Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Құжаттардың түрлері және оларды жіктеу


Жоспар
1 Құжаттардың түрлері және оларды жіктеу 3
1.1 Құжат түрлері 4
1.2 Жеке адамдардың құжаттары 5
Әдебиеттер 8
Қосымшалар 9

1 Құжаттардың түрлері және оларды жіктеу
1.1 Құжат түрлері
Құжаттың маңызы
Қазақ тілінің сөздігінде «құжат» деген сөзге: құжат – белгілі бір жайды я фактіні сипаттап куәландыратын іс қағазы,- деген түсінік берілген.* Құжаттың тарихи, заңдылық, саяси, экономикалық мәні болуы мүмкін. Құжат мемлекеттің, қаланың, кәсіпорынның, ұйымның тарихын жазуға негіз бола алады. Сонымен бірге құжат куәландыру, дәлелдеу құралы да бола алады. Мекемелер және жеке азаматтар құжатты негізінен осы мақсатта пайдаланады. Мекемелерде құжат ақпаратпен алмасудың құралы ретінде қолданылады, еңбек құралы және еңбектің нәтижесі де мекемелерде құжат болып табылады. Құжаттың көмегімен мемлекеттік өкіметтің басқару қызметі жүзеге асырылады. Мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда құжат түрлі жолдармен жасалады: қолмен жазылады, машинада басылады, телефон, телефакс арқылы алынады, фото күйінде т.б. болады.

1.2 Жеке адамдардың құжаттары
Өмірбаян
Жеке адамдардың құжаттары жеке тұлғалардың атынан құрастырылады. Олар А4 форматты қағазға жазылып ресімделеді. Жеке адамдардың құжаттарының мәтіні еркін түрде құрастырылады және бұл құжаттар қолмен жазылады.
Өмірбаянды жеке тұлғалар жұмысқа орналасқанда, оқуға түскенде, депутаттыққа өз кандидатураларын ұсынғанда тағы басқа жағдайларда жазады. Өмірбаян еркін түрде құрастырылғанымен оның мәтінін құрастырғанда және оны ресімдегенде белгілі талаптар сақталуы қажет.
Өмірбаянның реквизиттері: құжат түрінің атауы, мәтін, дата, қол.