Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Сара Тастанбекқызының шығармашылығы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 Сараның өмірлік әлеміне шолу жасау 8
1.1 Өнер бесігін тербеткен ару қыз – Сара 8
1.2 Сараның сара жолы 14
1.3 Қаптағай қамалы 17
1.4 Қош бол, елім! 20
2 Жыр және шығармашылық қасиет 26
2.1 Түмен сөзің түйінін шеше білген дара ақын 26
2.2 Сара ақынның жырлырындағы ерекшелік 31
2.3 Сара мәңгілік өшпес мұра қалдырған өнер иесі 38
2.4 Атақты Біржан мен Сараның айтысы 41
2.5 Біржан – Сара айтысының хатқа түсуі 43
Қорытынды 56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 59

Кіріспе
Өнер біткеннің қайнар көзі – халық шығармашылығына жататыны мәлім. Әрбір өнер иелерін тәрбиелеп қанаттандырған да, оның талантына шабыт құйып, жан бітірген де сол халықтық қазына қайнары. Әр талапкер өзінің туған топырағындағы дәстүрлі өнерді игеріп, оны ілгері дамыта отырып, өркен жаяды. Шығармаларын өзі өскен орта, басынан кешкен өмір фактілері, тағдыры тап қылған қоғам – заман шындықтары негізінде жазады. Жеке бастың күйініш – сүйініші мен тәлімдік өрнектерін кестелеуден бастап, қоғамдық әлеуметтік көркем түйіндеулерге көтеріледі. Осындай шығармашылық өсу – жетілу заңдылықтарын басынан кешкен өнер иесі – Сара ақын.
Қазақ халқының өнерпаз қауымы – талантқа бай. Ерлері мен қыздары өмір сапарын бірге кешіп, болашақ мүдделерін қоян – қолтық шешкен. Келешек ұрпақ қамы, өркенді өмірі, өрелі істері олардың ең қасиетті борышындай мойындарына жүктелген. Атадан балаға, анадан қызға, ағадан ініге, ападан сіңіліне өмір тәжірибесі ауысып, үлгі - өнеге болып, зейінді де зерделі ұрпақ мирасы қалыптасқан. Ұлдан – ұрпақ, қыздан – жұрағат өсіп, әлем кеңшілігін иемденген.

1 Сараның өмірлік әлеміне шолу жасау
1.1 Өнер бесігін тербеткен ару қыз – Сара
Ақын Сара Тастанбекқызы жазушының қиялынан туған әдебиеттегі әдеттегі кейіпкелердің бірі емес. Ол белгілі тарихи жағдайда, белгілі тарихи қоғамның ортасында, белгілі географиялық мекенде туып өскен, ХІХ ғасырдағы соңғы жылдарында ел арасында атағы кең жайылған адам.
Халқымыздың ғасыр бойы аузынан тастамай, атының өзін бойтұмардай қастерлеп келген өлең өнерінің ділмәрі – Сара Тастанбек қызы 1853 жылы, қазіргі Қарағанды облысы, Ақсу ауданы, Матай – Қаптағай елінде туып өскен. Әкесі Тастанбек ерте өліп, оның інісі Жайсанбекті қамқорлығында қалады, Сара жетімдік зардабын шегіп, жоқ – жетік көріп, тұрмыс тауқыметін тартып өскен. Шешесі Уазипа, інісі Сахари сол ауырпалықтың салмағына шыдамай ерте тізе бүгіп, қаза тапқан.

1.2 Сараның сара жолы
Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы - тым ауыр да күрделі. Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі. Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз сүйенер тірегі - немере ағасы Жайсаңбек «өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі. Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала, жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып, өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған, бай баласы Жиенқұлға атастырады. Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып, Сараны өз ауылына көшіріп алады.

1.3 Қаптағай қамалы
«Қызы едім Тастанбектің атым Сара, ішінен ер Қапатғай шықтым дара ... » деген айтыс кітапшасындағы өлең жолдары бойынша Сарының атын естіген қазақ, қаптағай руын да қатар естіді. Сөйтіп бүкіл найман аталатын жалпақ елдердің билеуші ортасы қаптағай руы екен деген жорамал жасалды.
Сарының өмір өткізген ортасын сөз қылығында наймандардың төңкерістен бұрынғы ескі руларын атамтай өтуге болмайды. Себебі, қазан төңкерісіне дейінгі дәуірдегі көшпенді қазақтардың мекен - жайларын олардың қаласы мен көшесі арқылы емес, ру аттарымен ғана табуға болатын еді. Ғасырдың төрттен үшіндей уақыт бұрын болған оқиғаны өз ортасында көрсету үшін наймандардың сол кездегі рулық жіктерін өз қалпында алмай болмайды.

1.4 Қош бол, елім!

Сараны Бекбайға қосқаннан кейін Күсембай ауылда жүре бергісі келмей, қысқа қарсы Тұрысбек жылқысымен Балқаш көлі бойына кеткен. Қатты борандардың бірінде түнде жылқы іздеп жүріп ол атымен суға түсіп кетіп, үсініп ауырған. Маңында ел жоқ, даладағы киіз қоста жатып ол аурудан айыға алмай, ақырында сонда өлген. Келес і жылы жазға салым Сара босанып, Рухия дейтін үлкен қызын тапқан. Оны көруге жете алмай Күсембайдың қысты күні өліп қалғанын Сара тек жылқыны жайлауға айдаған кезде ғана есіткен.

