Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы 8
1.1 Зейнетақымен қамсыздандырудың тарихы. 8
1.2 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу 26
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру 28
2 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу 32
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері 32
2.2 Сақтандыру ұыймдарынан зейнетақымен қамсыздандыру 36
3 Жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін басқару 47
3.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін басқару тәртібі 47
3.2 Қазақстан Республикасында зейнетақы қорларының құрылу және қызмет ету тәртібі 48
3.3 Дамыған және дамушы елдердің зейнетақы нарықтары 56
Қорытынды 61
Қолданылған әдебиеттер тізімі 62
Кіріспе
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасның заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандыруға құқықтары бар. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырулы құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарымен, жиналған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт ( келісім ).
1 Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы
1.1 Зейнетақымен қамсыздандырудың тарихы.
Зейнетақы туралы қандай да бір заңдар болған емсе, тіпті «зейнетақы» түсінігінің өзі де болған жоқ. Зейнетақылар туралы бірінші заң 1918-1922 жылдары В.И.Лениннің жетекшілігімен қабылданды. Осы заңға сәйкес мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақылар енгізілді. Зейнетақылар туралы екінші заң 1929 жылы қабылданды, бұл заңға сәйкес өнеркәсіптің жекелеген салаларының қызметкерлері үшін жасына байланысты зейнетақылар енгізілді. Кейінірек, бұл зейнетақылар барлық қызметкерлер мен жұмысшыларға таралатын болды. 1956 жылы 14 шілдеде КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі зейнетақылар туралы үшінші заңды – маңызды әлеуметтік акт болып табылған және зейнетақының деңгейін әлдеқайда көтеріп, осы зейнетақыларға құқылы тұлғалардың шеңберін кеңейткен «Мемлекеттік зейнетақылар туралы» заңды қабылдады.
1.2 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу
Бүгінгі таңда Қазақстан зейнетақы нарығы – елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде ең серпінді дамып келе жатқан нарық. Олардың жұмыс істегендеріне 7 жылдан асты. Осы уақыт аралығында көптеген шешілуі тиіс, шиеленіскен проблемалардың ел экономиксының жағдайына бейімделуі бойынша шешілмеген және даулы мәселелердің пайда болғаның айта кету керек. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы активтеріне келсек, қорлар 1998-2003 жылдар аралығында міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен жалпы сомасы 21604 млн теңгені құрайын зейнетақы төлемдерін жүзеге асырған.
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналрының салымшыы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналырының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.
Зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикаснының ұлттық валютасымен төленеді. Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген өсімпұлдық толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық органдары жүзеге асырады. Зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
2 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу
2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді. Адамдардың өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға құқығы бар.
2.2 Сақтандыру ұыймдарынан зейнетақымен қамсыздандыру
Зейнетақы аннуитетінің үлгі шартын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.Зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында шарт тараптарының келісімімен белгілінген мерзімге жасалады.Зейнетақы аннуитеті шартын жасаушы адам сақтандыру ұйымын тандауға ерікті.Зейнетақы аннуитеті шарты алушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.
Зейнетақы аннуитеті шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомалары сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
Зейнетақы анннуитеті шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтауға болады. Зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы,жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері мен сақтандыру ұйымының іс жүргізуге жұмсаған шығыстары шегеріліп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиіс.
Зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері сақтанушының:
3 Жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін басқару
3.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін басқару тәртібі
Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы реформасының нәтижесінде өз активтерін халықтың қаражат есебінен қалаптастыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған. 1999 жылдың басында ҚР Үкіметінің қаулысымен міндетті зейнетақы жарнасын төлеудің тәртібі өзгертілді. Міндетті зейнетақы жарнасы бұрынғыша жұмыс берушінің есебінен емес, жұмысшының табысынын 10 пайыз мөлшерінде ұсталады. Осы тәртіпті заңдастыру арқылы ғана зейнетақы жинағының меншікті құқығын бекітуге болатын еді. оның үстіне, әрбір келісімшарт бойынша салымшының есеп кітапшасы ресімделеді. тағы бір кепілдікке мынау жатады: жұмыс беруші қызметкердің келісімінсіз зейнетақы келісімшартын бұза алмайды.
3.2 Қазақстан Республикасында зейнетақы қорларының құрылу және қызмет ету тәртібі
Қазақстандақ жинақтаушы зейнетақы қорлары өз қызметін ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі берген лицензияның негізінде жүзеге асырады. Бұл лицензияда зейнетақы қорларының тек мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге маманданатынына, мәселен саудамен немесе өндіріспен айналыспайтынына кепілдік беріледі. Жинақтаушы зейнетақы қорлар лицензия алу үшін
Агентікке өз мамандарының біліктілігі туралы аттестаттың және олардың қаржы институттарында кем дегенде 2 жұмыс істегенін айғақтайтын құжаттың нотариалдық тұрғыдан расталған көшірмелерін береді. жинақтаушы зейнетақы қорлары АҚ нысанында құрылады. ЖЗҚ-ның жарғылық капиталы акциямен қалыптасады және ақша қаражатпен ғана төленуі тиіс.
3.3 Дамыған және дамушы елдердің зейнетақы нарықтары
Әр елдің зейнетақымен қамтамасыз ету индустриясының тарихында әрбір елдің зейнетақымен қамтамасыз ету формасының, құрылымының, мазмұнының, сондай-ақ міндеттемелерінің әр түрлі екені айтылады.
Зейнетақыны міндетті сақтандыру туралы бірінші заң АҚШ –та тек 1935 жылы қабылданған. Толық көлемде зейнетақы алу үшін американдықтар жыныс ерекшелігіне қарамай-ақ 65 жасқа жеткенде зейнеткерлікке шығады. Сондай-ақ бұдан басқа – зейнеткерлікке үш жыл бұрын шығу сияқты нұсқасы да бар, бірақ бұл жағдайда зейнеткердің зейнетақысы үш жыл бойы 20% -ға кем болады. Американдық зейнетақы көлемі жалпы еңбек өтіліне, оның үздіксіздігіне, еңбекақы көлеміне тәуелді және әдетте еңбекақыдан 50% -дан 80%-ға дейінгі аралықта ауытқиды, яғни орта есеппен 700 долларды құрайды. Егер зейнетақы кедейшілік ¾ деңгейінен жоғарыламаса, мұндай жағдайда мемлекет бюджеттен 280 доллар жәрдемақы төлейді. АҚШ-тағы мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жоғары даму деңгейіне жетті. Көптеген корпорациялар пайданың бір бөлігін аударып, сол арқылы жұмысшыларды өз орындарын ұстап отыруға ынталандырады. Мұндай төлемдерге салық салынбайды және жұмыс берушінің салық салынатын базасынан аспайды.
Қорытынды
Әр елде меншікті зейнетақымен қамтамасыз етудің өзіндік үлгісі қолданылады.
Бүгінгі таңдасы Қазақстанның зейнетақы жүйесінде қамтамасыз етудің жинақтаушы және міндетті мемлекеттік аралас үлгісі қолданылады. Қордың шығындарын жабу негізінен меншікті қаражаттар есебінен активтердің анықталған көлеміне жеткенге дейін болады.
Комиссиялар есебінен зейнетақы активтерінің сүйемелдеуімен қатысатын барлық институттардың қызметі төленеді : зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, зейнетақы қорлары, банк-кастодиандар.