Қазақ хандығы тұсындағы құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Қазақ ұлтының және Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы 13
1.1 XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы 13
1.2 Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы 18
1.3 Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы «Жеті жарғы» 22
1.4 Қазақ хандығы тұсындағы құқықтар мен міндеттердің қалыптасуы 25
2 Қазақ хандығының құрылуындағы құқықтық жүйе және этникалық саяси процестің қалыптасуы 31
2.1 Қазақ хандығының саяси тарихы 31
2.2 XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті 38
2.3 Қазақ хандығының әдет-ғұрып құқығының қалыптасуы 43
2.4 Қазақ хандығы құрылуының тарихнамасы және оның этникалық негіздері 52
Қорытынды 55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 59
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Құқық ең маңызды әрі ең күрделі қоғамдық кұбылыс ретінде түсінілетін философиялық категория. Сондықтан да оны бірнеше тұрғыдан қарастыру керек. Алдымен, субъективтік тұрғыдан қарастырсақ құқық қандай да бір тұлғаның мүмкіндіктерін, әрекет еркіндігін білдіреді. Мысалы, білім алу, еңбек ету, демалу, өмір сүру, қорғану құкығы секілді тікелей субъектімен байланысты құқықтар. Объективтік мағынадағы құқық — нормативтік құкықтық актілерде белгіленген нормалардың жиынтығын білдіреді.
1 Қазақ ұлтының және Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы
1.1 XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде «Жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. «Тарихи – Рашиди», «Шайбанинама», т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
1.2 Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы
Қасым хан – Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі Жәнібек ханның үшінші ұлы болатын. Ол 1445-1446 жылдар шамасында дүниеге келген, соған қарап жастық шағын «қазақ» ретінде қазіргі Жетісу, яғни Моғолстан жерінде өткізді деп пайымдауға болады [24].
1.3 Тәуке хан тұсындағы биліктің нығаюы «Жеті жарғы»
Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды.
1.4 Қазақ хандығы тұсындағы құқықтар мен міндеттердің қалыптасуы
Қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын зерттеуде ең маңызды екі принципты бөліп қарау керек. Олардың бірі – қазақ қоғамының бір-біріне қарама-қарсы, бірінен-бірінің экономикалық жағынан гөрі, саяси және құқықтық жағынан айырмасы бар екі түрлі әлеуметтік топ – ақсүйектер мен қарасүйектерге бөлінетіндігі. Қоғамның бұлайша тегі жағынан еіге бөлінуі олардың құқығын да айқындап беретін еді. Бұл прицип қатаң сақталды [34].
2 Қазақ хандығының құрылуындағы құқықтық жүйе және этникалық саяси процестің қалыптасуы
2.1 Қазақ хандығының саяси тарихы
Қазақ хандығы тұсында қазақтар ұлан-ғайыр байтақ далада өз билігін толық орнықтырды. Бұлкездегі хандықтың шекарасына оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауында Батыс Түркістан қалаларының көбі, оңтүстік шығыста тау баурайы мен Жетісу даласының көп жері, солтүстік пен солтустік-шығыста Ұлытау мен Балқаш көлінне дейінгі аймақ пен қарқаралы тауының сілемдері, солтүстік батыста Жайыққа дейінгі жерлер кірді.
2.2 XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті
Қазақ хандығының мәдениеті мен діні көшпелі экономиканың тікелей ықпалында болды. Көшпелі қоғам өзімен өзі өмір сүріп, қалаларға ат ізін сала қоймады, ондағы әдет-ғұрып күнделікті тұрмыс жағдайына бейімделе дамыды Қазақтар сол өңірде мыңдаған жылдар бойы тұрып келе жатқан түрік тілдес тайпалармен мәдени бірлікте болды, аймақтық және тайпалық ерекшеліктеріне қарамастан, қосылған тайпаның жергілікті мәдени дәстүрлерді қабылдауымен бірге бүкіл далаға тән жалпы мәдени біркелкілік дамып жатты. Осы аймақты қоныстанып, қалып қоған монғол тайпалары түрік тайпаларына сіңісіп кетті,екінші жағынан монғолдардығ саяси мәдениеті мен заңдар жүйесі жергілікті халыққа ықпалын тигізгені де шындыққа саяды.
2.3 Қазақ хандығының әдет-ғұрып құқығының қалыптасуы
Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені «адат» деп атайды. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары.Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақтарын реттеп отырды. «Адат» араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымджы білдіреді. «Адат» өте ерте кезден басталып, көптеген өзгерістермен және толықтырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін созылды. Дегенмен «адаттың» құқықтық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады [1].
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады.
2.4 Қазақ хандығы құрылуының тарихнамасы және оның этникалық негіздері
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. Немесе «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді «өзбек-қазақ» , кейін «қазақ» түрінде пайдаланылған деп санайды. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған [33].
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ хандығының құрылуы қазақ этносының бірігіп нығаюына да, тұтастығын сақтап қалуы үшін де маңызы зор болды. Тарих ғылымында хандықтың іргетасының қалануы туралы айтылып келген екі ағымға және бір үшінші ағымдағыи көзқарастар анықталды. Ол жошылық екі сұлтанның қоныс аударуын ортағасырлық Қазақстанның барлық шаруашылық, әлеуметтік, саяси дамуының маңызды сатыларының бірінен «оқиғалық көрініс» деп санайтындар.Проблемаға осы тұрғыдан келе отырып, хандықтың құрылған мерзімін анықтауға тырысқан зертеушілердің қөзқарас эволюциясына тоқталып, оның құрылған мерзімі туралы тұжырым жасалды.