Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар

Жоспар
1. Еңбек құқығы бойынша құқық қатынастарының жүйесі мен түсінігі 3
2. Еңбектік құқық қатынастары мен олардың элементтері 5
3. Құқықтық қатынастармен тығыз байланысты басқа да қатынастар 6
Негізгі әдебиеттер 9

1. Еңбек құқығы бойынша құқық қатынастарының жүйесі мен түсінігі
Еңбек құқығы нормаларының әсер етуімен еңбек рыногын қолдану, ұйымдастыру, жалдау еңбекті қолдану кезінде қалыптасқан қоғамдық қатынастар құқықтық формаға енеді де құқықтық қатынас болады.
Еңбек барысындағы осы құқық саласының пәнін құраушы құқықтық қатынастардың өзі еңбек құқығының әсер ету қорытындысы екенін ескеріп, құқықтық қатынастардың ықтимал қатысушылары әрдайым мемлекет болады, оның мазұмында үнемі мемлекет еркі меңзеледі.

2. Еңбектік құқық қатынастары мен олардың элементтері
Еңбектік құқықтық қатынастар қоғамдық-еңбек қатынастарының заңдық қатынастарын көрсетеді, ол еңбек рыногында жұмыс беруші мен- жұмыскер арасанда туындайды, онда бір жақ (жұмыскер) жұмыс ұжымына кірген ретінде жұмыс берушінің актісіне бағына отырып нақты бір жұмыс түрін орындауға міндетті, ал келесі жақ (жұмыс беруші) -келісімде көрсетілген жағдайда жұмыскерді мамандығы бойынша, біліктілігі мен лауазымына байланысты жұмыспен қамтуға, оның еңбек ақысын төлеуге денсаулығын дамытуға жеке басы мен жұмыс жағдайын жасауға міндетті.

3. Құқықтық қатынастармен тығыз байланысты басқа да қатынастар
Еңбек қатынастарымен тығыз байланысты басқа да қатынастар туралы біз айтқан болатынбыз, олар:
– ұйымдастырушылық-басқару қатынастары;
– жұмысқа орналастыру қатынастары;
– өнідірістегі кәсіби дайындығы мен біліктігін арттырудағы қатынастар;
– еңбектік келіспеушіліктерді қарау кезіндегі қатынастар;
– еңбек заңдылығын сақтаудағы бақылау мен оны қадағалау кезіндегі қатынастар.
Ұйымдастыру-басшылық қатынастар жалдау жұмысын басқару мен оны ұйымдастыру кезінде пайда болады. Бұл қатынастардың қатысушылары бір жағынан белгілі бір жұмыскерлер тобын басқаруға қойған адамдар (әкімшілік) жұмаскерлер, екінші жағынан оларға бағынышты жұмыскерлер болады.

Негізгі әдебиеттер
1. Уваров В.Н. Трудовое законода¬тельство РК, Алматы, 1997
2. Кагазов О. Трудовое право РК.- Алматы, 2000.
3. Комментарий к Закону РК «О труде в РК» - Алматы: Баспа, 2000
4. Уваров В.Н. Трудовое законодательство РК – Алматы, 1999.
5. Шеримова Н.Ш. Трудовое право в вопросах и ответах – Алматы: Даненкер, 2000.