2 Жыр және шығармашылық қасиет
2.1 Түмен сөзің түйінін шеше білген дара ақын
Халқының жылы лебізін сезген ақын Сара барған сайын батыл қимылдап, күндіктен құтылудың амал – айласын қарастыра түседі. Бас бостандығы талаптарын ашық көтеріп, тыным таппайды. Құқықсыз өмір кешкен көп әйелдердің бірі болып өтуден, өмірден түңіліп, дәрменсіздік көрсетуден, босқа өлуден бас тартады. Батыл сөз айтады. әсерлі ән шырқап, даланы күңірентеді.

2.2 Сара ақынның жырлырындағы ерекшелік
Тәңірберген Қалилаханов осы бір ізгі жұмысқа кірісіп, өзінің алғашқы тапқан деректерін қорытып, 1958 жылы «Жұлдыз» журналына мақала жариялады. Кезінде өріс алған жоғарыда ескертілген кейбір кереғар пікірлерге тойтарыс берді. өзі тапқан жаңа деректерді келтірді. Сол тұстың өзінде Қалилахановтың осы бастамаларын әдебиетшілер қауымы қызыға қарсы алды. Оның ізденістерін құптады. Соның бір айқын көрінісі – белгілі мәдениет қайраткері Ілияс Омаровтың пікірі.

2.3 Сара мәңгілік өшпес мұра қалдырған өнер иесі
Тегінде наймандар арасында кенже руынан ақындар мен шешендер көп шыққан. «Өлең Кенжеге түстеніп, Сақайға қоныпты» дейтін қауесет тераған. Себебі, сол Сақайдың өзінен, әсіресе, оның Тоқпанбет дейтін ауылынан Қаракерей Бексұлтан төренің алдында өлең айтқан Тәйкөт ақын, қаракерейдің атақты ақыны Түбекпен айтысқан Толғанбай, қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтың «Дала» поэмасында аталатын Бекетбай сол Ілиястың «Күй» дейтін поэмасында атылатын Молықбай ақындар шыққан. Бұл ақындардың көбісі қайтыс болған. Мысалы, Молықбай қобышы 1930жылдары 70 жас щамасында, ал Бекетбай 1929 жылы, ол да 70 жас мөлшерінде қайтыс болған. Толғанбай Бекетбайдан 7 жас үлкен болған. Ол ертеректеу, Х ғасырдың алғашқы жылдарында қайтыс болған.

2.4 Атақты Біржан мен Сараның айтысы
1871 жылы 13 қазанда атақты Біржан мен Сара айтысы болды. Біржан 1831 жылы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданындағы Қожағұл ауылында дүниеге келді. 1894 жылы қайтыс болды. Жас шағында ағасы Қожағұлдың қолында өсті, соның тегін алды. Жастайынан әнге әуес болған Біржанның зор, әсем даусы мен ғажап импровизаторлық дарыны оны әрбір ауылдың, әрбір қазақ үйінің құдайы қонағына айналдырды. Біржанның атағы Қазақстанға кеңінен жайылды, бұл оның болашағына әсер етті. Біржан ауқатты отбасынан шыққан болатын, туған-туысқандарының «пайдалы жұмыс істе» дегеніне қарамастан, кәсіби әншінің мазасыз, құбылмалы тағдырын таңдады.
1865 жылы Көкшетауға Омбы генерал-губернатор келеді. Құрметті қонақтың келгені әрине бұқараның назарын аудартты. Үлкен Көкшетау уезінің жан-жағынан ақындар, әншілер, балуандар, атқұмарлар тәрізді әртүрлі адамдар келе бастады.

2.5 Біржан – Сара айтысының хатқа түсуі
Біржан – Сара айтысы туралы сөз еткенде қазіргі кездегі айтыс өнеріне қандай назар аударатынына аз ғана көз жіберейік.
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.
Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.

Қорытынды
Өнер біткеннің қайнар көзі – халық шығармашылығына жататыны мәлім. Әрбір өнер иелерін тәрбиелеп қанаттандырған да, оның талантына шабыт құйып, жан бітірген де сол халықтық қазына қайнары. Әр талапкер өзінің туған топырағындағы дәстүрлі өнерді игеріп, оны ілгері дамыта отырып, өркен жаяды. Шығармаларын өзі өскен орта, басынан кешкен өмір фактілері, тағдыры тап қылған қоғам – заман шындықтары негізінде жазады. Жеке бастың күйініш – сүйініші мен тәлімдік өрнектерін кестелеуден бастап, қоғамдық әлеуметтік көркем түйіндеулерге көтеріледі. Осындай шығармашылық өсу – жетілу заңдылықтарын басынан кешкен өнер иесі – Сара ақын.
Қазақ халқының өнерпаз қауымы – талантқа бай.Ерлері мен қыздары өмір сапарын бірге кешіп, болашақ мүдделерін қоян – қолтық шешкен. Келешек ұрпақ қамы, өркенді өмірі, өрелі істері олардың ең қасиетті борышындай мойындарына жүктелген. Атадан балаға, анадан қызға, ағадан ініге, ападан сіңіліне өмір тәжірибесі ауысып, үлгі - өнеге болып, зейінді де зерделі ұрпақ мирасы қалыптасқан. Ұлдан – ұрпақ, қыздан – жұрағат өсіп, әлем кеңшілігін иемденген.