Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Халық ауыз әдебиетіндегі Ахмет Байтұрсыновтың еңбектің маңызы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ФОЛЬКЛОР ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТЕРІ 8
1.1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОР ТЕОРИЯСЫ 8
1.2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ТЕРМИН ЖАСАУШЫ 16
2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ӘДЕБИЕТТАНУШЫ 25
2.1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ 25
2.2 А. БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ СӨЗ ӨНЕРІ 37
2.3 БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ӘЛІПБИІНІҢ ЖАРЫҚ КӨРГЕНІНЕ ЖҮЗ ЖЫЛ 47
2.4 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ШЕБЕР АУДАРМАШЫ 56
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

КІРІСПЕ
Ахмет Байтұрсынов Қостанай облысы, Торғай атырабындағы Сартүбек деген жерде ел арасына беделді, қайратты кісі Шошақ ұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынов 1882-1884 жылдары хат танып, сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі класты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік білім алады. 1895 жылдың 1 шілдесінен бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жазады, аударма жасайды, өлең – жыр тудырады, фольклор нұсқаларын жинайды. Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланады. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.

1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ФОЛЬКЛОР ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТЕРІ

1.1 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ ФОЛЬКЛОР ТЕОРИЯСЫ
Ахмет Байтұрсынұлының фольклор теориясын сөз еткен еңбегі «Әдебиет танытқыштың», «Ауыз әдебиеті» бөлімінде қарастырылған. Бұл еңбек 1926 жылы Ташкент – Қызылорда да басылып шыққан. Ол фольклордың белгілі түйінді мәселелерін арнайы зерттеген еңбек емес, оқу – ағарту ісінің зәру мәселесі – оқулық жазу мақсатынан туындаған зерттеу болып табылады.
Ғылыми құндылығы терең «Әдебиет танытқыш» кітабы Ташкент, Орынбор, Қызылорда секілді Қазақстанның астанасы болған қалаларда ашыла бастаған жоғары оқу орындарына оқулық ретінде жазылған.

1.2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ТЕРМИН ЖАСАУШЫ
Фольклорлық сананың төркіні – мифтер. Жер жүзіндегі халықтардың көне мифтерінің бір-бірімен ұқсас болып келуінің себебі олардын қоршаған орта, турасындағы танымының бір деңгейлігінде. « Миф, - деп жазады белгілі фольклортанушы С.Қасқабасов, - фольклордың ең қөне жалпы, тіпті, фольклордың төркіні десе де болады. Ол адамзаттың алғашқы қауым болып өмір сүрген шағында пайда болған. Онда сол кездегі адамның өзін қоршаған табиғаттың, аспан мен жердің, әлемнің қалай пайда болғаны, әр түрлі құбылыстар мен жан-жануарлардың сыры мен алғашқы адамның дүниеге келуі, адамның өмірі, жаны, өлімі т.б. жаратылыстың түсініксіз жәйттері туралы ойлары мен түсініктері көрініс тапқан". Байтұрсыновтың сөзімен айтсақ, адамзат баласы «Күркіреген күннің, дүрілдеген желдің, бұрқыраған дауылдың, зырқыраған құйынның әрқайсысының істеушісі бар, құдайы бар деп ойлаған», соларға табынғандықтан олар «табиғаттың бауырында» әсіп, оның «қабағына қарап өмір кешкен» [18.25].

2 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ӘДЕБИЕТТАНУШЫ

2.1 А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым – теоретик, эстетик – сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926 жылы «Әдебиет танытқыш» (Теория словестности) деген атпен басылған. Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгірмеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты – басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.
Бұл – біздің жыл санауымыздан үш жүз жиырма алты жыл бұрын Эллада елінде жарық көрген Аристотельдің атақты «Поэтикасы» тәрізді, сөз өнерінің болмысы мен бітімін жүйелі байыптайтын қазақ топырағындағы тұңғыш теориялық зерттеу еді.

