
1 Салық салу механизмі және қағидалары
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақты әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Салық элементтері - бұл мемлекеттің заң ак актілерімен анықталатын салықтың құрылу принциптері мен салық салуды ұйымдастыру.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
Проценттік ставкалар – салық базасына қарай алынатын табыстың мөлшеріне байланысты салық өлшем бірлігіне салынады.
Проценттік ставканың 3 түрі бар:
үйлесімді;
прогрессивті;
регрессивті.
1.2. Салық салу механизмі және қағидалары
Салық механизмі - салықтың ұйымдық—құқықтық нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығы, бұған әр түрлі салықтық реттеу құралдары да (салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері және т.б.) енеді. Мемлекет өзінің салық механизміне салық заңдылықтары арқылы құқықтық нысан беріп, оны реттеп отырады. Салық механизмі практикалық салық іс-қимылдарының жиынтығы, яғни салық заңдары ережелерін практикада жүзеге асырудың шарттары мен тәртіптерінің жиынтығы. Объективті негізгі бағытталмаған кез-келген салықтық іс-қимыл ұдайы өндіріс процесіне субъективтік қол сұғу ретінде қарастырылады және олардың нысанының өзгеруіне әкеледі. Салық механизмі салық салуды басқарудың негізі болып табылатын салықтық құқыққа сүйеніп, салық қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.