Қазақстан Республикасы, спорт және дене тәрбиесі
Спорт және дене тәрбиесi. Қазақ халқының дене тәрбиесiне, оны шынықтыруға, ептiлiкке, денсаулықты, көңiл-күйдi көтеруге арналған осы кездегi дене тәрбиесi мен спорт нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесiне жарағандығын кейбiр археол. деректер дәлелдейдi. 1970 ж. Оңт. Қазақстан обл-нда б.з.б. 4 — 3 ғ-ларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол жылы Тараз қ-нан 30 км жерде археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретiн кездестiрдi. Түрiк қағандығы дәуiрiнде Қазақстан жерiнде көптеген қалалар салынып, мәдени орталықтар бой көтердi. Көне Таразда әншi-күйшiлер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа да күш
Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткiздi. Көгалдағы хоккейшiлер, допты хоккейшiлер, “Буревестник”, АДК волейболшылары, “Динамо” су добы командасы КСРО, Еуропа және дүние жүзi чемпиондары атанды. Аталмыш командалар құрамында М.Жексенбеков, С.Шаймерденов, С.Қалымбаев, Е.Құмарғалиев, С.Сексенбаев, Ю.Варзин, В.Бочков, В.Агуреев, О.Жарылғапов, М.Мәденов, З.Жәркешов, Ж.Сауранбаев, В.Кравченко, Е.Чебукина, О.Кривошеева, Н.Меңдiғалиев, Е.Аяпбергенов, А.Оразалинов, С.Котенко сынды спортшылар өнер көрсеттi.
Ұлттық спорт түрлерi де жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда қазақша күрес, тоғызқұмалақ, сайыс, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, жорға жарыс, атан жарыс, асық ату, бестас сияқты спорт түрiнен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өтiп тұрады. Тоғызқұмалақ ойыны Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында кейбiр мектептерде пән ретiнде оқытылады.