Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізудің қағидалары
Қазақстанның қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі және маңызы.
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының жүйесі, оларды топтастыру. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының, қылмыстық іс жүргізудің кейбір сатыларының жалпы шарттарымен ара қатынасы. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларын жүзеге асырудың процессуалдық кепілдері.
Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуінің нақты қағидаларына сипаттама. Заңдылық. Сот әділдігін тек қана соттың ғана жүзеге асыруы.
Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, жеке адамның абыройы мен қадыр-қасиетін құрметтеу. Адамның жеке басына тиіспеушілік. Қылмыстық іс жүргізу барысында азаматтардың, құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Жеке азаматтардың өміріне, мекен-жайына және мүлкіне қол сұғуына жол бермеу. Сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздеріне жүзеге асыру. Судьялардың тәуелсіздігі. Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру. Істің мән-жайын жан-жақты , толық және объективті зерттеу. Дәлелдемелерді ішкі сезім бойынша бағалау. Сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету. Куәлік айғақтар беру міндетінен босату. Білікті заң көмегін алу құқысын қамтамасыз ету. Жариялылық. Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі. Қылмыстық іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.
Сонымен, қылмыстық процесс қағидалары қоғамдық және
мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен
орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін
және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және
нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы
ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет
қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен
міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер.
Қолданып жүрген Қазақстан Республикасының іс жүргізу
Кодексінде «қағида» ұғымы мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау
қағидаларға арналған. Бұрын қолданылып келген Қазақстан
Республикасының іс жүргізу Кодексінде тіпті «қағида» терминінің
болмауы қылмыстық іс жүргізу қүқығы қағидаларының мәнін түрліше талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз. Заңның ортақ арқауынан осы қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен
айқындады. Логикалық қателіктер түрлі үғымдардың (қағидалардың,
сот процесінің жалпы жағдайларының және т.т.) араласуына әкеліп
соғады. Бүл кемшілік, біздіңше, Қазақстан Республикасының іс
жүргізу Кодексінде қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларына
арналған жеке тарау енгізу жолымен түзелді (бүрын қолданылып
келген Қазақстан Республикасының іс жүргізу Кодексінде әдетте
қағидаларға қатысты нәрселер «Қылмыстық сот ісін жүргізе бастау
негіздері» деп аталған тарауда берілген еді). Қазақстан
Республикасының іс жүргізу Кодексінде қағидаларды орнықтырудың
қүқықтық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-
бабы болды, онда қылмыстық сот ісін жүргізу қағидалары нақты
регламенттелген.