Қор биржасы
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардың бір қалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы атқаратын мынандай қызметтерінен көрінеді:
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесі ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:
Қор нарығы сауда-саттықтың өсуі және жасалатын мерзімді мәмілелердің санының ұлғаюынан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан болатын.
Қаржы нарығының ұлттық ерешеліктеріне байланысты қор биржаларын ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы (ағылшын-саксон типтес) және топтық құқықтық сипаттағы (еуропалық континенттік типтес) қор биржалары.
Биржаның өзін-өзі реттеудің әрекет етіп отырған әдісіне – листинг жатады. Биржа ісіндегі листинг – бұл биржалық тізімге бағалы қағаздар эмитенттерінің бірқатарын қосуды білдіреді. Биржаны ұйымдастыру шартына байланысты бағалауға жіберілетін бағалы қағаздар тізіміне біршама ірі және рентабельді акционерлік қоғамдар ғана түсуге тиіс. Биржа листингіне енгізілуі, эмитент-компанияның тұрақтылығы туралы куәландырады, себебі биржа ондағы айналатын тауарлардың жоғары санын растайды. Листингтің құрамдас бөліктерін атап өтейік. Эмитент-компаниялардың бағалы қағаздары, оларды толық талдаудан кейін, биржада бағалауға жіберілетін бағалы қағаздар тізіміне қосылады.