Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстанның автономиялы республикадан одақтас республикаға айналуы

Жоспар
1 Қазақстанның одақтас республикаға айналуының себептері 3
2 1937ж. ҚКСР Конституциясы 3
3 Ұлы Отан соғысының мемлекет пен құқыққа ықпалы 4
Әдебиеттер 6

1 Қазақстанның одақтас республикаға айналуының себептері
1930ж. ортасында бұрынғы КСРО –да аса күрделі өзгерістер болды. Капитализмнен социализмге өтетін өтпелі кезең аяқталып, социалистік қоғамдық қатынастар жеңіске жетті деп есептелді. Бұндай үлкен қорытынды индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, мәдени революцияның шешуші жеңістерімен байланыстырылды.

2 1937ж. ҚКСР Конституциясы
Ол 11 тараудан 125 баптан тұрды. І тарауда: ҚКСР жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті деп көрсетілді. Социалистік меншік не мемлекет меншігі не колхоздық кооперативтік меншік түрінде болды. Социалистік шаруашылықтың мемлекеттік жоспар бойынша дамып отыратындығы анықталды. ІІ тарауда “Мемлекеттік құрылыс” бекітілді. 13 бапта экономика, саясат, отан қорғау, өзара жәрдемдесуді жүзеге асыру мақсаты мен ҚазКСР басқа да одақтас республикалармен КСРО-ға бірігіп отыратындығы көрсетілді.

3 Ұлы Отан соғысының мемлекет пен құқыққа ықпалы
1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы мемлекет пен құқыққа үлкен ықпал жасады. Мемлекеттік құрылыс, оның қызметі, құқықтық қатынастар соғыстың талабына сай қайта қаралды. Бәрі де майданға, жеңіске қызмет етті.1941ж. 30 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының, БК(б)П ОК-нің және Халкомкеңесінің шешімімен төтенше орган Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылып, мемлекеттегі барлық билік түгелдей оның қолына берілді. Қазақстанда және басқа да республикаларда МҚК-нің тұрақты өкілі қызмет етті. Соғыс жағдайында орталықтанған директивалық басқару алдыңғы қатарға шығып, өкілді органдардың қызметі шегерілді. Жаңа мемлекеттік органдар құрылды.