Негізгі құралдарды пайдаланудың бухгалтерлік есебі мен аудиті
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Негізгі құралдардың теориялық негізі 7
1.1 Негізгі құралдардың кәсіпорын қызметіндегі алатын орны 7
1.2 Негізгі құралдың бухгалтерлік есебі мен аудиттың мақсаты мен міндеттері 22
2 Негізгі құралдарды бухгахтерлік есебінде қолданыстағы тәртібі («Толқын» АҚ мысалында) 27
2.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі 27
2.2 Негізгі құралдардың тозуының мен жөндеуінің есебі 31
2.3 Негізгі құралдардың шығуының синтетикалық және аналитикалық есебі 36
3 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерістен өткізу әдістемесі 42
3.1 Негізгі құралдарды аудиттау кезеңдері 42
3.2 Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларды талдау 47
Қорытынды 58
Қолданылған әдебиеттер тізімі 60
Кіріспе
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауында былай делінген: «Біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән, әрі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау деп санаймыз. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы - өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өнерлі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжыуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің із ашарымыз болып қалуға тиіс».
Кәсіпорынның өнеркәсіптік қуаттылығы мен негізгі құралдарды пайдалану тиімділігінің жоғарлату мәселесі нарықтық қарым-қатынасқа мәдениетті өту периодындағы орта орынды алады. Негізгі құралдар қолдануындағы ықпал тигізетін факторлар мен өндірістік процестеріндегі негізгі құралдардың рөлі туралы айқын көзқарас болуында кәсіпорын өндірістік қуатындағы мен негізгі құралдар пайдаланудағы тиімділікті жоғарлатуындағы шаралар мен бағыттарды көрсетуге болады, яғни өндірістік еңбектің өсуі мен өндірістік шығынын төмендетуін қамтамасыз ету.
1 Негізгі құралдардың теориялық негізі
1.1 Негізгі құралдардың кәсіпорын қызметіндегі алатын орны
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы өкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін дайындау мен іске асыру көзделген. Бұл қорлардың кеңейтілген ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы ролі мен экономикалық мәнімен алғышартталған.
1.2 Негізгі құралдың бухгалтерлік есебі мен аудиттың мақсаты мен міндеттері
Кәсіпорындар өздеріне керекті, яғни уақытша қажет болған негізгі құралдарды басқа ұйымдардан жалға алуларына болады. Сондай-ақ кәсіпорындар өзінің балансында тұрған, бірақ уақытша пайдаланбай немесе қажет болмай тоқтатылып тұрған негізгі құралдарын басқа ұйымдарға уақытша жалға берілуіне де болады. Ол үшін екі кәсіпорынның, яғни негізгі құралдарды жалға алушы және жалға берушілердің арасында келісімшарт жасалуы тиіс. Бұл келісімшартта жалға алынған немесе жалға берілетін негізгі құралдардың аталуы, техникалық жағдайы, бастапқы құны, тозу құны, жалға алынатын және жалға берілетін мерзімі, жылдық төлем ақысының мөлшері, егер осы жалға алынған немесе жалға берілген уақытта бұл негізгі құралға жөндеу жүргізілуі қажет болған жағдайда кім жөндейтіндігі (бұзылып қалған жағдайда) және қайсы кәсіпорынның есебінен жүргізілетіедігі тағы да басқа мәләметтер көрсетілуі қажет.
2 Негізгі құралдарды бухгахтерлік есебінде қолданыстағы тәртібі («Толқын» АҚ мысалында)
2.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі
Біздің қарастырып отырған зерттеу объектісі «Толқын» АҚ-ң бухгалтерлік есеп жүргізудің есептік саясаты арнайы құрылған комиссиямен өңделіп бекітілген. Оны қалыптастырудың базасы бухгалтерлік есеп стандарттары, оларға әдістемелік нұсқаулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жүйесін реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық құжаттар болып саналады.
Негізгі құралдардың есебі №6 «Негізгі құралды есепке алу» бухгалтерлік есеп стандартына және осы стандарттың әдістемелік нұсқауларына сәйкес жүргізілген.
Есеп саясатын қалыптастыру жауапкершілігі «Толқын» АҚ директорына жүктелген.
2.2 Негізгі құралдардың тозуының мен жөндеуінің есебі
Пайдалану процесінде негізгі құралдар өзінің бастапқы заттық формасын сақтай отырып, біртіндеп тозады да, өз құнын жаңадан жасалатын өнімге аударады. Бухгалтерлік есептің №6 «Негізгі құралдар есебі» стандартына сәйкес тозу - бұл негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдық сипаттамаларынан айырылу процесі.
