Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 84 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚАЙТА БАСТАУ 5
1.1 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері 5
1.2 Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізу 7
1.3 Іс жүргізуді қайта бастаудың мерзімдері 9
ІІ. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПРОКУРАТУРАНЫҢ СОТТА МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІН БІЛДІРУІ 19
2.1 Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері 19
2.2 Соттағы прокурордың іс жүргізу жағдайы 25
2.3 Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі 30
ІІІ. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COT ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ 38
3.1 Қазақстан Республикасы сотының даму кезеңдері 69
ҚОРЫТЫНДЫ 81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 84

КІРІСПЕ
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

І. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚАЙТА БАСТАУ
1.1 Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері
Соттың заңды күшіне енген үкімнің, қаулысының күші жойылуы және іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізу қайта басталуы мүмкін.
Жаңадан ашылған мекен-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері:

ІІ. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПРОКУРАТУРАНЫҢ СОТТА МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІН БІЛДІРУІ
2.1 Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
ҚР Конституциясы біздің елімізде сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі қағидаттарын бекіткен. Сот-құқықтық жүйесі әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңадан қабылданған Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, ҚР АК, ҚР АІЖК, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының «Сот билігі туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 14.05.98 ж. №1, «Соттарда қылмыстық жаза тағайындау кезінде заңдардың сақталуы туралы» 30.04.99 ж. №1 қаулылары және т.б. қолданысқа енгізілгеннен кейін одан әрі дамытылды және жетілдірілді. Бұл нормативтік актілер әлеуметтік әділет қағидаттарын өмірде жүйелі түрде жүргізуге, әділ сот талқылауларын қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану мақсаттарында соттарда әр қылмыстық істі қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттарына сәйкес шешуге назар аудартады.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл сақталуын маңызды кепілі прокурорлық қадағалау болып табылады. Сотта мемлекет мүддесін білдіру прокурорлық қадағалаудың жеке саласы, прокуратура органдары жұмысының маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бұл қадағалауды прокурорлар аудандық (қалалық) соттардан бастап ҚР Жоғарғы Сотына дейінгі барлық сот сатыларында жүзеге асырады. Прокурорлар заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттері бойынша қылмыстық істі тыңдауға дайындау кезеңінен бастап, қылмыстық істердің қадағалау тәртібіндегі өндірісіне дейінгі талқылаудың барлық сатыларына қатысады.

2.2 Соттағы прокурордың іс жүргізу жағдайы
Кез келген дәрежедегі прокурор мемлекеттік айыптаушы ретінде шыға отырып, ҚР Бас прокурорының өкілі болып табылады, ол - қылмыстық азаматтық және өзге процестерде заңдылықты сақтаушы. Мемлекеттік айыпты қолдау кезінде ол қылмыстың істерді сотта қарау заңдылығын қадағалау міндетінен босатылмайды.
ҚР Бас прокуроры прокурордың сотта қолдайтын мемлекеттік айыпты қылмыстылықпен күрестің әрекетті құралының бірі ғана емес, қылмыстық істерді соттарда қарау кезінде заңдылықтың орындалуын жүзеге асырушы нысанының бірі ретінде қарайды.
Прокурор қадағалауды іс бойынша сот үкім, ұйғарым немесе қаулы қабылдағанда ғана емес, сондай-ақ ол іс бойынша әлі ешқандай шешім шығарылмағанда да жүзеге асырады. Егер сот сотталушыға сот талқылауында оның құқықтарын түсіндірмесе, прокурор бұл заң бұзушылықтарға дереу шаралар қолдануға тиіс, бірақ мұндай заң бұзушылықтарға байланысты ешқандай арнайы ұйғарым ұйғармайды, сондықтан наразылық келтіруге негіздер болмайды.

2.3 Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі
Заң тергелген қылмыстық іс бойынша (ҚР ҚІЖК 299-бабы) басты сот талқылауын тағайындау жайында қабылданған қаулының заңдылығы мен негізділігінің барлық жауапкершілігін судьяға, және тек қана оған жүктейді. ҚІЖК 299-бабында көзделген шешімдер (басты сот талқылауын тағайындау, істі қосымша тергеуге қайтару, істі қысқарту және т.б.) қабылданғанға дейін судья прокурордың және тараптардың міндетті қатысуларымен істі алдын ала тыңдай алады (ҚІЖК 301-бабы). Судья ҚІЖК нормаларының елеулі түрде бұзылуын анықтаса, істі қосымша тергеуге қайтару, айыпты өзгерту, істі қысқарту, сараптама тағайындау туралы өтініштер, сондай-ақ дәлелдемелерге жол бермеу туралы өтініштер бар болған жағдайда алдын ала тыңдауды міндетті түрде өткізеді.
Қылмыстық істі қарауға қандай да бір кедергілер жоқ деген қорытындыға келген судья, сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Сонымен қатар, судья айыптау қорытындысының жеке тармақтарын алып тастауға немесе ауырырақ қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға құқылы, бірақ жаңадан тағылған айып, өзінің нақты мән-жайы бойынша айыптау қорытындысындағы айыптан ерекшеленбеуге тиіс.

ІІІ. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ COT ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Құжат (лат. Docmentum деген сөзден шыққан) дәлелдеме, куәлік дегенді білдіреді. Орыс тіліне құжат деген сөз Петр патша дәуірінде енген болатын, ол кезде документ деп құқықтық маңызы бар іс қағаздарын айтатын. Кейін «документ» сөзінің екі түрлі мағынасы пайда бола бастады: 1) тар, тұрмыстық мағынасы - төлқұжат және жеке басының куәлігі; 2) кең мағынада - қандай да бір нәрсені айғақтайтын, куәландыратын заттың барлығы.
Сот құжаты қоғамдағы сот үрдісі процесін қамтамасыз ететін құжаттар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

3.1 Қазақстан Республикасы сотының даму кезеңдері
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет орнату жолында мемлекетіміздің шенеуніктерінен, тәуелсіз сот жүйесін құруды алдына мақсат етіп қойды. КСРО дәуірінде, жергілікті партия басқармасы, судьялардың өз қызметін тәуелсіз атқаруына және олардың қызметін атқарудағы мерзіміне әсерін тигізе алғаны бізге мәлім болатын. Міне, енді - өз егемендігімізді алғаннан кейін ең алдымен Республикамыздың экономикасын көтеруді және демократия принциптеріне негізделген дамыған мемлекет орнатуды бірінші кезекке қойдық. Ол үшін ең алдымен сот билігін және құқық қорғау органын қайта реформалаудың қажеттігі туды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, «Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау», - тақырыбында жазылған дипломдық жұмысты қорытындылай келе: мынадай мәселелерді қарастырдым.
Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғау құқығы прокурорға тиесілі.
Азаматтардың өтініштері, оның ішінде процеске қатысушылардың осы іс бойынша өтініштері, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламалары, сондай-ақ басқа қылмыстық істерді тергеу және қарау барысында алынған деректер жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғауға себеп болады.
Егер келіп түскен өтініште немесе хабарламада осы Кодекстің 471-бабының екінші бөлімнің 1-3-тармақтарында көрсетілген мән-жайларға байланысты шығарылған сот үкімінің бар екендігіне сілтеме болса, прокурор өзінің қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғайды, тиісті тексеру жүргізеді, үкімнің көшірмсі мен оның заңды күшіне енгені туралы соттың анықтамасын талап етеді.