Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану және саясаттану

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Көне дәстүрдiң озығын қайта жаңғыртсақ

Шешендiк өнер - Ұлы даланың тiршiлiгiнен өмiрге келген табиғи туындысы, сол ортаның мұрасы, ұлттық рухымыздың биiгi деп санаған дұрыс.
Қазақ руларының, ауылдарының жұрт жаңартып, малына жайылым қуып үнемi көшiп жүруi неғұрлым қонысы шалғай, атасы алыс рулармен қыз алысып, қыз берiсiп қарым-қатынас жасауы, алыс-жақын демей бiрiн-бiрi жиынға ас-тойларға шақырысып тұруы - осының барлығы, сайып келгенде

Қорыта айтқанда, ғасырлар бойы ел жадында сақталған, тот баспаған би-шешендiк өнер – халық мұрасы, ұлтымыздың рухы. Олар – тарихшы, философ, көрiпкелдiк қасиетке ие болып, нағыз дипломатиялық дәрежеге жеткен өз заманының санагерлерi едi.
Осындай рухы биiк халықтың ұрпағының да ұраны биiк болуы – табиғи құбылыс.

Билердiң батырлығы – қолына қару алып, жауға шабуында емес, қылышынан қан тамған қаһарлы хан-сұлтан немесе етектен кесiп жең болмайтыны секiлдi елдесуден кеткен ежелгi дұшпан алдында тұр екем деп именбей, керектi жерiнде алдаспаннан да өткiр тiлiмен турап түсетiн әдiлет сөзiн айтуында деп санаған. Билердiң әдiл де, өткiр сөздерi еттен өтiп, сүйекке жеткеннiң өзiнде де, Жәнiбек пен Керейден бастап, Абылай мен Кенесары заманында, кейiннен отарлау аппаратына сенген аға сұлтандардың,

Осы ретте билердiң жүргiзген билiктерiн тарихи-құқылық талдаудың айырықша маңызы бар. Тарихи материалдар мен фактiлердiң негiзiнде жасалған ғылыми талдау қазақ қауымдастығында өзiндiк орны бар саяси-әлеуметтiк тұлғалар – батырлар, билер мен шешендердiң атқаратын рөлiмен жан-жақты танысуға мүмкiндiк берiп, олардың бүгiнгi және келешек ұрпақтар өтемiне де жарайтын ұлағатты сөздерiнiң қадiр-қасиетiн саралауға жол ашады.

Мықты тiрегiмiздiң бiрi – халқымыздың геосаяси жағдайына байланысты басқа халықтармен, көршiлес елдермен, ұлыстармен қоян-қолтық, аралас-құралас, өмiр сүру қарекетiн жасау дәстүрi. Қай көршiсiнiң қылбұрау, қай көршiсiнiң кең тұсау екендiгiн пайымдау дәстүрi, оның кеңпейiлдiк, қайырымдылық, қонақжайлық тiрлiгi, кең болса, кем болмайтынын бiлген дана-ойшыл болмысы.

Ел арасынан суырылып шаққан сұңғыла шешен-билерге әдiл баға беру, олардың осы күнге шейiн халық жадында ұмытылмай келе жатқан әдiл билiктерiн, айтылған өнегелi сөздерiн саяси-құқылық тұрғыда талдауға, егемендiк алуымызға орай туындаған мүмкiндiк көп нәрсеге жаңаша көзқарас жасап, пiкiр айтуға жағдай жасалып отырғандықтан, ғылыми түрде қорытынды жасауды талап етедi.