2.2 А. БАЙТҰРСЫНОВ ЖӘНЕ СӨЗ ӨНЕРІ
Әуезділік деп нені айтамыз? Әуезділік деп сөз турасында айтсақ, сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз; сөйлеудің үні құлаққа жағымды болуы сөйлемдердің дыбыстарының түзілу түрінен. Сондықтан сөз әуезділігі де, сөйлеу әуезділігі де болады. Бірақ сөздің де, сөйлеудің де әуезді болуының негізгі мәнісі бар. Екеуі де дауыс ағымына қарайды. Дауыс ағымы сөз ішіндегі дыбыстардың тіркесуіне қарайды да, сөйлеу ішінде сөйлемдердің тіркесуіне қарайды. Сөз ішінде дауысты, дауыссыз. Жарты дауысты дыбыстар араласып тіркесе келеді. Бір сөзде дауысты көп келеді, бір сөзде дауыссыз дыбыстар көп келеді.

2.3 БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ӘЛІПБИІНІҢ ЖАРЫҚ КӨРГЕНІНЕ ЖҮЗ ЖЫЛ
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ұлтының әлеуметтік өмірі мен мәдениеті, ғылымы мен білімі жолында аянбай адал еңбек еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, қайталанбас зор тұлға. Өз заманында-ақ «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған біртуар тұлға кеңестік Қызыл империяның «солақай саясатының» кесірінен адам қолынан құрбан болғандығы бүгінгі ұрпаққа белгілі. Ахаңның есімі мен еңбектерін ұзақ уақыт бойы айтуға тыйым салып, «тұмшалап» келгенімен, айтулы тұлға еңбегі халқы үшін мәңгілік өшпейтіндігін мойындатты. 1988 жылы 4 қарашада Ахмет Байтұрсынұлы ресми түрде ақталды. Содан бастап, тек қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарының «көсемі» болған Ахаңмен халық қайта қауышып, оның ұлты үшін еткен ерен еңбектері жас ұрпаққа ашық түрде насихаттала бастады, оның еңбектері мен зерттеулерінің тарихилығы мен маңыздылығы ғалымдар тарапынан нақты дәлелденді.

2.4 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ШЕБЕР АУДАРМАШЫ
А.Байтұрсынов талантты ақын, орыс ақындары мен жазушылары шығармаларының көрнекті аудармашысы болды. Ол И.А.Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Ұлы мысалшының аударылған мысалдары дені осы сарында. А.Байтұрсыновтың өзі жасаған шығармаларының негізгі бөлігі «Қырық мысал», «Маса» және басқа да танымал жинақтарға енді. Өзінің еңбектері мен ақындық шығармаларын әзірлей отырып, А.Байтүрсынов халықтың ауыз әдебиетінің материалдарын үдайы жинап, өңдеп отырады. Осы бір тынымсыз ізденіс нәтижесінің бір бөлігі кеңінен танылған «Жоқтау» жинағына енді. А.Байтұрсынов - аса талантты ақын, дарынды аудармашы, әдебиет теориясын түңғыш рет жазған білгір зерттеу ші.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ахмет Байтұрсынұлының зерттеген еңбектерінде ойға түйер, нысанаға алар ойдың тұнып тұрғанын осы дипломдық жұмыста алға тартылған пікірлерден - ақ пайымдауға болады. Оның қозғаған ойлары, зерттеген мәселелері бүгінгі ғылымның кең қамтылып жүрген зерттеулеріне негіз болып келе жатқаны анық. Ағартушы ғалымның пікірлері кейіннен әдебиет және тіл теориясының негізгі кағидасы мен ой қазығына айналғанын байқаймыз. Бұл бізді Ахмет Байтұрсынұлы – өз тұсындағы зерттелген ғылыми пайымдар мен түсініктерден мол хабардар болған ірі тілші, әдебиетші және аудармашы ғалым деп атауымызға еріксіз жетелейді.