Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстанның ежелгі қалалары

Қазақстанның ежелгi қалалары — жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 — 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi. Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi. Мемл. төрешiлдiк аппарат құрылып, ортақ тiл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкiмш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретiнде қалалар салына бастады.

Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениетi Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орт. Қазақстанда, Нұра, Кеңгiр және Жездi аңғарларында, Ұлытау етегiнде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргiзiлген қазба жұмыстары олардың әкiмш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетедi. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейiнгi Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Iле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбi қирап, бiржола жойылып кеткен. Италия елшiсi Плано Карпини Сырдария жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендердi кездестiргенiн жазды. Француз королi Людовик IХ-ның елшiсi Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Iле алқабы арқылы өткенде жазған күнделiгiнде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын, олардың көбiн мал жайылымына айналдыру үшiн татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етiлiп, тоналған қалалар — Түркiстан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 — 15 ғ-ларда Темiр мен оның iзбасарларының солт.-шығысқа жасаған жаугершiлiк жорықтарында бекiнiс қамалдары болып, одан кейiн қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының өмiрiнде маңызды рөл атқарды. 15 — 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңiнiң күрделi саяси оқиғалары жағдайында, жердi игеру барысында қазақтардың этн. аумағының қалыптасуы аяқталды.