Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Криминалистика

Тип: Баяндама

Объем: 3 стр.

Полный просмотр работы

Тінту және алу

Қылмыскерлер жасаған қылмыстарының іздерін жасыруға әртүрлі әрекеттер жасап, қылмыстың ізін суытып, айғақ заттарды тығып қоюға тырысады. Құқық қорғау қызметкерлерінің, оның ішінде тергеушілердің басты міндетіне осы қылмысты ашуға қажетті дәлелдемелрді, айғақ заттарды тез арада ізін суытпай тауып алу жатады. Жоғарыда келтірілген заттық дәлелдемелрді тез арада тауып алу және осының нәтижесінде қылмыстың ізін суытпай ашуға көмек көрсететін тергеулік әрекеттердің біріне тінту жатады.

Алу дегеніміз іске қатысы бар заттарды немесе құжаттарды қандай да бір адамнан немесе мекемеден талап ету арқылы алуға бағытталған тергеу әрекеті. Аталмыш тергеу әрекеті заттар мен басқа да объектілердің біреуде тығылып жатқан орны нақты түрде белгілі болған кезде жүргізіледі.
Алудың тінту әрекетінен айырмашылығы, бұл жерде алынған заттардың өзі және жатқан орны белгілі болғандықтан, тінтудегідей іздеу процесінің элементтері жоқ. Сонымен қатар егер тінту әрекетін жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу заңы прокурордың санкциясын қажет етсе, алуды жүргізу үшін тергеуші немесе анықтама жүргізуші тұлғаның дәлелді қаулысы жеткілікті.