Мемлекеттік құрылыс нысаны туралы ұғым
Мемлекеттік кұрылыс нысанының ұғымы. Мемлекеттік құрылыс қызметін қарауға кірісе отырып, ең алдымен оның мемлекет ішілік тағы бір компоненті (жоғарыда айтылған баскару нысанынан, сондай-ақ мемлекеттік-саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта кетейік. Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішкі кұрылымын ондағы үлгілі мемлекеттік, аумақтық-мемлекеттік құрылулар мен әкімшілік бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында болып отыр. Орталык мемлекеттік билік пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерінің биліктері арасындағы ара қатынасты құрылыс нысанының маңызы орасан зор: оны қарамайынша орталықпен жергілікті органдардың қарым-қатынастар проблемасының шешілуінің демократиялық дәрежесі мен мемлекеттегі орнын объективті бағалау, аймақтық саясаттың ықпалдылығы мен тиімділігін анықтау, ал көпұлтты мемлекеттерде — әрбір ұлттың жағдайы мен мәртебесін анықтау, ұлтаралық қарым-қатынасты сипаттау киынға соғады.
Сондай-ақ, мемлекеттік құрылыстың ұлттық-мемлекеттік және аумақтық-мемлекеттік федерацияның белгілерін катар алып жүрген аралық нысаны туралы да айта кеткен жөн болады. Мұндай нысанның айқын мысалы қазіргі Ресей федерациясы болып табылады. 1993 жылғы Конституция Ресей федерациясының тең кұқылы субъектісі қатарында тек республикаларды, автономиялы облыстар мен автономиялы округтарды ғана емес, сондай-ак олкелерді, облыстарды және федералдық маңызы бар қалаларды да атайды. Аталған субъектілердің алғашқысы — бұл ұлттық мемлекеттер мен ұлттық-мемлекеттік құрылымдар, екіншісі енді аумақтық-мемлекеттік кұрылымдар деңгейіне (Ресейдің бұрынғы конституциялары бойынша олар федерацияның субъектісі болып танылмаса да) жеткізілді.
Унитарлық (ипіtar — бірлік, біртұтас деген латын сөзінен шыққан) мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономдық мемлекеттік құрылымдар жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік-аумақтық беліністерден тұратын мемлекеттер. Осыған карай жоғары билік органдары, басқару және сот бүкіл ел үшін біртұтас болып табылады. Бұл бүкіл елге қызмет көрсететін және жалпы мемлекеттік органдармен басқарылатын армияға да қатысты. Унитарлық мемлекетте бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтылық болады. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің өкілдік, атқару және сот органдары унитарлық мемлекеттің жоғары органдарына бағынады. Олар унитарлық мемлекет айналысатын сыртқы қатынастарға қатыспайды. Олар унитарлық мемлекеттің жоғары билік органдарының нұсқауларын орындайды, оның актілерін іс жүзіне асырады, ел үйін біртұтас болып табылатын қаржы, салық, несие-актыда, кеден саясатын басшылыққа алады.
Тарихи тәжірибе көрсеткеніндей, орталық пен жергілікті жердің негізгі мақсаттары кейде сәйкес келгенімен, кейде алшақ кетіп жатады. Соңғысы, атап айтқанда, жергілікті жерлер дербестікті армандап отырғанда орталықтың берсе қолынан, бармасын жолынан дегендей, билікті уысынан шығарғысы келмейтіндігімен байланысты.Бұл тенденциялардың бірде-біреуі үстем болады, бірде екіншісі үстем болып жатады. Іс жүзінде орталық пен жергілікті жердің ара қатынасының неғұрлым жиі кездесетін варианты жергілікті органдардың қалыптасуына, сондай- ақ бүкіл қызметіне елеулі ықпал ететін біріншінің үстемдік етуші ролі болып табылады. Кейбір елдерде орталық жергілікті жерлерге иемденуі мен өзінің жалпымемлекеттік саясатты жүргізумен байналысатын өкілдіктерін тағайындайды. Жергілікті органдардың төмендеп кетуі, ал жергілікті өзін-өзі басқару қызметінің дәрежедегі және ұсақ-түйек мәселелермен шектеліп қалуы дұрыс емес. Керісінше, жергілікті органдардың жергілікті істерді шешу кезінде билікті толық қолдануына, орталық биліктің жергілікті органдардың белсенділігі мен өздігінен әрекет етуін дамытуға мүдделі болуына және олардың арасындағы қарсы тұру элементтерін жоюға тырысу керек.