Негізгі құралдардың түр-түріне амортизацияны есептеудің түрлі тәсілдері қолданылады, негізгі құралдар обьектілерінің физикалық тозуы - бұл пайдалану процесінде олардың бастапқы құнының бір бөлігінен айрылу, оған: қажалу, сыну, механизмдердің, детальдардың жекелеген бөлшектердің қирауы және сыртқы ортаның әсері салдарынан пайдалану сапасынан айырылумен сипатталады.
2.3 Негізгі құралдардың шығуының синтетикалық және аналитикалық есебі
«Толқын» АҚ-ң өзіне тиісті ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдар мен инвесторларды басқа кәсіпорындағы сатуға немесе өткізуге, айырбастауға, жалға өткізуге, тегін беруге, уақытша пайдалануға немесе қарызға беруге, сонымен бірге егер кәсіпорынның заңдық актісі мен жарғысында көрсетілмесе, онда негізгі құралдарды баланстан шығарып тастауға құқығы бар. Негізгі құралдардың шығуы жеке тұлға немесе моралды тозу бойынша тарату, негізгі табыннан шығару кезінде, табиғат апатының, эксплуатацияның қарапайым жағдайының бұзылуы нәтижесінде, құрылып кеңейу, кәсіпорынның, цехтің тағы басқа объектілер құрылысы кеңеюі, реконстукциялық және техникалық қайта қарулануына байланысы, баланстан балансқа қайтарымсыз өткізу, сыйлау кезінде, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдарға тағы басқаға сату кезінде жүзеге асады.
3 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерістен өткізу әдістемесі
3.1 Негізгі құралдарды аудиттау кезеңдері
Негізгі құралдар аудиті бірнеше кезеңдерден тұрады және олардың негізділігіне мыналар жатады:
- аудиторлық тексерісті дайындау және жоспарлау;
- ақпараттар жинау және жұмыс құжаттарын талқылау;
- аудитордың тексеріс нәтижесіне баға беру және қорытынды жасау.
Аудиторлық тексеріс әрқашан белгіленген мерзіммен шектеледі (орташа есеппен екі апта). Осы шектеуге байланысты орташа және ірі ұйымдардың қаржы шаруашылық іскерлігін жалпылама тексеру мүмкін емес. Сондықтан да, аудиторлық тексерісін дұрыс стратегиясымен тактикасын қалыптастырудың басты маңызды мәні жоспарлау болып табылады. Аудитті жоспарлау аудитің стртегисы мен тактикасын қалыптастырудың басты маңызды мәні болып жоспарлау табылады.
Жоспарлауды екі кезеңге бөлуге болады:
3.2 Негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қорларды талдау
Негізгі құралдардьщ өндіріс процесінде пайдалануына тікелей бақылау жасау бухгалтерлік есептің негізгі қызметі болып табылмаса да, есепке алу процесі экономикалық талдау жүргізуге қажетті ақпараттарды береді және құжаттар айналымын жеткілікті түрде ұйымдастыра отырып осы арқылы бақылауды күшейтуге жағдай жасауы қажет.
Қазіргі экономикамыздағы жағдайларға байланысты өнеркәсіптерде негізгі құралдарды толықтай және үнемді түрде пайдалануға жете көңіл бөлінуде, өйткені осыған алдағы қойған мәселелерді шешуге қол жегкізу және өндірістің тиіділігін қамтамасыз ету қандай да бір мөлшерде тәуелді болып табылады.
Қорытынды
Қоғамдық өндірістің тиімділігін негізгі өндірістік қорларды жақсы пайдалану арқылы арттыру - бүгінгі таңдағы өткір мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселереді тек өнеркәсіптік өндіріс шеңберінде ғана емес бүкіл халық шаруашылығы деңгейінде шешу, халықтың тұрмыс-жағдайын арттыру үшін материалдық игіліктердің ұлғаймалы ұдайы өндірісті тез қарқынымен өткізуге мүмкіндік береді.
Жекелеген кәсіпорын немесе бірлестік жағдайында негізгі қорларды пайдаланудың жақсаруы еңбек өнімділігінің артуын, өнім шығару қарқынын өсіруге, олардың өзіндік құнын азайтуға, табыс көлемінің және өндірістік рентабелінінің артуын қамтамасыз етеді.
«Толқын» ашық акционерлік қоғамындағы есептің ұйымдастырылуы жағдайын қарастырғанымызда есеп кәсіпорынды басқару құралдарының ең маңыздыларының бірі екенін көрсетеді. Сонымен қатар ол талдау жұмыстары үшін негізгі ақпараттар көзі болып табылады және оның бағыттарын анықтайды.