Меншік түсінігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны 5
1.1 Меншіктің экономикалық қатынастар жүйесінде алатын орны 5
1.2 Меншіктің құқықтық мазмұны 7
2. Меншік формаларының көптүрлілігі және шаруашылық жүргізу формалары 11
2.1 Меншік формаларының түрлері 11
2.2 Шаруашылық жүргізу формалары 15
3. Кәсіпкерлік жүйенің даму ерекшеліктері 20
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 29
КІРІСПЕ
Меншік – экономика мен экономикалық теорияның ең маңызды және күрделі мәселесіне жатады.
Экономика – бұл ең алдымен, шаруашылық. Ал шаруашылық бар жерде оның иесі болу қажет. Яғни, әрбір экономикалық обьектінің, әрбір ресурстың, әрбір өнімнің өз иесі болу керек. Экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда ол экономикалық процеске обьект тартушы, оны жақсы жағынан пайдалануға ұмтылатын және одан көбірек пайда табуды көздеуші адам.
Экономикалық әрекет бар жерде қашанда меншік мәселесі болады. Меншіктік қатынас барлық экономикалық қатынастардың жүйесіне енеді және адамзат өмірінің соңына дейін барады. Бұл қатынастардың әлеуметтік мәні осы қоғамға тән экономикалық қатынастар меншігінен көрінеді. Бүгінгі күні біздің бәріміз еңбекақыдан жиналған қорды иемденгені және жұмсағаны үшін, еңбекақы мен зейнетақыны төлемегені үшін мемлекетпен соттасуға барамыз. Бұл біздің тіршілік ететін ортасы мен мекенін қорғайтын жануарлар әлемінен асып тұрмағанын көрсетеді.(3)
1. Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
1.1 Меншіктің экономикалық қатынастар жүйесінде алатын орны
«Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өңдіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам - өндіруші және өңдіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді, өйткені жер қоғамдық өндірістің басты құралы. Өндіріс нәтижелерін иелену қоғамдық экономикалық қатынастар шеңберінде материалдық игіліктерді адамдар бірлесе игеру арқылы жүзеге асады.(6)
1.2 Меншіктің құқықтық мазмұны
Меншік тек экономикалық мағынада емес, құқықтық формада да даму алады. Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Меншіктің заңдық мазмұны меншік иелерінің қоғамдық өндірісте әр түрлі еңбек өнімдерін иелену құқықтары арқылы анықталады.
Меншік құқығы – белгілі бір тұлғаларға материалдық және материалдық емес игіліктердің тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы. Не, қалай және кім үшін өндіру - экономиканың іргелі сұрақтарын шешу шаруашылық жүргізіп жатқан субъектілердің өндіріс құралдарына меншік құқығына тәуелді.
2. Меншік формаларының көптүрлілігі және шаруашылық жүргізу формалары
2.1 Меншік формаларының түрлері
Меншік – қашанда белгілі бір тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында құрал-жабдық меншіктерінің әр түрлі формалары белгілі. Алдымен олардың біріне-бірі қарсы: жалпы және жеке меншік деп аталатын екі формасы бар. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте күрделі өзара әсер етеді. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады.
Жалпы меншік – ұжым ретінде бірлескен адамдарға берілген құрал-жабдықтар, яғни бұл – олардың барлығына ортақ меншік деген сөз. Мұндай иеленушілік әр түрлі қоғамдарға тән. Ол – рулық қоғамның даму кезеңінде: алғашқы қауымдықменшік, отбасы меншігі деп бөлінгені белгілі. (9)
2.2 Шаруашылық жүргізу формалары
Меншіктің бір формасының немесе бір түрінің негізінде, бәсекелестіктің шарты болып табылатын, шаруашылық жүргізудің әртүрлі формалары қалыптасуы мүмкін. Демек, жеке меншіктің әртүрлерінің негізінде индивидуалдық өндіріс және бірлескен өндіріс жүріп отыра алады. Бірлескен өндірістің ұйымдастыру жұмысында икемділігі мол және капиталды шоғырландыруда мүмкіндігі зор болады. Жалпы меншіктің әр түрлерінің негізінде шаруашылық жүргізудің бірнеше формалары болуы мүмкін: мұрагерлік иемденуге беріліп отыратын жердегі шаруалық қожалығынан, экономиканың мемлекеттік секторындағы концернге дейін.
3. Кәсіпкерлік жүйенің даму ерекшеліктері
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арта түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуеклге бел буып, мүлікті жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.(4)
ҚОРЫТЫНДЫ
Меншік экономикалық қатынас болып адамзат қоғамының жаратыла бастаған заманында бастаған. Еңбек етуге экономикалық және экономикалық емес күштеудің барынша маңызды формалары, меншіктің әр алуан обьектінің монополиялануына сүйенеді. Еңбек етуге экономикалық күштеу өндіріс шарттарына меншіктің болуынан, капиталға меншіктің болуынан туады.
Меншік мәселесіне қоғамдық пікір қашанда көп назар аударады. Бұған арналған арнайы үндеулерді тарихи, философиялық және көркем әдебиеттерден табуға болады. Заң әдебиеттерінде меншік құқығын үйренуге бағытталған дәстүрлі бай материалдар жиналған.